+4 дауыс

Бір құрбым менің атыма несие алып беруімінді сұрған еді. Сосын екі айдан соң өзім жауып тастаймын деді. Көп ақша емес 70000-100000 мың шамасында! 

13.03.2014 1.2k қаралым

4 жауап

+2 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап

Немне бәле бәрің тас жүрек адамсыңдарма. әлде бұл өмірде адамның бәрі жаман адам деп ойлайсыңдарма? Өмір алма кезек деген сөз барғой, немесе адам досымен, ағаш тамырымен мықты деген. Досың болса қиналған кезде көмектесіп жіберсең, бір күндері сол жақсылығың досыңнан да, Алладан да қайтады. өзіңда білетін шығарсың беруге болатын адамба, болмайтын адамба? Егер жақын құрбың болса бере сал деп кеңес берем. өйткені қолыңнан келсе қыналған кезде достар бір біріне көмектесу керек, көмектеспесе онда ол несіне дос болғаны

13.03.2014
+1 дауыс

Қазіргі заманда ешкімге сеніп болмайды деп ойлаймын. Егер несие алып беретін болсаң кепілдікке қымбатырақ бір затын алу керек шығар.

13.03.2014
Нотариустан қағаз алып берем деген. Мен төлеймін, егер төлемеген жағдайда немесе кешіктірілсе сотқа беруге болады деген!
Оған сенсең алып беруіңе болады.
0 дауыс

Менің ойымша несиені біреуге беруге болмайды.Себебі ол сені алдап кетсе,ақшаның барлығы далаға кетті деген сөз.

13.03.2014
жақсы бермедім делік. Енді құрбыма не айтамын? Мен саған сенбеймін деймін бе?!
+1 дауыс

Несиені өз атыңыздан алып, барлығын аз уақыттың ішінде жауып тастаймын дегендерге алып берудің қажеті жоқ. Әсіресе, ол сіздің құрбыңыз. Жарайды, несие алып бердіңіз делік, оның осы ақшамен ниеттенген жоспары іске аспай жолы болмай қалып, өтей алмай қалатын жағдай туындар болса, оны сіз төлейтіндігіңізді жадыңызда ұстаңыз. Сол кезде ғана құрбыңызбен араңыздағы қатынастарыңыз алшақтайтыны сөзсіз. 

Сондай-ақ, құрбыңыздың сізден де жақын ата-анасы мен тумаластары бар емес пе?! 

Өзіңіздің ықылыстық танытпаған ісіңізге еш баруға борлмайды.

13.03.2014
жақсы! рахмет жауабыңызға!!
127,959Сұрақ
322,885Жауап
153,169Пікір
72,997Қолданушы