0 дауыс
Тұтынушылық несие деген не?
15.09.2015 3.1k қаралым

1 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Тұтыну несиесі – халыққа тұрғын үй, көлік құралдарын сатып алу, жолдамалардың, қымбат тұратын тұтыну тауарларының ақысын төлеу, т.б. үшін бөлінетін несие; несиеге тауарлар сатып алу әдісі.

Тұтыну несиесі жеке бастың тұтыну заттарын алуы үшін беріледі және оны беру кезінде тауарлардың құнын және несие үшін пайыздыбөліктеп төлеу көзделеді. Тұтыну несиесінде жеке тұлғалар қарызгер болып табылады, ал несие мекемелері де, кәсіпорын да несиегер болуға құқылы. Сатып алынған тауар соңғы бөлігі төленгенге дейін сатушының меншігі болып қалады, сөйтіп, тауар несиемен қамсыздандырылған болып табылады. Тұтыну несиесі ақшалай да, тауарлай да беріле береді: тауарлар несиеге сатып алынады немесе бөлшек саудада тауар құнының мерзімі ұзартылып, бөліп-бөліп төленеді; ақшалай несиені банктен тұтынушылық мақсатқа пайдалану үшін алады. Тұтыну несиесі бір жолғы өтеу немесе мерзімі ұзартылған төлем түрінде ресімделеді.
24.09.2015
127,956Сұрақ
322,865Жауап
153,167Пікір
72,970Қолданушы