0 дауыс
2.4k көрілді
Ахмет Байтұрсынұлы өмір жолы немесе шығармашылығы, туындыларының біріне талдау

1 жауап

+1 дауыс
Ахмет Байтұрсынұлы қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек ауылында – 8.12.1938 жылы дүниеге келген. Ол қазақ халқының 20- ғасырдың басындағы ұлт- азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы. Ата-тегі: Аманжол – Шақшақ – Көмей – Қалқаман – Байсейіт – Үмбетей – Аралбай – Таңбай – Шошақ – Байтұрсын. Байтұрсыновтың атасы Шошақ мінезі салмақты, шындықты бетке айтатын, ақылды адам болған. Ол немересі Ахмет өмірге келгенде сүйінші сұрап барған кісілерге бір ат, бір түйеден мінгізіп, ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Ахметті Ерғазы Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1981 жылы бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895 жылдан 1909 жылға дейін Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі орыс- қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін арқарады. Байтұрсыновтың саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылға тұс келеді. Қазақ елінің азаттық қозғалысы тарихында Байтұрсынов редаакторлық жасаған «Қазақ» газетінің алатын орны ерекше. Осы тарихи кезеңдегі қазақ өмірінің бірде – бір өзекті мәселесі, елеулі оқиғасы бұл басылымның назарынан тыс қалған жоқ. Сөз өнері жайында жазылған әлемдік ғылымның ең үздік үлгілерін пайдалана отырып, әдебиеттанудағы ұғым, термин, категориялардың соны ұлттық үлгілерін жасады. Ахмет Байтұрсынұлының шығармалары Байтұрсынов «Әдебиет танытқашымен» қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салды. Көркемдігі айрықша «Ер Сайын» жыры мен қазақ тарихының төрт жүз жылын қамтитын «23 жоқтау » жинағын кітап етіп шығарды. Халық мұрасына үлкен жанашырлықпен қараған Байтұрсынов «әдебиет тіліне негіз етіп ел ауызындағы тіл алынбаса, оның адасып кететіндігін» айтты. Байтұрсынов – қазақ кәсіби журналистикасын қалыптастырған ірі қайраткер. Ол тұңғыш төл грамматикасының терминдерін қалыптастырды. Мысалы, зат есім, сын, етістік, есімдік, одағай, үстеу, бастауыш, баяндауыш, пысықтауыш, шылау, сөз таптары, сөйлем, қаратпа сөз, т.б. жүздеген ұлттық терминдерді түзді. Қалайда халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын айналып келгенде, ұлы Абай тапқан соқпақ, орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне мойынсынады. Бұрынғы ескі- ертегі, химия үлгілері емес, енді жаңа өлеңдік форма мысал арқылы, көшпелі елдің жақсы білетін стихиясы – жан-жануар өмірінен алынған шығармалар арқылы әлеуметтік ойға ықпал ету мақсатымен Иван Андреевич Крылов туындыларын аударып, “Қырық мысал” деген атпен 1909 жылы Петербургтен бастырып шығарды. Бір жағынан қызықты форма, екінші жағынан ұғымды идея, үшінші жағынан, қазақ тұрмысына ет-жақын суреттер ұласа келіп, бұл өлеңдерді халықтың төл дүниесіндей етіп жіберді. Жүк алды шаян, шортан, аққу бір күн, Жегіліп тартты үшеуі дүркін- дүркін, Тартады аққу көкке, шаян кейін Жұлқиды суға қарай шортан шіркін. Аудармада мін жоқ, мүдірмей, тұтықпай, есіліп-төгіліп тұр. Ендігі кезең оқырманына қатысты жаңа ой, соны пікір, толғаулы сөзді ақын өз жанынан қосады. Жігіттер мұнан ғибрат алмай болмас. Әуелі бірлік керек болса жолдас. Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей Істеген ынтымақсыз ісің оңбас, — деп елді тұтастық, ынтымақ жалауының астына шақырады. Елдің азып-тозуына байланысты сарындарды Ахмет Байтұрсынов жұмбақтап, тұспалдап жеткізеді, кейде ашық, дәл айтылатын ойлар да бар: Қасқырдың зорлық болды еткен ісі. Ойлаймын оны мақтар шықпас кісі Нашарды талай адам талап жеп жүр Бөріден артық дейміз оның ісін. Алуан-алуан ойға жетелейтін “Қайырымды түлкі”, “Ала қойлар”, “Үлес”, “Қартайған арыстан”, “Өгіз бен бақа”, “Қайыршы мен қыдыр”, “Ат пен есек” мысалдарында әлеуметтік-қоғамдық жағдайларды мегзейтін оқиғалар, адамдар психологиясымен сарындас әуездер, тағылымды, ғибратты тұжырымдар мол орын алған. Аудармашы негізгі түпнұсқа тексіне орайластырып, көркем ойға ой, суретке сурет қосып, пікірді ұштап, жаңа сарын - әуез қосып отырады. “Қартайған арыстан” мысалына: Бақ қонса, сыйлар алаш ағайын да, Келе алмас жаман батып маңайыңа. Басыңның бақыт құсы ұшқан күні Құл-құтан басынады, малайың да, — деген жалғасты түйін жасайды. Бірнеше кісі тіл таба алмай, берекесі кетіп, өртке шалдығып, үлестен құр қалады. Осы “Үлес” өлеңінің түйінінде ақын өз позициясын ашық көрсетіп: Ойласақ оқиға емес болмайтұғын, Ел қайда өзін жаудан қорғайтұғын. Қазіргі пайдасына бәрі жетік, Адам аз алдын қарап болжайтұғын. Аңдыған бірін-бірі жаудан жаман Байқасақ ел белгісі оңбайтұғын. Бұл белгі табылып жүр біздің жұрттан Таласып бір-бірінің жүзін жыртқан. Алданып арқадағы дау-шарына Кәтерден кәпері жоқ, келер сырттан, — деп терең маңызы бар әлеуметтік ой толғайды. Мысал жанрының қазақ әдебиетіне бойлап ену құбылысы әлемдік көркемдік дәстүрлердің типологиялық ұқсастығын көрсетеді. “Дала уалаяты” газетінде 1894 жылы 14 тамызда И.Крыловтың “Инелік пен құмырсқа” (аударған А.Құрманбаев) мысалының жариялануы – қазақ әдебиеті үшін жаңа бір арнаның басы еді. Крыловтан Абай – 14, Спандияр Көбеев – 37, Бекет Өтетілеуов – 12 мысал аударған. Бір мысалдың бірнеше рет аударылғаны да бар. Мәселен: “Аққу, шортан һәм шаян”, “Ат пен есек”, “Қасқыр мен тырна”, “Шал мен ажал (өлім)”, “Айна мен маймыл”, “Маймыл мен көзілдірік” мысалдарын Ахмет Байтұрсынов та, Спандияр Көбеев те аударған. “Ала қойлар”, “Есек пен қамыс (шілік)”, “Бақа мен өгіз” мысалдарының Абай нұсқасы да, Ахмет нұсқасы да бар. Ы
...