+1 дауыс
3.3k көрілді
Переходный возраст деп жатады ғой. Iнiм сол возраста жүр. Қылықтары жағымсыз болып барады. "Музыканы айқайлатып қоятыны бар",бiр кiшкене ақыл айтайын деп қасыңа отырғызсаң "өзiм бiлем" деп шыға келедi. Айтқанды да iстей бермейтiн болып жүр. "Жас бала" емес екен, өз қалауы бойынша жүрiп тұрады екен ендi. Шыдамның да шегi болады , жарылып кете жаздап журмiн шыны керек. Сол "өтпелi кезеңде " журген балаға қалай көмектесу керек?

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Оған өтпелі кезенде жолдастары бар болса сол жолдастарының айтқандары ініңізге ықпалын тигізеді. Сосын үйіңізде қорқатын жанның айтқаны өтеді. Олар алдап-сулап олай болмайды былай болады деп түсіндірсе ол бала қояды деп ойлаймын. А так қоймайды ол есіріп кетеді. Арасында таяқтап алғанда жөн деп есептеймін. Себебі ол бала сол жасында өзін еркіндікте жүргендей сезініп ешкімнің айтқанын істемей дандайсып кетуі мүмкін. Сол себепті жас кезінде көкесін көзіне көрсетіп арасында сабап алып тұрыңыз! Кейін қайта өзіне жақсы болады. Өзі кейін түсініп сосын рахмет айтады!
Рахмет Жахар! Ия ол да дұрыс таяқтап алу керек сияқты.
+2 дауыс
Көркем қыз! Өтпелі кезеңде балалардың бүкіл организмінде күрделі өзгерістер болады: бойы өседі, даусы өзгереді, жыныс органдары дами бастайды. Ондайда шыдамдылық танытқан дұрыс. Бала өте қатты есіріп бара жатса, аздап ұрып алғанның зияны жоқ. Негізі, өтпелі кезеңдегі баланы спортпен, бір хоббимен немесе компьютерлік ойындармен қызықтырған пайдалы.
Кеңесiңiзге улкен рахмет.
...