0 дауыс
4.2k көрілді

1 қыркүйек

Құрметті достар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймыз!

1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Бұл мереке кейбір азаматтардың мектеп қабырғасын, колледж және жоғары оқу орындарына барған күндерін еске түсірумен сипат алса, жас мұғалімдердің алғашқы жұмыс күні әсері мен толғанысын айғақтайтын ұмытылмас сәттерімен есте қалады. Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіреді: мектеп табалдырығын аттауға асыққан бірінші сынып оқушылары, өзі армандаған мамандыққа қол жеткізген ЖОО-ға мақтанышпен келген мектеп қабырғасын жаңа ғана аяқтаған түлектер, осы күйді екінші рет бастан кешіп отырған ата-аналар.

Білім беру мекемелерінің педагогтары мен жетекшілері бүгін, яғни 1 қыркүйек күні білім қабырғаларын аттағалы тұрған оқушылар мен тәрбиеленушілерді қарсы алады, бұл күн тек атаулы мереке ғана емес, бұл біздің еліміздің болашағы тәуелді болған қызу қайнаған, жауапты кезең бастамасы. Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады. Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін! Бүгінгі күн Сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын!

Бүгін бірі ме
құттықтайтын күн емес қо))

4 жауап

0 дауыс
Бауырым барғысы келмейді сабаққа, қандай күштеу әдістерін қолдансам болады? :)  6-ға кеше толды, 0-інші сынып.
"Мама мектепке барған, әкең мектепке барған, ағаң барған, енді сенің кезегің.." - дей бергенде қолындағы ойыншық гантелін лақтыра жөнеледі қабағын түйіп.
Қайта мектеп қызық қой. :) Жақында барлық мектепте:

апай келе жатыр
ұй жұмысын берші
ананы шақыршы
тыныш отырыңдар
апай мен емес қой
түсіп қалды(балдар)
апай мен не істедім
тез ұйге қайтайық
ұйге не берді?
бөліп берші
сағат қанша болды
звонокқа қанша қалды?
апай звонок болды
ураа д/шы
давай суретке түсеміз
апай қайталап алайыншы
қазір қандай сабақ
ананы қара
Мына суреттегідей:
https://surak.baribar.kz/?qa=blob&qa_blobid=5323976417481707730 :)
0 дауыс
1 қыркүйек күнімен мектеп оқушыларын,студентерді жалпы баршаңызды құттықтаймын.Мектеп бітіргендер мектепті сағынады екен.Мектеп-білім кемесі.Мен универде оқимын бірінші курс бұйырса.Студенттер жалпы біздер алғашқы жолдарыңа сәттілік тілей отырып,білім шыңында жеңіске жетіңіздер.
+1 дауыс
Осы балалардан обал болды 11 жыл бойы сабақ оқып. Түк оқымаса да 11 жыл сабақтан қалмай, мектепке барған  балалардың бәріне медаль беру керек, қыстың суық аязында таң азанмен мектепке кетіп бара жатады жылы төсегінен тұрып, өте қиын ғой.

  Министр болсам солай істер едім. Тағы да күніне 4 сабақ оқытып, аптасына 5 күн қылып қояр едім.

Олай етпесек балалар қатты жалығып кетті сурет, еңбек, физкультура сабақтарының орнана да қиын информатика, математика өтіп милары атала болып, оқуға деген ынталары өшіп біткен уже... Бәрібір олар космосқа ұшпайды ғой. саудамен айналысады, кризис нарық заманы ғой.
0 дауыс
Сабаққа барғым келмейді, бірақ достарымды қатты сағындым. Бәріңді білім күнімен құттықтаймын.
Есіме түсті !!! Мен сіздің сұрақ-жауаптарыңызға қарап ересек адам деп ойлап жүрсем, әлі оқушысызба не?
Ішек сілемді бір қатырдыңыз-ау. Мен әлі оқушымын.
...