Операциялық жүйелер | 233 қаралды
233 қаралды

Windows-тан Linux-қа өткендер бар ма,

Ішінде Қазақша раскладка бар ма клавиатураға

Маған ұнап тұрған себебі - вирус жоқ, антивирус проблема емес, смс-баннер жоқ, толық тегін,пираттық бағдарламаның қажеті жоқ

Қалай ОЖ, қолдануға жақсы ма, Не үшін ұнады сендерге

1 жауап

Сәлем, Тимур!

Мен Ubuntu мен Mint-ты орнатып көрдім, әрине, көштім деп айта алмаймын, бірақ біраз уақыт пайдаландым. Қазір де компьютерімде Windows пен Mint тұр.

Маған Linux ұнады, вирус мәселесі шынымен де жоқ, бағдарламалардың көбі тегін (тегін болғанда Windows бағадарламалары үшін біз төлемейміз ғой, ахахаха, дәлдірек айтсақ "Linux тегін әрі заңды"). Ішінде қазақ пернетақта жаймасы бар. ОЖ-ның өзі де қазақшаға аударылған (толық емес, ішінара)

Кемшіліктері де бар:

1. Linux үшін ойын аздау

2. Мен үйреніп қалған бағдарламалар Linux-та жоқ, жаңа бағадарламаларға қайта үйрену керек

Қорытындым: Линуксты екінші ОЖ ретінде қоюға болады, мүмкін қатты ұнап қалса көшерсің. Бірақ мен Windows-қа қатты әдеттенген соң көшкім келмейді. Бірақ негізінде Линукс идеясын қолдаймын, бір күн Линукс Виндоусты жеңеді деп ойлаймын.
Сонда сен Линуксты Виндовстың қасына орнаттың ғой
Былай айтқанда сенде қазір 2 ос болып тұр, қалай еттің оны
Линукста вирус жок деген ангиме ДАЛБАСА гой! Линукстын долясын кор. Ол кимге кызык? Мысалы всеми любимый Android тот же линукстын ядросында емес па? Ал казир андроидка 1 тонна вирус бар.
Линукска ешкандай карсылыным жок. Бирак вирус жок деген cтереотип ты бузгым келип отыр.
дұрыс андроид линукстан шыққан
негізі виндовсқа 80 пайыз вирус болса,  ос икс, линукстарға 10 пайыз бар
Сәлем, Тимур, көп уақыт жауап бермегенімді кешір. Қалай қасына орнатуға болады екенін ұмытып қалдым, бірақ ғаламторда керек нұсқаулықтарды таба аласың (ағылшынша не орысша, қазақ тілінде әзірше жоқ шығар). Оны істеуге оңай, күмәнің болмасың, Linux-ты татып көр)
118,129 сұрақ
304,659 жауап
153,304 пікір
66,779 қолданушы