0 дауыс
6.3k көрілді
Автокөлікті кредитке алу керек болып тұр. Қалай алуға болады деп іздеп көрсем, миым ашып кетті. Қалай таңдасам болады?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Автонесие мақсатты қолдануға арналады, яғни оған тек қана алдын-ала таңдалған автокөлік құралын ғана сатып ала-аласыз. Несиеге алынған автокөлікті кепілзаты ретінде рәсімдеу несиелендірудің міндетті шарты болып табылады.

Қазіргі кезде банктердің көпшілігі автонесиелендірудің түрлі шарттарын ұсынады. Оларды қалай таңдау керек және несие рәсімдеу кезінде неге мән беру қажет?

Алдымен банкті немесе сақтандыру компаниясын таңдау туралы кеңес беретін автосалон менеджеріне қатты сенудің қажеті жоқ. Әдетте олар сіздің пайдаңыз үшін емес, өз қызығушылығы үшін жұмыс істейді. Өйткені көптеген банктер мен сақтандыру компаниялары әрбір клиент үшін автосалон қызметкеріне сыйақы төлейді.

Автокөлікті несиеге рәсімдеу үшін банкке емес, автосалонға барасыз. Автосалонда әдетте бірнеше банктің өкілі отырады. Олардың әрқайсысына барып, автонесиелендіру шарттарымен танысыңыз. Бәрін қағазға мұқият жазып алыңыз. Оны үйге келіп, салыстырып көріңіз. Сосын автонесиелендіруді ұсынатын банктердің сайттарына кіріп алған ақпаратты нақтылап алыңыз, құрақтар болса банктің кол-орталықтарына хабарласып көріңіз. Барлығымен танысқан соң, өзіңізге қолайлы шартты таңдаңыз.

Автокөлік салондары кейде банктермен өзара акциялар өткізіп, арнайы ұсыныстар жасайды. Егер осындай акцияларға тап болсаңыз, қуана беріңіз. Жалпы автосалоннан жаңа автокөлікті артық төлемсіз, бөліп төлеу шартымен алуға болады.

Есте сақтаңыз, банктер пайызсыз несие бермейді. Бұған «Банктер және банк қызметі туралы» заңмен тиым салынған. Банктер тек  белгілі бір сыйақы ставкасымен ақша бере алады. Мысалы: автонесиелендіру кезінде автосалонның белгілі бір банкпен бірге автокөлікті бөліп төлеу шартымен сатып алу туралы ұсынысы осы шарт аясында жасалады. Яғни, автокөліктің 50 пайызын алдын-ала төлесеңіз, қалған жартысын 12  немесе 18 айға бөліп төлейсіз. Мұндай шарттар тек банк пен автодилердің өзара келісімінен болатын нәрсе. Бұл әрине сіз үшін маңызды емес, сізге банк қаражатын қолданып артық төлем жасамасаңыз болды емес па?

Банкті таңдаған соң, автосалонға барып, таңдаған көлігіңізді рәсімдеңіз.
...