0 дауыс
289 көрілді
Аңшылар қоғамы туралы керек еді?

1 жауап

+1 дауыс
Аңшылар мен балықшылар қоғамы - Батыс Қазақстан облысындағы аңшылар мен балықшыларды біріктіретін ұйым. 1959 ж. құрылды. Оның аудандарда бөлімшелері, бастауыш ұйымдары бар. Қоғамға 3.3 млн. га жер берілген. Қоғам жабайы андар мен құстарды сақтау, өсіру және оларды тиімді түрде аулау мәселесімен айналысады, медени демалысты насихаттайды.

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Рүстем Альжановтың төрағалық етуімен “Аңшылар қоғамының” бірінші конференциясы өтті. Оған Қаратөбе ауылының 51 тұрғыны қатысты. Конференцияда сөйлеген Рүстем Құсанұлы аудан бойынша “Аңшылар қоғамын” құру туралы түсінік берді. Ал аталмыш қоғамның Жарғысымен ауылшаруашылығы бөлімінің маманы Н.Қабдекенов таныстырып, қоғамның жұмысына байланысты Қаратөбе ауданы бойынша салық басқармасының бастығы А.Тажкенов, Қаратөбе балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығының директоры М.Нұрекешов, аудандық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының жетекші маманы Р.Исмурзин жолдастар өз ойларын айтты. Конференцияда аудан бойынша “Аңшылар қоғамын” құру туралы Қаулы алынып, қоғам төрағасы қызметіне ауыл тұрғыны Т.Қыдырниязов сайланды. Конференцияның күн тәртібіне сай қоғам жұмысын жүргізу үшін әрбір округтен бір-бір адамнан қомиссия мүшесін тағайындау тапсырылды. Сонымен қатар қоғамның тексеру комиссиясы құрылып, комиссия мүшелігіне аудандық ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Н.Оразов, Қаратөбе балалар мен жасөспірімдер саяхаты және туризм орталығының директоры М.Нұрекешов, аудандық электр торабының бастығы Х.Мырзагерей сайланды. Енді “Аңшылар қоғамы” өз Жарғысына сай жұмыс жүргізбек.
...