0 дауыс
Сәлеметсізбе Жазира Жақсылыққызы! Мен Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласының тұрғыны 1 – ші топ мүгедегімін. Жасым 55 те. Біздің Ақтөбе қаласында мүгедектерді оңалту орталығы болмағандықтан, сіздің қаладағы Қызылорда оңалту орталығына Алла қолдаса барып аяғымнан жүрем бе деген үмітпен барғым келеді. Егер рұқсат болатын болса мен қандай құжаттар дайындауым керек және басқа облыстың тұрғындарына тегін қызмет көрсетіле ме, әлде ақылы ма?
25.08.2015 764 қаралым

1 жауап

0 дауыс

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жолдаған сұрағыңызға сәйкес, Қызмет алушыларды оларға жергілікті бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға жіберуді облыстық халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері арқылы жүзеге асырады. 

Алайда  облыстық мүгедектерді оңалту ортылығында ақылы қызмет түрі жоқ екендігін хабарлаймыз.

25.08.2015
127,960Сұрақ
322,891Жауап
153,169Пікір
73,011Қолданушы