+3 дауыс
76.6k көрілді
""Қазақстан - 2050" стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр"  ашық сабақ керек ?

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Құрметті замандастар!!! Біз кеше ғана барша халық болып, елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ел тәуелсіздігінің 21 жылдығына арналған «Қазақстан – 2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыт-бағдары» деген тақырыпта дәстүрлі халыққа жолдауын тындадық.

Біз бақытты ұрпақпыз, бейбіт өмір кешіп жатырмыз, бұл әрине елбасымыздың сарабдау саясатымен көрегендігінің арқасы. Елбасы өз жолдауында өз алдына және халық алдына дамыған 30 елдің қатарына ену мақсатын қойды. Әрине бұл мақсаттқа жету үшін әр-бір азамат өз үлесін қосу керек. Менің ойымша ол біріншіден жалынды жастардың қолында, сондықтан осы орайда елбасымыз «жастар ісіне, жастар саясатына баса назар аудара отырып, жастардың лайықты еңбек етуі еліміздің кемел келешегі» – деп атап өтті.

Қазақстан – 2050 стратегияның бағыттары – мәңгілік жолындағы ұрпақ бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Тәуелсіз елді өз қолымен құрған ұрпақпен әрі қарай дамытқан ұрпақ сабақтастығының көрінісі болғанда ғана біз үлкен ел боламыз. Бұның бәрі жастардың қолында.

Елбасы өз жолдауында жастарға: сендер болшаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіндер. Біздің бүгінгі атқарылып жатқан шаруамыз сіздер үшін жасалды.

«Сендер Тәуелсіз Қазақстан еліміздің перзентісіндер, тәуелсіз елде туып, тәуелсіз елде тәрбие алдындар. Сендердің азат ойларымен кемел білімдерін біздің қол жетпес мақсаттарымызға апаратын құдіретті күш», - деді. Әрине жарқын болашақ білімді жастардың қолында деп санаймын. Елбасымыз жастар ұрпақтың сапалы біліммен саналы тәрбие алуына баса мән беруде. Жастардың заман талабына сай білім алу үшін үлкен мүмкіндіктер жасауда.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен республика көлемінде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы жүзеге асырылып жатқаны біздерге бәрімізге белгілі.

Менің алға қойған мақсатым келер ұрпаққа сапалы біліммен саналы тәрбие беру. Осы орайда еңбегімді еш аямаймын, елбасымыздың үмітін ақтаймын және де барлық жалынды жастарды дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін өз үлесін қосуға шақырамын.

Ендігі тілегім «Еліміздің мәңгі жасай берсін, Президентіміз жасасын!!!». «Халқымның тәуелсіздік таңы атқанда, Көрінді көш алдында дара тұлғаң», - деп ақын айтқандай Қазақстанда алып кеме, сол кеменің басшысы Президентіміз Н.Ә.Назарбаевты мақтан етіп, үлгі тұтамын.

http://ustaz.kz/sait-bolimderi/file/10112-aza-stan-2050-strategiyasy-alyptas-an-memleketti-zha-a-sayasi-ba-yt-ba-dary
0 дауыс
ҚР Президентінің "ҚАЗАҚСТАН-2050" - стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты халыққа Жолдауы ұлттық құқық пен білім жүйесінің даму жолдарын және жастардың болашағын айқындайтын құқықтық құжат.

"Қазақстан-2030" Стратегиясы ел дамуының қиын-қыстау кезінде қабылданғанын бәріміз білеміз. Қазақ "Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан" деп тегін айтпаса керек. Елуіңіз не, мінеки, он бес жылда адам сенбестей өзгеріске түстік, еліміз жаңарды, санамыз жаңғырды, әлемді таныдық, әлем бізді таныды. Денсаулық сақтау, білім беру халықтың әл-ауқатын арттыру салаларында да зор табыстарға қол жеткіздік.

"Қазақстан-2030" Стратегиясы негізгі параметрлері бойынша мерзімінен бұрын орындалған. Яғни, мемлекет дамуының бүгінгі күн талабына лайық жаңа Стратегия қабылдауды уақыттың өзі туындатып отыр. Елбасы соны көрегендікпен танып, 2050 жылға дейінгі дамуымыздың жаңа тұрпатты Стратегиясын ұсынуда. Қазақстанның кемел келешегі жолындағы атқарар бұл бағдарламаның ауқымы орасан, міндеттері зор, межесі тиянақты.

ҚР Президентінің "Қазақстан-2050" стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауының жөні ерекше, мағынасы терең, бағдары айқын, стратегиялық маңызды өте жоғары құжат деп есептеймін. Себебі, Президенттің өзі айтқандай, "Мықты мемлекет… жоспарлау саясатымен, ұзақ мерзімді дамуымен және экономикалық өсуімен ерекшеленеді" [1, 5б]

Қазіргі жаһандану заманында білім-ғылымсыз экономиканы алға қарай өрлету мүмкін емес. Сондықтан даМемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың осы мәселеге ерекше мән бере отырып, еліміздің одан әрі де табысты алға жылжуын жалғастыру үшін білім, ғылым салаларында алда тұрған жаңа міндеттердің жайына тоқталу үшін,еліміздің болашағы жастарға үшін бұл Жолдаудың маңызы ерекше.

Биылғы Жолдауда Елбасының жастарға үлкен жауапкершілік артып отырғанын сезіндік. Қазақстанның 2050 жылға дейінгі стратегиясының өзі жастар үшін қабылданып жатыр. Өйткені, жастар - мемлекеттің болашағы. Ал болашақтың қалыбы бүгіннен басталады. Елбасы осы бастан жастардың келешекте жүрер бағытын анықтап берді. Адастырмайтын жолын нұсқап көрсетіп отыр [2, 5б]

Жолдаудың кең ауқымды бағыттары еліміздің экономикалық қуаты мен мерейін асыруда бәрімізге міндет-мақсаттар жүктеді. Солардың бірі - "Білім мен кәсіби машық - заманауи білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің негізгі бағдарлары". Бұл Жолдау жастардың болашағына үлкен серпін беріп, олардың келешекке деген көзқарасына зор сенім ұялатты және білімге, еңбекке және табандылыққа талпынуға шақырды. Өйткені, елдің келешегі, елдің ертеңгі тағдыры солардың қолында. Елбасымыз жар құлағы жастыққа тимей осы жылдар ішінде дүркіретіп Қазақстанның атын шығарып, әлемге танытып жатса, сайып келгенде, соның бәрі ұрпақ үшін. Жастарымыз Қазақстанды әрдайым мақтан етсін, туған халқы үшін ұялмасын, еңсесі биік, кеудесі тік, өзгелермен тең жүрсін деген ниет [1, 4б]

Елбасының биылғы Жолдауы - өткенді саралай отырып, Қазақстан жастары үшін, алдағы уақытта атқаратын міндеттерді белгілеп берді. Сондай-ақ, ел дамуының жаңа кезеңі мен тәуелсіздіктің үшінші онжылдығына бет бұрған тұста қоғамдағы ең ірі әлеуметтік топ - жастарға деген Президенттің сенімі мен қамқорлығы олардың білім мен ғылымға деген құштарлығын одан әрі күшейтті. Осы тұста Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауынанмынадай ұлағатты сөздерін айтуға болады: "Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды. Жоғары оқу орындары білім беру қызметімен шектеліп қалмауы тиіс. Олар қолданбалы және ғылыми-зерттеушілік бөлімшелерін құруы және дамытуы қажет. Біз академиялық автономия кепілдігін берген жоғары оқу орындары тек оқу бағдарламаларын жетілдірумен шектелмей, өздерінің ғылыми-зерттеушілік қызметін де белсенді дамытуы тиіс. Жеке бизнестің, үкіметтік емес және қайырымдылық ұйымдарының, жеке адамдардың әлеуметтік жауапкершілігі білім беру саласында айрықша көрінуі керек. Бұл ең бірінші кезекте лайықты білім алуда оқу ақысын өз бетінше төлей алмайтын жастарға көмек беруге қатысты. Ол үшін қажетті шаралар:

 Жоғары және орта білім беру жүйесін дамыту үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі желісін құру.

 Көпсатылы оқу гранттары жүйесін әзірлеу.

 Бүкіл ел бойынша ғылыми-зерттеушілік және қолданбалы білім берудің өңірлік мамандықтарды ескеретін мамандандырылған оқу орындары жүйесін құру.
 Жоғары оқу орындарындағы оқудың екінші курсынан бастап кәсіпорындардағы міндетті өндірістік тәжірибені заңнамалық тұрғыда бекіту.

Бізге оқыту әдістемелерін жаңғырту және өңірлік мектеп орталықтарын құра отырып, білім берудің онлайн-жүйелерін белсене дамыту керек болады.

 Біз қалайтындардың барлығы үшін қашықтан оқытуды және онлайн режімінде оқытуды қоса, отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді және құралдарды қарқынды енгізуге тиіспіз.

 Ескірген немесе сұраныс жоқ ғылыми және білім пәндерінен арылу, сонымен бірге, сұраныс көп және болашағы бар бағыттарды күшейту қажет.
 Орта және жоғары білім берудің оқу жоспарларының бағыттылығы мен басымдықтарын оларға тәжірибелік машықтарға үйрету бойынша және тәжірибелік біліктілікке ие болу бағдарламаларын қосып, өзгерту.

 Кәсіпкерлікке бағдарланған оқу бағдарламаларын, білім беру курстары мен институттарын құру.

Мен сөзімді, әсіресе, жастарымызға арнағым келеді. Бүгін мен жариялаған Жаңа саяси және экономикалық бағыт сіздерге жақсы білім беруді, яғни бұдан да лайықтырақ болашақ сыйлауды көздейді. Мен сіздерге - жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер Жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер. Мемлекет басшысы ретінде мен әрдайым сіздердің оқуларыңыз бен өсіп-өнулеріңіз үшін барлық жағдайды жасауға тырыстым. Әлемдік деңгейдегі университет, зияткерлік мектептер аштым, "Болашақ" бағдарламасын құрдым. Қазір мемлекеттік жастар саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленуде. Мемлекет сіздердің алдарыңыздан жаңа мүмкіндіктер ашылуы үшін барлығын жасауда. Олар - сіздердің ата-аналарыңыз тіпті ойлап та көрмеген мүмкіндіктер.
Естеріңізде болсын: сіздердің табыстарыңыз - ата-аналарыңыздың табысы, туғандарыңыз мен туыстарыңыздың табысы, отбасыларыңыздың табысы, барлық отандастарыңыздың табысы, біздің Отанымыздың табысы", - деген патриоттық рухты көтеретін сөздерін айтуға болады.

Елбасының бұл сөздері білім беру саласының әрбір қызметкеріне жол көрсетуші болып табылатыны анық. Біздің жұмысымыздың басты нәтижесі - жас түлекті тәрбиелеп, білімді, сапалы, саналы азамат ретінде қалыптастыру. Сапалы білім алушы жас ұрпақ интеллектуалдық ұлтты қалыптастырудың негізі болып табылады. Сондықтан білім беру жүйесі ХХІ ғасырда еліміздің стратегиялық дамуының негізгі бағыты болуы қажет. Осы орайда Елбасы ең үлкен құндылықтың білімге ұмтылу екенін атап өтті. Ал кез келген елдің экономикасын дамыту үшін білімді кадрлар керек. Білім беруде жаңалық енгізу күрделі үрдіс. Сондықтан әрбір білім беру мекемесінің оқытушы профессорлар құрамы өз білімдерін дамыта отырып, студенттерге дәріс беру кезінде ғылым мен инновацияны жаңашыл дамытушы болуы керек. Сонымен қатар, бұрыннан қалыптасқан оқыту-тәрбие үдерістерін өзгерту қажет деп, ойлаймын. Шынында да, сапалы білім беру мен жастардың тәрбиесі қоғам дамуының маңызды ресурсы болып табылады. Әрбір мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі ең алдымен жастарға байланысты болғандықтан, Қазақстан жастары Президенттің мемлекеттік жастар саясатын нығайтуын қолдайды. Жастар саясатының ішінде ауқымды және нақты жұмыстар жүргізілуде. Осы бағытта мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының жобасы жасалынған болатын. Оқушыны тек сапалы білім беру арқылы қызықтыруға болады.

Үкіметке 2013 жылдан бастап халықаралық үлгідегі куәліктер беру арқылы инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді тапсырды. Оқытудың жаңа әдістемелік жүйелерін жаңғыртып, өңірлік мектеп орталықтарын құрып, білім берудің онлайн-жүйелерін белсене дамытудың керектігі айтылды. Мәселен, қашықтықтан оқытуды және онлайн режімінде оқытуды дұрыс жолға қойып, отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді, құралдарды қарқынды енгізу тиістігіне маңыз берді. Елбасы осы орайда жастарға жаңа саяси және экономикалық бағытты ұсынуыменен жақсы білім алып, лайықты болашақтарын сайлап, сенім артатындығын айтты [3, 5б]

Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Қазақстан-2050" стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауы ұлттық білім жүйесінің даму жолдары мен жастардың болашағын айқындайтын құқықтық құжат. Сондықтан, мұндай Президент Жолдауының дәстүрлі сипат  алуы бізді қуантарлық жайт деп, - ойлаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. "Егемен Қазақстан" газеті Сенбі, 22 желтоқсан, 2012 ж. №842-846 (27917) "Шығар күндей шындық" Әлібек АСҚАРОВ Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының бас директоры. thenews.kz/2012/12/22/1284849.html -1б.

2. "Кемел келешектің кілті" Жандос БАЗАРТАЙ, Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының бастығы. Қызылорда.www.egemen.kz/кемел-келешектің-кілті/ -1б.

3. "Жөні бөлек Жолдау" Жұмахан МЫРХАЛЫҚОВ, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор. wap.baq.kz/news/20841.1б.
+2 дауыс

Бір халық – бір ел – бір тағдыр

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Бір халық – бір ел – бір тағдыр»
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың  байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер.
Тәрбие сағатының барысы:
Қазақстан туралы не білеміз? Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанда білім алып жатырмын.Мен еліммен мақтанамын.Елімнің гүлдене бергенін қалаймын.

Ой қозғау:
- Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
- Қазақстан.
- ҚР-ның халқы қай тілде сөйлеу керек?
- ҚР –ның халқы қазақ тілінде сөйлеу керек.
- Біздің тұңғыш президентіміздің аты-жөнін білесіңдер ме?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
-14 желтоқсан күні жаңа «Астана опера» опера және балет театрында ҚР Президенті Тәуелсіздіктің 21 жылдығына арналған салтанатты жиналысында халқына үндеуі?
-Иә, балалар, Жолдауын арнады.
Мұғалім сөзі. Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ.  Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді.  Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды.
Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы өтті. Сессияда Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясын «Бүкіл халықтық өкілдік!» деп атады. Көреген Ұлт Көшбасшысының ұлы мақсатын сессияның аты да әйгілеп тұр: «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр»!
Елбасы сессияда сөйлеген өз сөзінде:
«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер,
«Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан.
«Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!
Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды деді.
Елбасы мынаны баса айтты: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». Ендеше, Ассамблея – барша қазақстандықтың мүддесі! -  деген болатын.
Оқушы: 1986 жылы 16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып,Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
Оқушы:Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі  туралы заң қабылданды.
Біз: «Мен – қазақстандықпын, өз елімде мен үшін барлық есік ашық!» – деп айта алатын әділетті қоғам құрып жатырмыз.
Бүгінде біздің азаматтар үшін барлық есік, барлық мүмкіндік, барлық жол ашық.
Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз. Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу – әрбір жауапты саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой. Біз бірлік пен татулық құндылықтарын қоғамның іргетасына, қазақстандық ерекше толеранттылықтың негізіне айналдырдық.
Біз осы құндылықтарды қазақстандықтардың әрбір болашақ буынына аялай ұсынуымыз керек.
Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты.
Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.
Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы.
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан.
Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат  қылдық.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі.
Сөзжұмбақ  «Жолдау» сөзі шығу керек.
1. Әлемдік сөзінің синонимі (жаһандық)
2. Отағасының антонимі (отанасы)
3. Ата-ана тәрбиелейді? (бала)
4. «…-біздің табысты болашағымыздың негізі» (Ұлт денсаулығы)
5. Тіл дамуы, сақталуы үшін қандай қаріпке көшпекпіз?  (латын)
6. Ел ертеңі жарқын болу үшін не істеу керек? (Білім алу)
- Ендеше, балалар, бүгін Жолдау туралы әңгімелесеміз.
Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы –балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне –«Бала тәрбиелеу-болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр. Бұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған әрекет. Адамзат өзінің байырғы құндылықтарынан ажырамауы үшін ат салысып, адамдарды ізгілік пен қамқорлыққа шақыруы көңілге қонымды.
Отағасының серігі отанасы демекші Елбасы Жолдауында әлеуметтегі әйел адамның рөлі, оның келешегі жөнінде айтылған. Әйел адам ең алдымен- ана. Ал ана- отбасы, мемлекет шамшырағы. Қыз баланы –ұлттық дәстүрде тәрбиелеп, құрметтеу керектігін, оны зорлық –зомбылықтан сақтау, заманға сай білім алып, кейін қызмет етуіне құқылы екендігі айтылған. Баланы жалғыз тәрбиелеп жатқан аналарға көмек көрсету, олар үшін икемді еңбек түрлерін қалыптастырып, үйде жұмыс жасауларына жағдай туғызу перспективасы қуантады.
Білім- барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Олар:  инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ.
Президент  Жолдауының «Ұлт денсаулығы- біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген. Бұл Жолдаудың іске асырылуы – Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз.
Елбасымыз биылғы дәстүрлі «Қазақстан – 2050» Стратегиясы Жолдауында жарқын болашаққа айқара жол ашты. Ондағы ең өзекті мәселенің бірі, бірегей  қазақ тілімен 2025 жылы латын әліпбиіне көшу жайы көпшілікті ерекше қуанышқа бөледі. Тәуелсіз ұлт болудың ежелгі шарттары: өзіне тән тілі, сенетін діні, салт-дәстүрі, жазуы, басқа ерекшеліктері болу .
Енді Жолдауда айтылған өркениетті дамыған 50 елдің қатарына жету бағыт – бағдарына ілесу, үлес қосу ісі тұр алдымызда. Латын қарпіне көшу сол өркениет шыңында тұрған  50 елге жақындастыра түсіп, олармен қоян -қолтық бәсекелесуге жаңа негіз қалайды. Өскелең ұрпақ үшін тіптен тиімді.
Ән: Елім менің.( тыңдалады)    
Өлеңдер оқылады. (тіл, тәуелсіздік, отан туралы)
Қорытынды:
- Жолдау туралы не түйдің, осы айтылған тарауларда не айтылмады?
«Ойын»
«Мен президент болсам халыққа Жолдауым…» Оқушыларға өз ойларын айтқызу.
Ән: Көк тудың желбірегені. (тыңдалады)
Мен 21-ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін.
Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.
Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.
Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! -деген елбасымыздың қорытынды сөзімен сабағымды аяқтаймын. Тыңдап сабаққа қатысқандарың үшін рахмет!

0 дауыс
Мәңгілік Ел -ұлттық идеясы- халқымыздың ұлы мұраты деген тақырыпқа шығарма жоспарымен керек өтініш
...