0 дауыс
39.5k көрілді
Төрт түлікке қатысты өлеңдер тауып бере аласыздарма 8-9 сыныпқа арналған

2 жауап

0 дауыс

1. ТҮЙЕ

– Төрт түліктің біріміз,

Түйе деген түріміз.

Желеп-жебеп жүретін

«Ойсылқара» –

Піріміз.

Ерте кезден,

Мұқымнан,

Адамға бас тұқырған,

Небір күшті

Атандар

Шыққан біздің тұқымнан.

Біз атқарып жатқан іс –

Өзімізге

Мақтаныш.

Пайдалы боп халыққа,

Өстіп жөнін тапқамыз…

2. ЖЫЛҚЫ

– Төрт түліктің біріміз,

Жылқы деген түріміз.

Желеп-жебеп жүретін

«Қамбар ата» –

Піріміз.

О заманнан,

Мұқымнан,

Оза шауып жұтынған,

Небір жүйрік,

Сайгүлік

Шыққан біздің тұқымнан.

3. СИЫР

– Төрт түліктің біріміз,

Сиыр деген түріміз.

Желеп-жебеп жүретін

«Зеңгібаба» –

Піріміз.

Баяғыдан,

Мұқымнан,

Сүтін ішіп тұтынған,

Небір сауын сиырлар

Шыққан біздің тұқымнан.

Жадыңызға сақтаңыз,

Сиырға сол –

Мақтаныш.

Халыққа өте керегі,

Біз атқарып жатқан іс…

4. ҚОЙ

– Төрт түліктің біріміз,

Қой деген біз түріміз.

Желеп-жебеп жүретін

«Қамбар ата» –

Піріміз.

Сонау шақтан,

Мұқымнан,

«Папаха» жасап тұтынған,

Елтіріні Кавказда

Алар біздің тұқымнан.

Ескен ЕЛУБАЕВ

http://zhasorken.kz/?tag=%D1%82%D3%A9%D1%80%D1%82-%D1%82%D2%AF%D0%BB%D1%96%D0%BA-%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B-%D3%A9%D0%BB%D0%B5%D2%A3%D0%B4%D0%B5%D1%80

0 дауыс
Менің жауабым бұл төрт-түлікке байланысты өлең-жырлар тамаша
...