Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де, біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.
«Отбасы шағын мемлекет» демекші, біз, айрандай ұйыған, тату- тәтті, бірлікте өмір сүріп жатқан қарапайым қазақ отбасыларының біріміз.
«Әке- асқар тау,
Ана- етегіндегі бұлақ,
Бала- жағасындағы құрақ» -, деп тегін айтылмаған болар. Ата-анасын, аға-сіңілілерін сыйлай білген, жақындарына жақсылық тілеген адам, менің ойымша, болашақта ізгі ниеті арқылы еліне, оның дамуына көп септігін тигізетіне күмәнданбаймын.
Еркелігімізді көтеріп, жасаған қателігімізді түсініп, кешіре білген, ақыл-кеңесін аямайтын, осы дүниенің тек тәтті тұстарын көрсетуден, жақсылыққа итермелеуден жалықпайтын, ол әрине әке -шешеміз.
"Отбасым -мақтанышым" дегенде, ең бірінші ата-анамды айтар едім. Ата-анам балалары үшін жақсылықтың жаршысы бола білді. «Жақсы әке балаға 40 жыл азық»-, дегендей, балалары «менің әкем», «менің анам» деп үлгі тұтып, мақтаныш етіп, ата – ана «міне, менің балам» -,деп отырса ,бұл отбасы мақтанышы болып есептеледі.
Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбиелеу міндеті, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі – баланы өмірге әкелу ғана емес, сонымен бірге, оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни балаларды қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру, әке-шешенің ең маңызды міндеті.
Ата-ананың, басқа да отбасы мүшелерінің өмір сүру тәжірибесі, жүріс-тұрысы, өз міндеттерін таза атқару, бір-бірін құрметтеп сыйлауы – бәрі де үлкен мектеп, тәрбиелік мәселе.
Қазақ халқының отбасы тәрбиесіндегі өзіне тән жарасымдылықтың бір ұшы олардың жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде деп есептемейміз. Және қазақ отбасындағы бала тәрбиесін ұл тәрбиесі, қыз тәрбиесі деп жеке- жеке мән беріп қарастыруы оның өзіндік ерекшеліктерінің ішіндегі маңыздыларының бірі.
Үлкенді құрметтеу -отбасы мүшелерінің бір-бірінің тәрбиесінде жауапкершілік, борыштылық, адамгершілік сезімдерін туғызған.
Ой қорытындысы, «Отбасының жемісі – тәрбиелі ұл мен қызы» деген, мақтан етер ұрпағымыз көбейсін. Ұрпағына мақтаныш болар қазыналы қарттарымыз көп болғай. Қазақтың әр отбасының керегесі кең, шаңырағы берік, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
http://martebe.kz/otbasy-ulttyn-tiregi/
P.S: арасына өз отбасын жайлы, өз атыннан бірер сөйлем қосқаның дұрыс.