0 дауыс
2.4k көрілді
Мүмкін қытайлар пандадан, орыс аюдан, үнділер пілден, арабтар түйеден, кениялықтар арыстаннан, австралияның аборигендері кенгурудан жаралған шығар?

"Қазақ бізден жаралған" деп қазаққа кесірі тимеген көк бөрі жоқ. Ол бір жүрген мақұлық. Жыртқыш. Мүмкіндігі болса сенің қазақ екеніңе де, пайғамбар екеніңе де қарамай жарып кетуге дайын тұрады. Теңеудің де бір логикалық түсініктемесі болуы керек шығар. Қазақтың көк бөріге мінезі ұқсайды дейтін шығарсыз, бірақ сол мінез кәне? Бөрі емес шиебөріге ұқсап кеткен жоқпыз ба? "Қазақ көтерілсе жаман болады" дегенді күнде естисің. Қашан көтеріледі?

1 жауап

+1 дауыс

Немене, патриоттығың ұстап кетті ме? :)

Біз бәріміз де мақұлықпыз, жыртқышпыз, жануармыз. Бұл тек түсіне білген адамға. Астарына үңіле білсек, адамды тек осы 3 сөзбен ғана сыпаттауға болады.

Қазақ енді көтерілмейді, қару алып жауға шабатын заман артта қалды, сөзбен анталаған адамды тоқтаған кезең де өтті. Қазақ көкбөріге ұқсаған, тек ол заман да артта қалды, атақты Абылайдың танымал түсі орындалды.

Қасқырға ұқсайтын себебіміз деп мыналарды айтамын:

  1. "Қасқырды қанша асырасаң да тауға қарап ұлиды." Ешқашан да біреуге бағынбаған, теуелсіз, еркін де азатпыз.
  2. Аңшылар білетін болар қасқырдың тектілігін. Олар баласын (қандай жағдайда да) ешқашан жау қолына тастамайды, әбден күдерін үзгенде кетеді. Өзің бірінші шабуылдамасаң, ешқашан жосықсыз адамға тиіспейді. 
  3. Топтанып жүруі, ешқашан жолдасын сатпауы, ешқашан қыңсылап, әлсіздік танытпауы - біздің халыққа ұқсататын жағы осы болар.

Басқасын қайдам, ал бірақ көкпардың "көк бөріден" шыққанын айқын айта аламын.

...