0 дауыс
1.4k көрілді
Парақорлық түбі қорлық па, байлық па?

6 жауап

–1 дауыс

Заңбұзушылықтардың кемімей отырғанына бір жағынан сыбайлас жемқорлық әсер етіп отыр. Заң бұзушылар кей жағдайларда тәртіп сақшыларымен өзара келісу арқылы істі жауып тастайды. Жазасыз адам, басында "тағы да ақшамен құтыла саламын ғой" деген ой қалыптасқан адам жасаған қылмысын қайталауы әбден мүмкін. Ал кей жағдайларда полицейлердің қылмыс ордасымен өздері сыбайласып, тіпті "крыша" болып жататын жағдайлар да кездеседі. Мәселен, жеңгетайларды алайықшы. Олардың жұмысы заңға томпақ, адам саудасымен айналысып отыр. Соларды полицейлер қалай қолға түсіре алмайды? Енді жігіттікке жеткен бозбаланың өзі қаланың қай бұрышында жезөкшелер ордасы барын жақсы білсе керек. Қай сауна, қайсы қонақүй "ерекше" қызмет көрсететінін екінің бірі біліп алады, тіпті қалаға сырттан келген қонақтардың өздері де. Ал, жезөкшелер өзді-өзі ұйымдасып, бір жерге тұра салмайды, олардың міндетті түрде ұйымдастырушысы, жеңгетайы бары анық. Ендеше, сол жұрттың бәрі білетін орынды неге полицейлер анықтай алмай дал?

Есірткі пайдаланғысы келгендер оны сататын нүктені тез тауып ала қояды да, неліктен тәртіп сақшылары ондай орынды шаммен іздеп жүріп таба алмайды?

"Неге көбіне қолында билігі бар, қалтасы қалың адамдардың ұл-қыздары жасаған қылмыстық істер тез жабылып, олар жазасыз қалады да, бейшара жандар үнемі жазықты болып шығады?" деген сауалды да жиі естіп қалып жатамыз. Оған бір ғана Мақсат Үсеновтің оқиғасын айтсақ жетіп жатыр. ("Темірқазық-Ой" газетінде жарияланған "Дириктің сөзі неге дүрілдеп тұр? Немесе байдың ұлы апат жасаса да жауапқа тартылмайтындай арнайы заң бар ма еді?" мақаласында да осыған ұқсас жағдай баяндалған. Қараңыз: №03(78), ақпан, 2015 ж.).

Осы тәрізді жағдайлардан кейін көптеген тәртіп сақшысының қолдарының тазалығына күмәнмен қарағандайсың. Расымен де, сыбайлас жемқорлық жайлаған саланың оңғаны бар ма? Құқық қорғау саласының да жемқорлықтан ада еместігін әркім де біледі. Сондықтан, құқыққорғаушылардан көңілі қалған жан да көп. Содан болса керек, "полиция қорғаушым ба, қорлаушым ба?" деген дүдәмал сауал әлі күнге дейін жұрт арасында айтылып қалып жатады.

Сіз бәлкім бұл саланы бірден жемқорлықтан тазарту мүмкін емес деп ойларсыз. Бірақ, Грузияда жүргізілген Саакашвилидің реформасы үлгі бола алмайды ма?

Осы жерде таксиде отырып куә болған бір жағдай есіме түсіп отыр. Патрульдік полиция мен жол полициясының енді бірігіп жатқан шағы. Алдында МАИ қызметкері болып жұмыс істеген азамат таксидің алдыңғы салонында жүргізушімен сөйлесіп отырған.

— Бұл жұртқа жағу қиын, - дейді ол сөз арасында. — Жол ережесін бұзған адамға хаттама толтырсақ, жата кеп ренжиді. "Қазақпыз ғой, бұның не?" деп, кейістігін білдіреді. Ал енді аяп, айыппұл жазбай, өзара келіскеніңді алсаң, ұзай сала сыртыңнан жақсылап боқтайды. Оларға қалай жағасың?

Міне, осылай деген жол-патрульдік полицейі таксиске "белбеуді тақпай-ақ қой, мен отырмын ғой, өзім жауап беремін" деп те қояды. Еркінсіген таксист те рөлде отырып арасында телефонымен сөйлесіп қояды. Осы бір көрініс те полицейлердің қаншалықты заң талабымен жүріп-тұратынынан хабар берсе керек.

Жасырып не керек, полицейлер арасында парақорлықтың өршіп тұрғанын әркім-ақ айтып жүр. Бір айлықпен жүріп-ақ жағдайларын түзеп ала қоятындар бұл күдікті қоюландыра түседі. Әйтсе де, "қарға қарғаның көзін шұқымайды" дегендей, құқық қорғау саласы өз ішін тазалауда көбіне көзжұмбайлыққа салынатындай. Сонда, полицейлер үшін парақорлық түбі қорлық па, әлде байлық па? Сұрақтың жауабын оқырманның өзіне қалдырайық.

+1 дауыс

Өзі айтып тұр ғой Парақорлық

Көбісі ұсталып жатыр шетінен

0 дауыс
Парақорлық түбі қорлық болмайды егер оны өзің жемей жеуге наны жоқ адамдарға бiлдiрмей берiп кетсең !!!
0 дауыс
Әркімге әртүрлі, біреуге жағады, біреуге жақпайды. Бірақ шама келсе өзіңмен өзің жөніңе жүрген дұрыс. Әйтеуір таза жүресің ғо.
0 дауыс
Мүмкін байлық болар, бірақ біреудің адал еңбегін жеп тапқан байлықтан не пайда, ондай байлық итіме керек пе....
0 дауыс
Әділетсіз қоғамда байлыққа, әділетті қоғамда қорлыққа айналатын болар...
...