0 дауыс
439 көрілді
ЭЦҚ алу жөнінде сұрайын деген едім. Мен Қызылорда облысы, Сырдария ауданының тұрғынымын. Жұмыс орныма сотталмағаны жөнінде анықтама керек болған соң, Тереңөзек кентіндегі ХҚО бардым. Олар мені көшенің арғы бетінде орналасқан ИПға жіберді. ИП-дағы адам ЭЦҚ туралы өтініш шығарып беріп, мені қайтадан ХҚО жіберді. Одан соң олар қайтадан ИП-ға жіберді, сөйтіп маған ключты флешкаға салып беріп, 300 теңге сұрады. Енді сұрайын дегенім: ЭЦҚ қазіргі кезде ақылы ма сонда? Оны неге басқа дүңгіршектерден аламыз? Неге ХҚО бермейді? Алдында ХҚО тегін беретін еді. Осыған түсінбедім.

1 жауап

0 дауыс

Электрондық сандық қолтаңба алу үшін сіз жақын жердегі ҚР ҰКО тіркеу орталығына өтініш білдіруге тиіссіз.

ЭСҚ алу үшін мына құжаттар керек:

1) тапсырыс нөмірі мен тапсырыс берушінің қолы бар өтініш (үлгі бойынша);

2) тапсырыс берушінің жеке басын куәландыратын құжат – тіркеу куәлігінің иесі (жеке басын куәландыратын құжат, паспорт, мекен-жайы, уақытша куәлік) жеке сәйкестендіру нөмірінің (ЖСН) көшірмесі;

3) жеке тұлға өкілі тапсырыс беруші атына сертификат алса, алайда Тіркеу орталығына келмесе, нотариуспен куәландырылған сенімхат (үлгі бойынша) немесе негізгі сенімхаттың түпнұсқасы мен көшірмесі.


Толық ақпаратты мына сілтемеге өтіп оқи аласыз:ЭСҚ алу

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
...