Танитын адамдарыңызбен ғана амандасасыз ба?

+2 дауыс
552 қаралым
Танитын адамдарыңызбен ғана амандасасыз ба?
• Санаты: Өмір, Тіршілік

4 жауап

0 дауыс
Жақсы жауап
Неге?Танымайтын адамдармен де амандасамын.Мысалы қалада дүкенге,сауда орталықтарындағы бір бутиктерге кіргенде немесе көшедегі адамнан бірдеңе сұрамас бұрын "Сәлеметсіз бе"-деп амандасамын.Ал ауылда жүргенде амандаса беремін алдымнан үлкен кісі шықса болды!)
Ауылда шынында да амандаса бересің бəрімен )))
0 дауыс
Танымайтын үлкен кісілермен амандасып жүремін.
0 дауыс
Менде танымайтын әкем қаталас адамдармен амандасып жүрем.
0 дауыс
"Алыстан алты жасар бала келгенде, алпыстағы қария сәлем берер"-, демекші сәлем беру, амандасу ол қазақтықтың, тәрбиеліктің белгісі. Өз басым әрқашан үлкенді-кішілі таныс адамдармен хал сұрасып жүремін. Бейтаныс адамдардан тек  ақжаулықты апаларымыз, ақсақалды аталарымызбен амандасамын.  "Қарттар біздің қазынамыз", сондықтан, олардың жасын,басын сыйлауымыз керек. Бұл көшедегі, сырттағы жағдайда . Ал егер бір жерде, бір дастархан басындағы адамдар болса, барлығымен амандасамын.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
127,754 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,778 қолданушы