+2 дауыс
2.0k көрілді

Әрине, ертеңгі күні нан бағасы бірден екі есеге көтеріліп кетсе, оған ешкім таң қала қоймас. Ірі мұнай өндіруші болсақ та, бензин бағасын көтердік. Ірі бидай экспорттаушы ел болсақ та, нан бағасын көтерсек, онда тұрған не бар?.. Оның да бағасын нарық белгілесін. Онсыз да Еуропада нан өнімдерінің бағасы біздегіден бірнеше есе жоғары. Нарық деген сол, бізде қымбат бағада нан сатып алғың келмей ме, онда өндірушілер өнімдерін Еуропаға апарып сатады...

нан бағасы, нан сурет

Нанды ас атасына балаймыз. Сондықтан, нан бағасы сәл көтерілсе болғаны, халық бірден шулай жөнеледі. Өйткені, күніміз күрішсіз де, картопсыз да, қызанақсыз да өтуі мүмкін, ал нансыз дастарханды ешкім көзіне елестете алмайды. Нан бағасының межесін Үкімет белгілеп, реттеп отырмаса да, жергілікті атқарушы билік бұл мәселеге көз жұмып қарап отыра алмайды. Ұн бағасы көтерілгеннен әкімдер наубайханашылармен мәмілеге келуге тырысады. Мемлекеттік көмек, субсидия беру арқылы нан өнімдерінің бағасын шарықтатпауға тырысады.

2 жауап

0 дауыс
нан бағасы 100теңгеге диін көтерілетінін естідім. халықпен бірдей болармыз деп, бірақ біздің қазақ ештеңке істей қоймас оған.
+1 дауыс

ЖЕРДЕН НАН КӨРСЕҢ − КӨТЕР,  БАҒАСЫН КӨТЕРМЕ!.

Құрметті, сұрақ қоюшы әріптес, ең алдымен осы сұрақты қойғаныңыз үшін Сізге рахмет. Өсер бала халықтың қамын ойлай бастайды! Сондықтан Сіздің сұраққа қалайда жауап берілуі тиіс деп ойлаймын...

- Соңғы дағдарыс халықтың күнкөріс деңгейінің төмендеуіне алып келді. Ал теңгенің құлауы - бағаның жаппай өсуіне жол ашты. Соның бірі нан болып тұр. Нан – күнделікті тұтынатын қорек болғандықтан, оның қымбаттауы әлеуметтік күйзеліс туғызады. Бірақ, ауыл шаруашылығы министрі Мамытбеков «нан ысырап болуда» деген себепті алға тартып, нан бағасын көтеруді сұрап отыр. Бірақ, ол қаншалықты шындыққа сай? Бірақ, алдымен, қазақ үшін нанның орны қандай екенін анықтап алайық:

Қазақта нан туралы сөз болғанда, оның қазақы ұғымға сай екі мағынасы бар: алғашқысы – нанның азық-түлік ретіндегі мағынасы. Екіншісі – оның «тіршілік көзі» ретіндегі сакральды мағынасы. Алғашқы мағынасында «нан» −  әрине, нарықтағы (базар саудасындағы) көп тауардың бірі ғана. Ендеше, базар заңы бойынша оның бағасының көтерілуі аса қатты дүрбелең тудыра қоймаса керек-ті. Бірақ,  «бензин қымбаттады», «ет қымбаттады» және басқа бір тауар түрі қымбаттады дегенде аса бір қиналыс таныта қоймайтын жұрт, не себептен, «нан қымбаттауын» жүрегіне жақын қабылдайды? Неге сабырлылық танытпайды? : Мәселен, қазір оның қымбаттауын «нан ысырап болып жатыр» деп ақтағылары келді. Яғни, олай деп айтқанда нанның категориялық мағынасы ескерілмейді - нан «қымбаттап жатқан көп тауардың» бірі ғана! Ал халықтың санасы «нан» ұғымын басқаша қабылдайды: мысалы, адам қолына нан ұстап ант берсе − ол орындалуы міндетті ант саналады. Жазатайым ант бұзылса – оны бұзған қатаң жазаға тап болады. Яғни, «нан» ұғымы қазақ түсінігінде аса қадірлі және киелі мағынаға ие!. Ендеше, оны базар саудасындағы көп тауардың біріне теңей салу дұрыс емес. Ол қазақ санасына симайды, күнә... Олай етсек, ол қоғамда міндетті түрде наразылық туады...

Әрине, «нанның ысырап болуына» алаңдау дұрыс. Бірақ ол «ысырапты» нанның арзан екендігімен байланыстыруы – дұрыс емес. Шын мәнісінде, ысырап нанның арзандығынан емес, нанды халыққа тарату мәдениетінің төмендігінен орын алып отыр. Мысалы, біздегі нан зауыттары баяғыдан қалыптасқан өндіріс түрінен айнығылары келмейді − нан бір қалыптан шығады. Ал, оны әр көлемде ұсыну –ысырапты шектер еді. Мысалы, Араб Әмірлігінде бұл тәсіл жолға қойылған − нан неше түрлі формалары да сөреде тұрады. Әркім өз қажетіне қарай алады. Ал бізде − жесең де, жемесең де – бір бөлке нан аласың! Мысалы, қонақүйде таңертең май жағып жеуге бір тілім нан керек. Бірақ, бір тілімнің орнына сіз дүкеннен бір бөлке нан сатып алуға мәжбүрсіз...

Ендеше, қазіргі нан қымбаттауын бағасын өсірумен емес, халыққа «нанды тұтыну" мәдениетін насихаттаудан бастау керек. Егер "нан ысырабы" тоқтамаса - оның басқа да себептерін анықтау қажет. Яғни, үкіметке нан мәселесін халықтың дәстүрімен, нан туралы ұғымымен үйлестіре жүргізгені дұрыс болар еді.  Олай болмаған жағдайда, нан қымбаттасын-қымбаттамасын −  ысырап жалғаса беретіні айдын анық нәрсе!

Қазақстан бай мемлекет. Бұл мемлекеттің өз жастарын тегін оқытуға,  арзан жанар-жағармаймен қамтамасыз етуге, тіптен, халқын арзан нанмен тойындыруға да толық шамасы жетер еді! Әттең, осыған дейін оған қол жеткізе алмай келеміз....  Бірақ, соған қарамастан, Қазақстанның нан өндірісін дотациялап отыруға әлі де толық мүмкіндігі бар. Осы мәселені депутаттардың есіне үнемі салып отыру керек. Дегенмен, мына дағдарыс кезінде қымбаттамайтын тауар не қызмет түрі болмайтын сияқты. Яғни, нан да қымбаттайды. Бірақ басқа тауарлар сияқты емес, ол қымбаттау үнемі үкіметтің назарында болатындықтан - өндірушілердің "өзім білемдігіне" мұнда жол берілмейді деп ойлаймын. ..

Сізге құрметпен Әбдірашит Бәкірұлы (kala55@mail.ru)

...