Төрт түлікке қатысты өлеңдер

0 дауыс
41.5k қаралым
Төрт түлікке қатысты өлеңдер тауып бере аласыздарма 8-9 сыныпқа арналған
• Санаты: Мектеп | 41.5k қаралым

3 жауап

0 дауыс

1. ТҮЙЕ

– Төрт түліктің біріміз,

Түйе деген түріміз.

Желеп-жебеп жүретін

«Ойсылқара» –

Піріміз.

Ерте кезден,

Мұқымнан,

Адамға бас тұқырған,

Небір күшті

Атандар

Шыққан біздің тұқымнан.

Біз атқарып жатқан іс –

Өзімізге

Мақтаныш.

Пайдалы боп халыққа,

Өстіп жөнін тапқамыз…

2. ЖЫЛҚЫ

– Төрт түліктің біріміз,

Жылқы деген түріміз.

Желеп-жебеп жүретін

«Қамбар ата» –

Піріміз.

О заманнан,

Мұқымнан,

Оза шауып жұтынған,

Небір жүйрік,

Сайгүлік

Шыққан біздің тұқымнан.

3. СИЫР

– Төрт түліктің біріміз,

Сиыр деген түріміз.

Желеп-жебеп жүретін

«Зеңгібаба» –

Піріміз.

Баяғыдан,

Мұқымнан,

Сүтін ішіп тұтынған,

Небір сауын сиырлар

Шыққан біздің тұқымнан.

Жадыңызға сақтаңыз,

Сиырға сол –

Мақтаныш.

Халыққа өте керегі,

Біз атқарып жатқан іс…

4. ҚОЙ

– Төрт түліктің біріміз,

Қой деген біз түріміз.

Желеп-жебеп жүретін

«Қамбар ата» –

Піріміз.

Сонау шақтан,

Мұқымнан,

«Папаха» жасап тұтынған,

Елтіріні Кавказда

Алар біздің тұқымнан.

Ескен ЕЛУБАЕВ

http://zhasorken.kz/?tag=%D1%82%D3%A9%D1%80%D1%82-%D1%82%D2%AF%D0%BB%D1%96%D0%BA-%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B-%D3%A9%D0%BB%D0%B5%D2%A3%D0%B4%D0%B5%D1%80

0 дауыс
Менің жауабым бұл төрт-түлікке байланысты өлең-жырлар тамаша
0 дауыс
Жылқының пірі, Қамбар ата

Қойдың пірі, Шопан ата

Ешкінің пірі, Шекшет ата

Сиырдың пірі,  Зеңгі баба

Түйенің пірі, Ойсыл қара

Сол төрт түлкі пірілердің,
Өзінің иесі бар болған.

Ұқсас сұрақтар

127,937 сұрақ
322,808 жауап
153,169 пікір
72,928 қолданушы