+6 дауыс
2.8k көрілді
Жасым 19-да. 3 курсқа өттім. Мамандығым архитектура. Сурет салғанды жақсы коремін. Басында бәрі жақсы еді, қазір мүлдем керсінше. Маған психологиялық көмек керек.

Өзім бәрін шешкім келеді, бірақ қолымнан келер емес. Мен қазір қатты қиналып жүрмін. Мен азанда оқуға, кешке жұмыста боламын. Қазір демалыс болған соң бір күн жұмысты бір күн үйдемін. Ата-анам ауылда тұратын болған соң, мен қалада папамның қарындасының қолында оқимын. Апкеммен бірге тұрып жатқаныма бір жыл болып қалды, басында маған мүлдем сөйлемейтін қазір аузына келгенін айтып көңілімді қатты қалдырып жүр. Тіпті, маған қатысы жоқ шаруаларға да мені тығатын болған.
Бар себеп менің бір суткы жұмыста болғаным. Жұмыстан шаршап келсем де сол үйді жинап, ыдыстарын жуып, қолымнан келгенше реттеп қоямын. Бірақ апкемнің ешқашан көңілі толмайды. Айтеуір минус табады да тұрады. Әпкем жас емес жасы 40 жетип қалды. Бала-шағасы да бар. Жұмыста істейді. Жұмысына барсаң сонда отырып жынға тиетін сөздер айтады. Қатты көңіліме алғаным әке-шешем жайлы жаман әңгімелері, мені бұзылған қызға теңегені, мені кекетіп сөйлегендері есіме түссе жынданып кете жаздаймын.

Мен сабырлы жанмын. Маған қанша ауыр сөз айтса да мен осы уақытқа дейін оған бір сөз қайтарған емеспін. Енді шыдай алмайтын шығармын қатты шаршадым. Өзім жасамаған істерді істеткізіп, аузына келгенін айтқанын қаламаймын. Үйден кетем деп шешім қабылдадым. Бірақ анашым біраз шыда. Бәрі дұрыс болады қояды ғой диді. Кв шыксан саған кім қарайды. Кіммен жатасын осы бар айтары. Анашым апкемнің маған айтар сөздерін білмейді. Оларды ұрыстырғым келмейді. Не істесем екен? Қалай әпкемнен құтылымын. Ол ешқашан маған тыныштық бермейді. Оқуымнын ақшасын да, киімімнің ақшасын да өзім табам. Соны да әке-шешеңнен аласын сен арамы, Оқу ды да оқымайсың сен өз кайфушана жұмыс жасап жүрсің деген сөздері тағы бар.

Соның сөзін естімеймін деп, көп жұмысқа түсем қазір де жұмыстамын. Маған аянышты, болмаса барі жақсы болады, біраз шыдай тұр, ол сені түсінеді деп айтпасаңыздар да болады, әпкем адам баласын түсінбейді. Оның ойынша өзінің бар айтқаны дұрыс және ол ешқашан қателеспейтін адам. Сіздерден өтінішім, маған жай ғана өз ойларыңызды білдірсеңіздер.

Не істесем  болады, ол мені жайыма қалдырады? Жауап кутем. Алдын ала рахмет!!!

p.s. Кері байланысқа келген хат!

12 жауап

+5 дауыс
Иә жағдай түсiнiктi, ол әпкең шаршаған екен, бiраз ем қабылдап жiберу керек сыңайлы ) Жәрайд серьезға келер болсам ол сенi жақтырмайды, кетiре алмай жүр үйден, мүмкiн нанына нагрузка болып жүрген боларсың. Еш ойланбай кв-ға көшу керек группалас қыздардың арасына амалдап жайғасу қажет. Анаңа айтатын сылтау көп қой, әпкем үйi жұмысыма алыстық қылып жатыр де, Оған ауырпашылығымды түсiргiм келмейдi де. Айтпақшы квартираға шығарыңда әпкеңе қарап Хайль Гитлер де!(әзiл) Барда өз ризашылығыңды айтып, берген дәм тұзына алғысыңды бiлдiрiп кет...
+1 дауыс
Əпкеңіз сізді мүлдем жақтырмайды. Оны ата-анаңа қалай айтпайсың? Айту керек. Сенің қиындықтарыңды тек сол мамаң шешеді. Квартираға жалғыз шығу да қорқынышты Қазақстанда. Немесе əпкеңмен ашық сөйлесіп көр. Жалғыз шешім табу мүмкін емес.
+1 дауыс
Менің қарындасым сенен де қатты қиналыпты, дәл осындай оқиғадан. Ол да студент кезінде бір туыс ағасының үйінде тұрған еді. Қарындасымыз сабақтан шаршап келген кезде, оның әйелі, шәй іш деудің орнына, жуылатын кірлерін үйіп қойып күтіп отырады екен, соны жуады екен, содан шаршап кеткен ғой. Оған тағы апта сайын 200-300 доллар беріп тұратын едік. 1 жылдан соң кв. шықты, қасына 2 жолдас қыздарын алды да жақсы тұрды, сабақтары да жақсы болды, біз барып, тұратынбыз. Ол қарындасымыз олар туралы енді айтып отыр ғой, кезінде айтпапты бізге оны. Біздің беріп тұратын ақшаларды және оқуға төлейтін ақшасын, ұрлатып аласың, маған беріп қой, керек кезінде алып тұрасың деп 1 жыл бойы ақшаларын алдап алып тұрған, кейін кетер кезінде сұраған екен 1 тиын да бермей қойыпты 4000 доллардай ақшасын. Сол кв. шыққан соң 200 доллар ақшасы 2-3 айға жететін болып кеткен ғой. Сен де уақытты созып қинала бермей кв. ға шығып тұрғаның дұрыс болар еді !!!
+1 дауыс
Дана мен сені жақсы түсіндім менің де мамандығым архитектор-жобалаушы, суретші дизайнер. Біздің сабақтарымыз өте қиын болды, оны ақшамен дұрыстай алмайсың, тек еңбектеніп адал бағамызды алатынбыз. Мен де сурет салғанды қатты ұнатамын, көбінесе архитектуралық макеттер жасаймыз. Сен түнде қандай жұмыс істейсің, қай жерде, ұйықтамай не істейсіңдер? Біз де солай макет біткенше ұйықтауға уақытымыз болмайды.
+2 дауыс
18 жастан бастап ешкім саған бөгет емес...
0 дауыс
Кайфушана жұмыс жасап жүрсің дегенді түсінбей отырмын.
0 дауыс
Әпкеңізбен тезірек татуласуға тырысыңыз. Уайымдамаңыз, сабырсыздық танытпаңыз,себебі мұндай жағдай сіздің болашақ мамандық иесі болуыңызға  кедергі жасайды, сізге дәл қазір оқу маңызды және де өзіңізге көп жүк түсірмеңіз, миыңызға тыныштық қажет, жұмыстан кейін үйге келіп, жайлы креслоға отырып әсерлі әуен тындаңыз, көзіңізді жұмып өзіңізді жаңа гүлдей ашылған секілді сезінуге тырысыңыз.Әпкеңізбен жақын ашық сөйлесіңіз,демалыс күндері Әпкеңізбен саябақтарда серуендеңіз, оған өз уайымдарыңызбен бөлісуге тырысыңыз, ол сізді түсінуі мүмкін.Барлық істі сабырлық пен істесе, бүкіл ауыртпашылық артта қалады.
+2 дауыс
Салем! Апкениздики кызык екен. Туган бауырынын кызы екенсиз керисинше демеу тирек болуы керек кой! Апкениздин кылыктарына конилинизди тусирип коп ойлап уайымдай бермениз жагдайдан шыгу амалын издениз. Кориспейтин адамыныз емес бугин болмаса ертен бир дастарханда отырасыз сондыктан ашык сойлесуим керек екен деп ойланбай ис истемениз. Кайта ашар есигинди лактырып  жаппа дейди. Сондыктан менин ойымша ол уйден кеткениниз жон, бирак кетсениз тату кетиниз. Бул да бир Алланын сизге берген сынагы шыгар сондыктан ашуга бой алдырманыз!
0 дауыс
Сіздің жездеңіз қалай, мүмкін бар бəле жездеңізден шығар?
0 дауыс
Қазір бары солгой барсан жакырмайт олып калат.нан кызганып
0 дауыс
Сәлем. Менің есімім Керемет. Менің жасым 39 да. Мен де туыстарымның үйінде тұрдым. Сені түсінемін. Біреудің үйінде тұрсаң кіріптар боласың. Сондықтан квартираға шық. Мынау менің телефоным 87011534084. Намаз оқитын жақсы қыздармен тұруыңа болады
0 дауыс
Сіздің жездеңіз қалай, мүмкін бар бəле жездеңізден шығар?
...