0 дауыс
1.6k көрілді
Тарихта болған агрессия терминіне мысал керек?

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Бір мемлекеттің қандай да бір мемлекетке күш көрсетуі, тәуелсіздігінен айыру, жерін басып алу. Мысалы АҚШ-тың Ауғанстанға көрсеткен агрессиясы, жерін басып алып сол жерге есірткі саудаларын өсіруі, күш көрсетуі.

Агрессиялық іс-әрекет — соғысты жариялауға байланыссыз төмендегі қимылдар: бір мемлекет қарулы күштерінің басқа мемлекеттің аумағына басып кіруі, шабуыл жасауы, әскери басқыншылық жасауы немесе басқа мемлекеттің аумағын не оның бір бөлігін күш қолданып қосып алуы; бір мемлекеттің басқа мемлекеттің аумағын бомбалауы немесе оған қарсы қандай да болсын қару қолдануы; бір мемлекеттің қарулы күштерінің басқа мемлекеттің кеме тұрақтарын немесе жағалау өңірін қоршауы; бір мемлекеттің қарулы күштерінің басқа мемлекеттің құрлық, теңіз немесе әуе әскерлеріне шабуыл жасауы; келісім бойынша басқа мемлекеттің аумағына орналасқан бір мемлекеттің өз қарулы күштерін келісімнің шарттарын бұза отырып қолдануы немесе келісім әрекеті аяқталған соң оларды сол аумақта қалдыруы; бір мемлекеттің өз аумағын басқа мемлекетке оның үшінші мемлекетке қарсы агрессиялық іс-әрекет жасау үшін жалға беруіагрессиялық іс-әрекет. Бұларға қоса БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі әрбір нақты жағдайдың агрессиялық іс-әрекет болып табылатынын анықтайды.

 

Агрессивтік мінез-құлық-(лат.aggressio- қаз.шабуыл жасау)- адам әрекетінің ерекше формасы,мұндай мінез құлық субъекттің нұқсан келтіру мақсатымен өзінен басқа адамға немесе адамдар тобына өз артықшылығын білдіріп, қыр көрсетуі немесе күш қолдануға тырысуымен сипатталады. Агрессивтік мінез-құлық қарқындылығы мен пайда болу дәрежесі бойынша : жеккөрушілік, жақтырмаушылықтан - тіл тигізуге ("вербалдық агрессия") және дөрекі түрде күш қолдануға ("физикалық агрессия") дейін түрленеді. Әллеуметтік психологиялық тұрғыдан келгенде: жекелеген адамдардың агрессивті мінез-құлықтары жиынтығының, бұқаралық сипаттағы құбылық ұғымының шеңберіндегі тұлғаралық агрессияның топтық агрессияға айналуының мәні бар.
0 дауыс

Агрессия, Агрессивный - қазақша баламасы қатігез деп аталды

...