+1 дауыс
1.9k көрілді
Үй қояндарын қалай асырайды?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Үй қояндарын өсіру

Қояндар туған соң 3-3,5 айда шағылысу қабілетіне ие. Бірақ оларды бұл жаста шағылыстыруға болмайды, өйткені организмі әлі толық жетілген жоқ. Ірі тұқымды ұрғашы қояндарды 5 айлығында, салмағы 3,5 келі болғанда, ал орташа тұқымдыларды – 4 айдан асқанда, салмағы 2,5 келіге жеткенде шағылыстыруға болады. Қояндардың жасы 5-8 жыл, өнім беру мерзімі 3 жыл.

Ұрғашы қоян 5-7, жекелеген жағдайларда 17 дейін көжектейді. Буаздық мерзімі – 30 күн. Жылдың барлық мезгілінде туа береді. Қыста қоражайды жылылап, тордың бұрышына ауқымы 55х30х20 см болатын жәшік қойып, ішіне сабан толтырған тиімді. Төсеніш құрғақ, жұмсақ, таза болуы керек.

Көжектер ана сүтімен қоректенеді. Сүтке тойған көжектің іші томпақ, шымыр, терісі қатпарсыз болып тұрады. Егер көжектерге ана сүті жеткіліксіз болса оларды суррогат қоянға емізу керек.

Жемнің құрамын – 53% құрғақ майсыз сүт және 32% іркіт ақуыз, 12% кокос және күнбағыс майы, 3% мультивитаминдер және минералдық заттардың қоспасынан жасауға болады. Қоспаны 37-38 C температурада жылытып, күніне бірекі рет тамызғышпен немесе еміздік шприцпен беру керек. Көжектердің жемі:

Көк шөп, жеміс сабақтары, қырыққабат, күнбағыс жапырағы, топинамбур, жүгерінің сабағы мен жапырағы. Концентрлендірілген: арпа, сұлы, бидай, жүгері қалдықтары. Ұнтақталған астық үгінділері, минералдарды тұз, бор, сүйек ұны, т.б. (c) http://www.namys.kz/?p=2648 

__

Міне - https://surak.baribar.kz/162118

Міне - https://surak.baribar.kz/364735/ 

 

Көп рахмет!
...