0 дауыс
6.8k көрілді
Кітап-асыл қазына тақырыбында эссе жазу?

3 жауап

0 дауыс
кітап асыл қазын кітаптың рухани байлығы өте мол
0 дауыс
Адамзаттың ұлы байлығының бірі – кітап. Ол – адамның көп ғасырлық ақыл-ойының жемісі. Кітапты талғап та таңдап оқи алу, оны терең түсіну, содан алған әсерді қажетке жарату – әркімнің білік-білімін, пайым-парасатын айқындайтын алғышарттардың бірі де бірегейі. Кітап – қазына және оқырманның асып-тасымайтын асыл досы. Өйткені, онымен шын «дос» болған кісінің ой-өрісі кең, сөз мәдениеті жоғары болары сөзсіз.
0 дауыс
Дана халқымыз «Кітап - алтын қазына» десе, ал кітапхананы өз басым іші қазынаға толы алтын сандыққа теңер едім. Бізді білім нәрімен сусындататын ғалым, тілсіз мұғалім – осы кітап. Тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың қоғамда алар орны орасан зор.

Кітап адам өмірінде, әсіресе өскелең ұрпақтың өмірінде ерекше орын алады. Кітапсыз, еш білімсіз күніміз қараң болатын еді. Кітап оқу арқылы біз білімімізді шыңдап, сөздік қорымыз бен ой – өрісімізді кеңейтеміз. Сонымен қатар түрлі жанрдағы кітап оқу елді, жерді сүюге, талапты,кішіпейіл болуға, мейірімді, әрі төзімді болуға баулиды. Кітап біздің рухани жан азығымыз.

Кітап сонымен бірге ақпарат пен техника дәуірі, жаңа технологиялардың заманында да бірден-бір білім беруші құрал ретінде қала береді. Кітап ғаламтордан уақыт тұрғысынан алғанда ұтылуы мүмкін, бірақ адамға дайын ақпараттарды ұсынушы емес, терең сезімге, өзіндік ойлауға үйрете отырып, білім береді. Адамды ізденімпаздыққа жетелейді, ой-өрісін ұштайды.
...