+2 дауыс
8.7k көрілді

100 доллар, жүз долларда бейнеленген тұлға (адам) кім?

100 доллар, жүз доллар

4 жауап

+1 дауыс

Бенджамин Франклин - АҚШ тарихындағы Тәуелсіздік Декларациясы, Конституция және Версаль бейбітшілік келісімі  деген негізгі үш құжаттын барлығына өз қолын қойған жалғыз адам. АҚШ Тәуелсіздігі үшін күрескен көшбасшылардың бірі.

Американың болашақ саяси қайраткері, дипломаты, ғалымы – 1706 жылдың 17 қаңтарында Бостон қаласында дүниеге келген. Англиялық эмигрант Джозай Франклиннің  15-ші баласы.

Бенджамин Франклин 21 жасында Филадельфияда өзінің баспа үйін ашты. Оның баспа үйінен  «Пенсильвания газеті»  (1729-1748), «Кедей Ричардтың алманахі» (1732-1758) деген басылымдар шыққан.

1728 жылы Бенджамин Франклин ұсталар мен сатушылардың «Тері фартуктар клубы» Филадельфиялық пікірталас үйірмесінің негізін қалады. Кейін, 1743 жылы бұл үйірме негізінде Американың философиялық қоғамдастығы құрылды.

1731 жылы Америка тарихындағы тұңғыш кітапхананың, 1743 жылы Америка философтар қоғамының, 1751 жылы Пенсильвания университетінің негізі болып табылатын Филадельфия академиясының  негізін қалады.

1737 – 1753 жылдар аралығында Пенсильвания почтмейстері лауазымын атқарды, ал 1753 жылдан бастап 1774 жылға дейін барлық солтүстікамерикалық колонияларының почтмейстері болды.

Сонымен қатар Бенджамин Франклин өзінің Лондондағы (1757–1775) және Париждегі (1776-1785) дипломатиялық жұмысымен белгілі. Оның тікелей араласуымен Американ-француз одағы жөніндегі Келісімге (1778), Версаль бейбітшілік Келісіміне (1783) қол қойылды.

1785 жылы Пенсильвания штатының Заңшығарушы жиналысның Президенті лауазымына сайланды. Бенджамин Франклин 1787 жылғы АҚШ Конституциясының авторларының бірі. Ол масон болды. «Тоғыз қарындас» ұлы масон ложасының мүшесі болды.

Халықаралық Бейбітшілік Кеңесінің шешімімен Франклин есімі Адамзаттың ең танымал тұлғаларының тізіміне енді.

Бенджамин Франклин көптеген танымал афоризмдердің авторы. Олардың қатарында: «Уақыт - ақша», «Бүгін істей алатын істі, ертеңге қалдырма», «Бай болғың келсе, үнемдей біл».

Франклин 1790 жылдың 17 сәуірінде дүниеден өтіт. Оның жерлеу рәсіміне 20 мыңға жуық адам қатысты.

1914 жылдан бастап АҚШ-тың 100 долларлық ақша белгісінде Бенджамин Франклиннің бейнесі бейнеленуде. Долларларда бейнеленген Америка тарихындағы белгілі тұлғалардың арасында тек Александр Гамильтон және Бенджамин Франклин АҚШ Президенті лауазымында болған жоқ.

0 дауыс
Американың қоғам қайраткері Бэнджамин Франклин
0 дауыс
Франклин Бенджамин (Вениамин) американ ағартушысы, мемлекет қайраткері, ғалым.
0 дауыс
100долырдагы адамнын аты Ким
...