Ұбт-да ағылшын пәнін таңдап мемлекеттік грантқа ие болу өте қиын. Егер сіз "Алтын Белгі" иегері болсаныз, жараныз азда болса жеңілдейді. Мысалы,"Халықаралық қатынастар" мамандығына грант шектеулі бөлінеді, ал тапсыратындар көп, олардың басым бөлігі АБ иегерлері, автономиялық оқу орындарының түлектері, олимпиада жеңімпаздары. Дегенмен, олардың өздері құр алақан қалулары ғажап емес. Грантқа түсу мүмкіндігі бар. Бастысы балынызға қарай оқу орнын және мамандықты дұрыс таңдай білген абзал. Бұлай айтатыным, осы жылы талай АБ-лерде, жеңімпаздарда жер сипап қалған еді. Ұбт-дан шамамен орыс тілінсіз 90-100 балл алсаныз гранттан үміттенуге болады. Негізі конкурс ҰБТ-ның нәтижесіне байланысты. Сондықтан, нақты осылай деп кесіп айтуға болмас. Қосымша мәлімет ретінде осы жылғы, алдыңғы жылғы грант иегерлерінің тізімін қарап , зерттеп шығыңыз. Қай оқу орнына, қай мамандыққа қандай балмен түскендерін.