+2 дауыс
950 көрілді
сұрағым осы

16 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Кез-келген адамға сәлем бермегеніммен алдымнан шыққан адамға өзiмдi сәлем беруге міндетті сияқты сезінемін) Адам іздеп, сәлем беруді айтып тұрған жоқпын әрине) Сәлем беру арқылы таныс тамырыңды ұлғайтасың(а ол болашақта керек) сәлемнің ұяты, артықшылығы жоқ деп ойлайм. Кей кезде 2 рет сәлем беріп қоятыным бар). Сәлем бергенде кей кезде сәлеміңді алмайтын адамдарда бар :((((. Оған 2інші рет сәлем берудің қажеті жоқ(ойымша) Пайғамбарымыз айтқан ...егер сәлем бергенде сәлемді алмайтын болса, онда ол күнәхар... деп.рахмет
РаХмеТ.АттАсС :))
0 дауыс
тек таныстарма көрген білген адамдарға
+2 дауыс
Жалпы сәлемнің зияны жоқ, қайта қайта салем берсең де ол зиян емес, Мұхаммед Пайғамбарымыз өзінен кіші адамдарға, тіпті кішкентай балаларға қол созып амандасқан деседі. Бірақ қазіргі заманда әркімге салем бере-берсең жынды адамша боп қаласың!!!
иә дұрыс айтасың,тек танымайтын әжейлерге,ардагерлерге сәлемінді аямау керек!
0 дауыс
Таныстарыма ғана берем, себебі бұрында танымайтын адамдарға жалпылдап беріп жүргем, олар амандасқанды алмады, сол үшін мен қазір жақсы танып аралысатындарға ғана берем. Бірақ адамның күні адаммен ғо!!!
0 дауыс
Кез келген адаммен амандаспаймын, тек қана танитын, жақын білетін адамдарға ғана сәлем беремін. Қалай кез келген адаммен амандасуға болады? Меніңше ол мүмкін емес, өйткені күніне қаншама жүздеген адам көреміз, оның бәріне сәлем беру деген көзге елестете алмайтын нәрсе. Оның үстіне танымайтын адам сенің сәлеміңді дұрыс қабыл алады ма?
дұрыс қабыл алғанын қайтесің,сенің міндетін тек сәлем беру,ал қалғаны ана "на его совесть"дейді ғой орыстар
+1 дауыс
Таныстарыма, Көріп біліп жүрген адамдарға ғана сәлемімді беремін,сәлем-сөздің анасы демекші,амандасу ең бірінші орындағы-қағидам!
0 дауыс
"Сәлем-сөздiң атасы"дегендей сәлемдi кез-келген адамға берген дұрыс.Өйткенi сәлем сөзi арабтың Алланың нұры жаусын дегенмен типтес.
+1 дауыс
МЕН , таныстарыма да , туыстарыма да , көріп жүрген адамдарыма даа , кез-келген өтіп бара жатқан адамға да "СӘЛЕМ" беремін ...
Мынау,танымайтын АДАМ екен деп өтіп кете алмаймын...
Шыныменде ке3–келген адамға сәлем бересін бе...?
Иә даа ) Әрине ...
Белгісіз
0 дауыс
Озім танитындарға
0 дауыс
Таныстарыма, Көріп біліп жүрген адамдарға
+1 дауыс
Сәлем бергеннен ешкімнің ештенесі кетпейді,түсіп қалмайды,мен көбінесе таныс емес әжелерге көп сәлем берем!және әрине танитындардың барлығына.Бірақ бір адам менің көңілімнен шықпай қалды ма,ол мұғалім болсын үлкен кісі болсын,мен одан сәлемімді АЯЙМЫН!сәлем беруге тұрмайды деп ойлаймын
0 дауыс
Иә сосын адамның сәлем бергеніне қарап оны бағалауға да болады дейді
0 дауыс
ЖаУаПтАрЫңА рАхМеТ
0 дауыс
2-ші рет көрген адамдармен амандасам.
0 дауыс
Ең бірінші таныс адамдармен сәлемдесеміз әрине, сосын бір жерге шаруамен барғанда сонда отырған адамдармен, бірінші рет көріскендегіні айтамын, сосын бір адамды екінші немесе үшінші рет көрген соң амандаса берем. Кей адамдармен бірнеше рет амандасып тастаймын, қазақ көрген сайын амандасуымыз керек ди салам. Жалпы, сәлемді адам алмаса да, оның періштелері қабыл алады-мыс. Дұрыс, сәлем сөздің анасы, сәлемнен кейін адамдар бір бірімен байланыс орнатуға ниет ететін көрінеді.

Ұқсас сұрақтар

...