+2 дауыс
8.1k көрілді
1 Қыркүйек - Білім күні «Қазақстан - 2050» стратегиясы, Бір халық – бір ел – бір тағдыр тәрбие сағаты керек?

4 жауап

+1 дауыс

«Бір халық – бір ел – бір тағдыр» тәрбие сағаты
Тәрбие сағат мақсаты: Оқушыларды қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан мәлімет беру, тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстыру. Отан сүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу.
Сынып: 7,8 сынып
Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.ӘНазарбаевтың суреті, нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер слайд, шарлар, гүлдер.
Тәрбие сағат барысы:
Әнұран орындалады.
1-жүргізуші:
І. Армысыздар, құрметті ұстаздар мен ата-аналар, оқушылар! 
Біздің «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
2-жүргізуші:
1. Сіздерді бүгінгі білім күнімен құттықтаймыз. Елбасы өз жолдауында жастарға: сендер болшаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіндер. Біздің бүгінгі атқарылып жатқан шаруамыз сіздер үшін жасалды.
«Сендер Тәуелсіз Қазақстан еліміздің перзентісіндер, тәуелсіз елде туып, тәуелсіз елде тәрбие алдындар. Сендердің азат ойларымен кемел білімдерін біздің қол жетпес мақсаттарымызға апаратын құдіретті күш», - деді. Әрине жарқын болашақ білімді жастардың қолында деп санаймын. Елбасымыз жастар ұрпақтың сапалы біліммен саналы тәрбие алуына баса мән беруде. Жастардың заман талабына сай білім алу үшін үлкен мүмкіндіктер жасауда. Осының барлығы егеменді еліміздің халыққа деген ыстық ықыласы мен көзқарасының арқасында.
1-жүргізуші:
Атыңнан айналайын, егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе берер.
Қазақ жері бір шетінен екінші шетіне дейін құс қанаты талатын ұлан-ғайыр кең өлке. Ол солтүстігінде Ресеймен, Шығысында Қытай халық Республикасымен, ал батысында Әзірбайжан Республикасымен шектеседі. Қазақ жері кең байтақ, табиғаты да әр алуан.
Отан деген –Атамекен.
Отан деген –туған жер.
Отан-апа
Отан үлкен
Қазақстан туған елі.

2-жүргізуші
Қайран, қазақ елі. Жас ұрпаққа айта алмаған, жеткізе алмаған жан дүниеңді дір еткізген сырға, мұңға толы тарихи парақтары қаншама.
1-жүргізуші:
5. Қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді? Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан бастап, қойша қырылған «репрессия» жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың кең жаһан далада өмір сүрді, не жойылып кету қауіпі тұрған еді.

2-жүргізуші
Өткен ХV ғасырда Қуатты Қазақ хандығын құрдық. Алайда тәуелсіз қазақ мемлкеті бейбіт тыныш өмір сүре алмады. Ұлан байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп, ойран салушылар көбейді. Қаннан-қаперсіз жатқан еліміздің Жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қалық жұртты қан жалатты.

1-жүргізуші:
ХVІІІ-ХІХ ғасырларда халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айырылды. Көмек күткен ақ орыс қазақ халқын аздыра бастады. Ұлан-ғасыр даламыз империя меншігіне айналды. Халқымыздың басынан қара тұман серпілмеді. ХХ ғасырдың 16 жылы маусым жарлығына жігіттерді бермейміз деп қарсылық көрсеткендері оққа ұшырады. Азамат соғысы жылдарында шаруашылық күйзеліске ұшырауынан, адамдардың ашаршылыққа душар болуына 950 млн қазақ. Яғни халқымыздың 19 пайызы апат болып, 400 мың қазақ отбасы елден кетуге мәжбүр болды. 

2-жүргізуші
1923-1933 ж. Болған адам айтқысыз ашаршылықта 9 млн-дай халықтың 2,2 миллионы опат болды. Тағы да аштық, тағы да жалаңаштық, тағы да өлім. Әл жоқ, дымы құрыған сорлылар елін тастап кетуге мәжбүр болды. Бүгінде атамекенін тастап кеткен халқымыздың саны 1 миллион 518 мың.

1-жүргізуші:
1937 жылы қазақ халқының қаншама аяулы азаматтары, бетке ұстар шамшырақтары қуғын-сүргінге ұшырап, елім деп жүріп – халық жауы атанды. Сол кезде абақтыға жабылғандардың саны 105 мыңға жетті. Олардың 27 мыңнан астамы атылды.

2-жүргізуші
1941-1945 ж. Аралығында азамат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік, достық жолында жан қиған қазақ батырлары фашизммен бүкіл адамзаттықты қорғап, ерекше ерлік үлгісін көрсетті. Бұл қасіретті соғыста құрбан болған 27 млн адамның 350 мыңнан астамы қазақтар еді.

1-жүргізуші:
Қазақ халқының ең соңғы өліп, тірілуі – біздің халқымыздың қайғы-қасіретіне, сонымен бірге мақтанышына айналған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы еді. Осы оқиғаға қатысты деген жалған жаламен 99 адам сотталды, 264 адам жоғарғы оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан, 52 адам коммунистік партия қатарынан шығарылды, әртүрлі жазалар берілді.

2-жүргізуші
Желтоқсан оқиғасы ХХ ғасырдың ең ұлы оқиғаларының бірі. Өйткені Желтоқсан оқиғасы көптеген елдерге егемендік, тәуелсіздік әперген зор саяси әлеуметтік құбылыс болды. 1986 жылдың желтоқсанындағы қазақ жастарының төгілген қанымен бүгінгі тәуелсіздігіміздің тұңғыш парағы жазылған еді.

1-жүргізуші:
Кең жазира құтты мекен – гүлістан.
Арай таңым, бақыт берген шығыстан.
Қасиетті анам - өзің, туған жер.
Бабалардан келген мұрам-Нұрстан.

2-жүргізуші:
«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында.
Жерге жетер байлық жоқ. Жер болса ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. Біздің отанымыз – егеменді, тәуелсіз, қазақ мемлекеті.

1-жүргізуші:
Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы өтті. Сессияда Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясын «Бүкіл халықтық өкілдік!» деп атады. Көреген Ұлт Көшбасшысының ұлы мақсатын сессияның аты да әйгілеп тұр: «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр»!
Елбасы сессияда сөйлеген өз сөзінде: 
«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер, 
«Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан. 
«Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!
Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды деді.

1-жүргізуші:
Елбасы мынаны баса айтты: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». Ендеше, Ассамблея – барша қазақстандықтың мүддесі! - деген болатын.
Қазақстан – татулықтың, достықтың, бірліктің киелі бесігі. Түрі, тілі, діні бөлек болғанымен, жүрегі «Қазақстан –туған жерім, Отаным, алтын ордам» деп соғатын 130 ұлттан астам Халық тұрып жатыр. 130-дан аса ұл өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан дастархандай- далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші арбір адам өз Отанын жаныдай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Қазақстан алуан түрлі ұлттардың мәдениеті мен салт-дәстүрін тоғыстырған кең байтақ өлке.

Ер болдың ерік алдың астаналы,
Енді кімнен қарағым жасқанат?
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атыменен басталады.

Сондықтан елдің болашағы да, өрлеуі де бүгінгі жас ұрпақ сіздердің қолдарыңызда. «Ел үмітін ер ақтар, ер үмітін ел сақтар» демекші ел үмітін ақтау сіздермен өлшенбек. 
Мұғалім сөзі:
Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз.
Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы –балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне –«Бала тәрбиелеу-болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр. Бұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған әрекет. Адамзат өзінің байырғы құндылықтарынан ажырамауы үшін ат салысып, адамдарды ізгілік пен қамқорлыққа шақыруы көңілге қонымды.
Отағасының серігі отанасы демекші Елбасы Жолдауында әлеуметтегі әйел адамның рөлі, оның келешегі жөнінде айтылған. Әйел адам ең алдымен- ана. Ал ана- отбасы, мемлекет шамшырағы. Қыз баланы –ұлттық дәстүрде тәрбиелеп, құрметтеу керектігін, оны зорлық –зомбылықтан сақтау, заманға сай білім алып, кейін қызмет етуіне құқылы екендігі айтылған. Баланы жалғыз тәрбиелеп жатқан аналарға көмек көрсету, олар үшін икемді еңбек түрлерін қалыптастырып, үйде жұмыс жасауларына жағдай туғызу перспективасы қуантады. 
Білім - барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Олар: инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ.
Президент Жолдауының «Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген. Бұл Жолдаудың іске асырылуы - Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз.
Елбасымыз биылғы дәстүрлі «Қазақстан - 2050» Стратегиясы Жолдауында жарқын болашаққа айқара жол ашты. Ондағы ең өзекті мәселенің бірі, бірегей қазақ тілімен 2025 жылы латын әліпбиіне көшу жайы көпшілікті ерекше қуанышқа бөледі. Тәуелсіз ұлт болудың ежелгі шарттары: өзіне тән тілі, сенетін діні, салт-дәстүрі, жазуы, басқа ерекшеліктері болу .
Енді Жолдауда айтылған өркениетті дамыған 50 елдің қатарына жету бағыт - бағдарына ілесу, үлес қосу ісі тұр алдымызда. Латын қарпіне көшу сол өркениет шыңында тұрған 50 елге жақындастыра түсіп, олармен қоян -қолтық бәсекелесуге жаңа негіз қалайды. Өскелең ұрпақ үшін тіптен тиімді.
Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным, 
Көк туымды қалайша құлатармын. 
Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,
Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын.
Отанымыз әрқашанда тыныш болсын!
Қорытынды:
- Жолдау туралы не түйдің, осы айтылған тарауларда не айтылмады?
«Ойын»
«Мен президент болсам халыққа Жолдауым...» Оқушыларға өз ойларын айтқызу.
Ән: Көк тудың желбірегені. (тыңдалады)
Мен 21-ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін.
Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.
Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.
Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! -деген елбасымыздың қорытынды сөзімен сабағымды аяқтаймын. Тыңдап сабаққа қатысқандарың үшін рахмет!

0 дауыс

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» 

Тәрбие сағат мақсаты: Білім күні мерекесіне орайластыра отырып Қазақстан – 2050 Стратегиясының мән-маңызын түсіндіру, ата-аналармен және оқушылармен ҚР саяси-экономикалық, әлеуметтік жетістіктері жайында ой қозғау, ҚР Конституциясының маңыздылығын көрсету, жаңа оқу жылының мақсат-міндеттерімен таныстыру. 

Тәрбие сағат көрнекілігі: Қазақстан 2050 стратегиясы. ҚР Констииуциясы. ҚР Білім туралы заңы.

Кіріспе. 

Бірінші қыркұйек күнімен,
Аңқыған жұпар иім гүлімен.
Келіп ем қарсы алды мектебім,
Сүйкімді қоңырау үнімен.
Сылдырла, сыңғырла тағы да,
Шақыра білімнің бағына.
Қоңырау әсем саз әдемі,
Өзіңді күтеміз сағына.

Құрметті ата-аналар, оқушылар, қонақтар сіздерді «Алғашқы қоңырау» мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып бүгінгі «Қазақстан – 2050 Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» тақырыбы аясында өтетін ашық тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер. 

Құрметті оқушылар, ата- аналар!
Бар мектептің басталар бүгін жыры
Бақ қоңырау шақырып ұғымдыны
Жаңа оқу жылы басталды
Құтты болсын бүгінгі Білім күні!

Негізгі бөлім.

І. Оқушылардың тақырып бойынша әзірлемелерін тыңдау, ой қосу, пікір алмасу. 

1- оқушы

ҚР саяси-экономикалық, әлеуметтік жетістіктері жайындағы әзірлемесі.

2- оқушы

29 тамыз «Бүкіл әлемдік ядролық сынақтан бас тарту күні» ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ядролық қарудан бас тарту бастамасы жайындағы әзірлемесі.

3- оқушы :

30 тамыз ҚР Конституциясы мерекесіне орай әзірлемесі

ІІ. Жаңа оқу жылының мақсат міндеттерімен таныстыру, іс-шаралар жоспарын пысықтау. 

ІІІ. Қорытынды.

Оқушылар мен ата-аналардың аталған тақырыптар бойынша үн қосуы, пікірлері.

0 дауыс

«Қазақстан – 2050» стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр.
Тәрбие сағат мақсаты: Оқушыларды Елбасының жаңа жолдауымен таныстырып, қойылатын талаптардың орындалуына атсалысу әр адамның борышы, жарқын болашаққа апарар тарихи құжат екендігін түсіндіру. Елжандылыққа, адамгершілікке, Отан сүйгіштікке тәриелеу.
Түрі: Дәстүрлі.
Әдісі: Баяндау, түсіндіру, ойын түрінде.
Көрнекілігі: Н.Назарбаевтың суреті, Еліміздің рәміздерінің суреттері, нақыл сөздер, тірек-сызбалар.
Тәрбие сағат барысы: 
І. Ұйымдастыру.
Амандасу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Кіріспе.

Ел тарихының ХХІ ғасырдағы аса бір күрделі кезеңі аяқталып келеді. Дүниежүзінің экономикасын туралатқан жаһандық дағдарыс дауылы әлі басыла қойған жоқ. Алайда ол өзінің алғашқы алапат қуатынан айырылды. Біз тастүйін дайын болғандықтан, оның салдары біздің еліміз үшін соншалықты ауырға соққан жоқ. Дағдарысқа дейінгі кезеңде біз Қытай, Үндістанжәне өзге де экономикасы қарыштап алға басқан мемлекеттер қатарында дамудың жоғарғы деңгейіне көтерілдік. Өйткені біз оған қалай қол жеткізуге болатынын білдік. Бәрін дұрыс жоспарлап, салауатты іске асырғандықтан, біздің дамуымыз сәтті болды. Біз жасампаздыққа жұмыла кіріскендіктен, дамудың даңғыл жолына түстік. Толағай табыстарымен дүниежүзін мойындатқан Қазақстанның әлеуеті артып, экономикасы серпінді бола түсті. Дамуымыздың маңызды алғышарттарына айналған Қазақстандық бірліктің өнегелі үлгісі ғаламшардағы мемлекет басшылары мен конфессия жетекшілерінен лайықты бағасын алды. Осылайша Қазақстан қуатты да табысты мемлекетке айналып, өзінің бастамалары арқылы жоғары халықаралық беделге ие болды. Жасампаздық қуатымен дүниежүзінде даңқы артқан Қазақстан әлемді өз жетістіктерімен таң қалдырды. Сондықтан Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету мәртебелі миссиясы сеніп тапсырылды. Біз жаңа онжылдығымызды әлемдік деңгейдегі осындай абыройлы тарихи оқиғамен бастадық. Мен біздің алдағы барша жетістіктеріміз осындай жарқын болады деп сенемін. 
ІІІ. «Кешеден келдік, бүгінге жеттік»
Стратегия – гректің «генерал өнері» деген сөзінен шыққан. «Страт» дегеніміз – мемлекеттің міндетті ісін орындауды және мақсатына жетуді қамтамассыз ететін жан-жақты жоспарлар жиынтығы болып саналады. Жалпы, алдына қойған міндетті шешуді мақсат еткен ірі ауқымдық ұзақ мерзімді жоспарлауға қатысты қолданатын термин.

Стратегиялық жоспарлау дегеніміз – басшы қабылданған шешімдер мен әрекеттер жиынтығы, сол арқылы мемлекетті (ұйымды) өз мақсатына жету үшін басшы арнайы стратегияны іздейді.

Естеріңізде болса 1997 жылы қабылданған «Қазақстан – 2030» стратегиясы 7 бағыттан тұрды. 33 жылға жіктелген сол 7 міндеттің денін ел 15 жылда еңсерді. Президент айтты: «Стратегиямыз басты мақсатымыздан ауытқымай, шамшырақ сияқты біздің жолымызға сәуле шашып, алға басуға жігерлендірді.
 

0 дауыс

«Қазақстан - 2050» стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр»
«Бір бақыт бар – ол менің балаларым».
Абай Құнанбаев
Мақсаты:
1. Елбасымыздың жолдауымен таныстыру.
2. Елін, жерін Отанын сүюге, оны қорғай білуге шақыру.
Көрнекілігі: үнтаспа, елбасының суреті, нақыл сөздер, шарлар.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру бөлімі
Сабақ әнұран айтумен басталады.
Қызығушылығын ояту. Психологиялық дайындық.
Бір - бірімізге жақсы көңіл күй сыйлау үшін тілек айтайық.
Сөзжұмбақ.
1. Қалың ағаш өсетін нулы жер қалай аталады? (орман)
2. Сөйлеу құралы. (Тіл)
3. Мейірімді адам. (Ана)
4. Қасиетті тағам. (Нан)

Отан деген немене? (топтастыру)

Ой қозғау:
- Біздің Отанымыз қай ел?
- Қазақстан.
- ҚР - ның мемлекеттік тілі қай тіл?
- ҚР – ның мемлекеттік тілі қазақ тілі.
- Біздің тұңғыш президентіміздің аты - жөнін білесіңдер ме?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Еліміздің Ордасы қай қала?
- Астана.
- Еліміздің Ата заңы қай күні қабылданды?
- 31 тамыз.
- Бүгін қандай күн?
- 1 - Қыркүйек білім күні.
- Ал тәуелсіздігімізді қай жылы алдық?
- 16 желтоқсан 1991 жыл.
- Ал, балалар биыл Тәуелсіздігімізге неше жыл болды?
- 22 Жыл.
- осы тәуелсіздіктің 21 жылдық мерейтойы кезінде еліміздің президенті халқына«ҚАЗАҚСТАН - 2050» СТРАТЕГИЯСЫ: бір халық – бір ел – бір тағдыр» тақырыбында жолдауын жолдады.
Мұғалім сөзі. Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды.
Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы өтті. Сессияда Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясын «Бүкіл халықтық өкілдік!» деп атады. Көреген Ұлт Көшбасшысының ұлы мақсатын сессияның аты да әйгілеп тұр: «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр»!
Елбасы сессияда сөйлеген өз сөзінде:
«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер,
«Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан.
«Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!
Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды деді.
Елбасы мынаны баса айтты: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». Бүгінде біздің азаматтар үшін барлық есік, барлық мүмкіндік, барлық жол ашық.
Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз. Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу – әрбір жауапты саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой. Біз бірлік пен татулық құндылықтарын қоғамның іргетасына, қазақстандық ерекше толеранттылықтың негізіне айналдырдық.
Біз осы құндылықтарды қазақстандықтардың әрбір болашақ буынына аялай ұсынуымыз керек.
Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты.
Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.
Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы.
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан.
Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық.
«Қазақстан - 2050» Стратегиясы осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі.
Елбасының сөзінен үзінді тыңдау

Ал, балалар Отан, ел, жер туралы сендер қандай өлең білесіңдер?
Хор: Отан.
Ойын: Тез құрастыр.
Ту. Елтаңба. Әнұран.
Әр топқа қысқаша түсінік бергізу

Ән: Көк тудың желбірегені
Қорытындылау.
Осымен бүгінгі алғашқы сабағымыз аяқталды.

...