+2 дауыс
496 көрілді

"Өмір бір-ақ рет беріледі, сондықтан бәрін байқап көру керек" - деп жатады ғой. Сіз үшін осындағы бәрі деген сөз нені қамтиды?

6 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Мен осының 60% істеп көрдім. Енді қалғанын Алла қаласа істерміз. Күлкілі бірақ орындысы да бар.

1. Өмірді сүйіп …

2. Түнімен ұйықтамай …
3. Теңізге барып …
4. Бақыттан біреуді қатты құшақтап …
5. Үлкен иттен қашып …
6. Өсімдік өсіріп …
7. Үйден қашып …
8. Боранда жүріп …
9. Жаңбырдың астында қалып, шылқылдап су болып …
10. Досыңнан айрылып …
11. Дәл сенің туған күніңде туған адаммен дос болып …
12. Жалғыздықта серуендеп …
13. Жолбарысты сипалап …
14. Жүгіріп келіп суға секіріп …
15. Таңды қарсы алып …
16. Бірнеше күн жалғыздықта болып …
17. Қатты мас болып …
18. Терезе шағып …
19. Бір адамды балағаттап …
20. Парашютпен секіріп …

21. Мысық, күшік, ит немесе басқа да жануар асырап …
22. Шұңқырға құлап …
23. Қатты шошып …
24. Біреуге аса бағалы сыйлық сыйлап …
25. Бірнеше сағат біреумен телефонмен сөйлесіп …
26. Ғашық болып, оны білдіріп …
27. Қайта суынып …
28. Біреуді жек көріп …
29. Орманда адасып …
30. Фонтанға түсіп …
31. Палаткада ұйықтап …
32. Поезда 7 күн жүріп …
33. Ұшақпен ұшып …
34. Жаңа жылды жалғыз қарсы алып …
35. Қанға тойған масаны өлтіріп …
36. Тірі көбелекті қолда ұстап …
37. Музыка тыңдап ұйықтап …
38. Отқа піскен картоп жеп …
39. Күні бойы күннің астында жүріп …
40. Аспанға қарап, жұлдыздарды тамашалап …
41. Маңызды бірнәрсені ұмытып …
42. Түнде sms-жазысып … ))
43. Караокеде өлең айтып …
44. Күні бойы кітап оқып …
45. Жылағың келсе де күліп …
46. Бір фильмді басынан аяғына дейін 5 рет көріп …
47. Біреуге “енді сөйлеспей-ақ қояйықшы” деп айтып …
48. Алақаның ауырғанға шейін шапалақ ұрып …
49. Дымың құрығанша билеп …
50. Темекі бастап, қайта тастап …
51. Суретті сүйіп …
52. Құмнан үй салып …
53. Күн күркірегеннен ұйықтай алмай …
54. Шет елде болып …
55. Фильмнің ақаулықтарын аңғарып …
56. Ағашқа өрмелеп шығып …
57. Ең жек көретін нәрсені қайта жақсы көріп …
58. Өміріңді түбегейлі өзгертіп …
59. Жолда жүру куәлігінсіз көлікті айдап …
60. Бәстесуден жеңіп …
61. Музыканы бар даусына қойып, тыңдап …
62. Біреуге ренжіп, бір күн бойы ешкіммен сөйлеспей …
63. Мұғалімді/бастықты/үлкен лауазымды біреуді наққа жіберіп …
64. Хормен өлең айтып …
65. Халықтың алдында жалғыз шығып өнер көрсетіп …
66. Жануарларды суретке түсіріп …
67. Торт жасап …
68. Аспанды суретке түсіріп …
69. Өлең жазып …
70. Біреуді құтқарып …
71. Концертке барып …
72. Күні бойы компьютердің алдында отырып …
73. Өз-өзіңе қол жұмсамақ болып …  
74. Қолыңды қағазбен тіліп алып …
75. Ауырғанна шок (болевой шок) алып …
76. Тізеңнен келетін суда жүзуге талпынып …
77. Баспалдақтан құлап …
78. Үйлену той көйлегін киіп …
79. Үлкен бір кітапті бірнеше сағаттың ішінде оқып шығып …
80. Депрессияда болып …
81. Шетелдікпен әңгімелесіп …
82. Танымал жұлдызбен сұхбаттасып …
83. Өлім аузында қала жаздап …
84. Көп қабатты үйдің шатырына шығып …
85. Рухани өліп, қайта тіріліп …
керемет! бұлардың 56-сын істеп көргенмін, кейбіреулерін мүлдем істемеспін)
Кешірім сұраймын, "тамаша " деп пікір жазам деп отырып спам басып қойғаным үшін.Sorry
Ештеңе етпес, спамды алып тастадым)
0 дауыс
Менің  өмірімді ең бірінші қамтитындар әрине мені және мен жақсы көретін жандар. Содан соң мақсатым. Сол жолға жету үшін кездесетін түрлі қиындықтар мен қуаныштар. Сұрағыңызды осылай ұқтым.
+2 дауыс

Мен парашютпен секіргім келеді..

Сұрақты түсінгеніңізге рахмет)
0 дауыс
Бүкіл 3 планетаны, және айды басқа планеталарды өз көзім менен көру бәрі дегенді қамтиды мен үшін !!!
0 дауыс
Бүкіл жер планетасын және галлактиканы саяхаттап шықсаң болды ғой.
0 дауыс
Бiр жанды бақытты еткiм келедi (өкiнiшке орай мүмкiн емес), жер шарын кезiп көргiм келедi, өзiмдi Джон Сена кейiпiнде көргiм келедi ) Және сенi көргiм келiп тұрғанын қарашы )
...