+1 дауыс
472 көрілді
Ассалаумағалейкум Қырымбек Елеуұлы! Мен көзімді ашқалы мал шаруашылығымен айналысып жүрген, сонымен күн көріп жүрген шаруамын. Асылтұқымды мал бағып, көбейтумен айналысамын. Енді ет пен сүт өнімдерін экспортқа шығарайық десек, оған қол байлау болып отыр. Жақында бір сұхбатыңыздан оқып едім, буферлік аймақтан шығару үшін жұмыстар жасап жатырмыз деген. Сол жұмыстар жақын арада аяқталады ма? Және тағы бір сұрағым бар еді. Мал азығын сатып алу шаруалар үшін үлкен шығын, бағасы да шарықтап тұр. Мал азығымен қамтамасыз етуде жеңілдіктер қарастырылады ма? Осы жағынан көмек болады ма екен.

1 жауап

0 дауыс

Елбасы, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ауыл шаруашылығына деген ерекше ықыласының арқасында 90-шы жылдары үлкен дағдарысқа ұшыраған мал шаруашылығы бүгінде дамудың жаңа даңғылына шығып келеді. Қазір облыста ірі қара, жылқы және түйе басының саны ең берекелі 1990 жылғы дейгейден асып түсті, ал қойдың саны жақсы қарқынымен өсу үстінде. ветеринария жүйесін жетілдіру шараларының арқасында, үстіміздегі жылы облыс ауысыл ауыруынан (бруцулез) буферлік аймақтан шығарылатын болды. Бұл өз кезегінде облыстың мал шаруашылығын жоғарғы деңгейде дамытып, оның өнімдерін экспортқа шығаруға жол ашады. Сонымен бірге, қуаты жылына 7 мың тонна тоқты етін өңдейтін ет комбинатын салу жұмыстар қолға алынды. Оған қоса жайылымдық мал шаруашылығын дамыта отырып, ірі мал бордақылау алаңдары салынатын болады. Осы межеге жету мақсатында үстіміздегі жылы, «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру» жобасы аясында облыс бойынша 100 тонна ірі қара мал етін экспорттау жөнінде Ауыл шаруашылығы министрлігімен меморандумға қол қойылды. Осыған сәйкес, ағымдағы жылы етті экспортқа шығару мақсатында Қызылорда қаласынан «Ет-сүт өнімдерін өңдеу орталығы» құрылды. Аталған Орталық «ҚазАгроӨнім» АҚ арқылы қой етін экспорттау жөніндегі келісім-шартқа отырды. Екінші сұрағыңыз бойынша, шаруалардың мал азығымен қамтамасыз етуде жеңілдіктер қарастырылғанын айтқым келеді. Жыл сайын облыс көлемінде мал басының көбеюі өз кезегінде құрама жем зауытының қажеттілігін арттыруда. Осы себепті жақында Қызылордада тәулігіне 80 тонна құрама жем өндіретін зауыт ашылды. ҚР АШМ-нің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығына сәйкес мал шаруашылығын дамытуға облыстық бюджеттен 2250,0 млн теңге қаржы қаралған. Осы бөлінген қаржының ішінде шаруашылықтардың құрама жем, жем қоспаларын, ірі және шырынды азықты дайындауға немесе сатып алуға кеткен шығындарын ішін-ара арзандатуға субсидия бөлініп отыр.

...