Кәсіпкер ағамның аузынан аккредитив деген нәрсені естіп қалдым. Ол не нәрсе?

+1 дауыс
485 қаралым
Кәсіпкер ағамның аузынан аккредитив деген нәрсені естіп қалдым. Ол не нәрсе?
Банк

2 жауап

0 дауыс
Аккредитив (лат. аccredіtіvus – сенімділік) – Банк есебінің бір түрі. Төлеушінің тапсырмасы бойынша банкте ашылады. Қолма-қол ақшасыз есептеудің түрі ретінде аккредитив халықаралық коммерциялық операциялар бойынша есеп айырысуға және ұйымдар арасындағы төлемдерді жүзеге асыруға қолданылады.

Жеке тұлғаның банктен ақша алу құқығын растайтын бағалы қағаз. Бұл жағдайда аккредитивте ақша алушының аты-жөні мен берілетін ақшаның мөлшері анық көрсетіледі. Есеп айырысу жөніндегі банктер арасындағы келісімдерге сәйкес аккредитивте көрсетілген ақшаны тиісті банк қолма-қол төлеуге міндетті. Аккредитив түрлері: ақша және тауар түрінде болады. Ақша түріндегі аккредитивті қызмет бабымен, саяхатқа шетелге шыққан, не ел ішінде жүрген адамдар кеңінен пайдаланады. Тауарлық аккредитив негізінде халықаралық саудадан сатып алушы мен тауар жеткізушінің арасында есеп жүргізгенде қолданылады.[1]
Аккредитивтердің қайтарылмалы (аккредитив жұмыс істеген кезеңде аккредитивті ашқан фирма оның күшін жоя алады) және қайтарылымсыз (эмитент банктің қатаң міндеттемесі беріледі), расталған (яғни оны ашқан банк кепілдік берген) және расталмаған (импорттаушының тапсырмасымен экспортгаушының банкінде ашылады, бұл орайда аккредитивтерді төлеу жөніндегі жауапкершілік импорттаушы банкінің ғана мойнында болады), револьверлік (лимиттің жалпы сомасы мен оның күшінде болу мерзімі ауқымына пайдаланылуына сәйкес өздігінен толықтырылып отырады), аудармалы (өзге тұлғалар толығынан немесе ішінара пайдалана алады).
0 дауыс
колма колсыз есеп айырысудын тури
127,680 сұрақ
322,223 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы