0 дауыс
903 көрілді
Елбасының ерекше қамқорлығы арқасында Кіші Арал теңізі суының қалаға 17 км жақындағандығын көзіміз көріп отыр. Теңіздегі балық түрлері көбейіп, балықшылар ата кәсібіне қайта оралды. Осыған орай САРАТС жобасының екінші кезеңі бойынша қандай жұмыстар жүргізу жоспарда бар?

1 жауап

0 дауыс

Елбасының тікелей тапсырмасымен жүзеге асқан, ғасыр жобасы атанған «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» САРАТС жобасының бірінші фазасының жүзеге асуы Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына мүмкіндік бергені белгілі. САРАТС-2 жобасының жүзеге асыру Арал өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етеді, атап айтқанда: -Аумағы 63 мың гектар болатын суармалы жерлер тұрақты сумен қамтамасыз етіледі, -250 мың гектарға жуық жайылымдар мен шабындық жерлер суландырылады; -15 мыңнан аса халық тұратын елді мекендер су басудан қорғалады; - Қазалы ауданы Бірлік ауылы маңынан автомобиль көпірін салудың нәтижесінде жыл бойы қауіпсіз автокөлік байланысымен қамтамасыз етіледі. -Арал теңізінің солтүстік бөлігіндегі және өзен сағасындағы жалпы ауданы 34 мың гектар болатын көлдер сумен қамтамасыз етіледі; - Солтүстік Арал теңізінің су басу ауданы 3151 шаршы шақырымнан 4645 шаршы шақырымға дейін ұлғаяды; - теңіздегі судың көлемі 27,1 текше шақырымнан 51,17 текше шақырымға дейін ұлғаяды; -балық аулау көлемі 30000 тоннаға жетеді; -балық шаруашылығы саласында 3 мыңға жуық жаңадан жұмыс орындары ашылады; -теңіз айдыны мен Арал қаласының арақашықтығы 1 шақырым болады; Сонымен қатар, су айдынының алаңы елді мекендерге жетіп, теңіздің кеуіп қалған ұлтанынан ұшқан шаңды тұздар азайып, туризмді дамытуға жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады. Сонымен қатар, 2014 жылғы 14 қарашада Үкіметпен САРАТС-2 жобасын Дүниежүзілік Банктің заемы арқылы (85%) және республикалық бюджеттен (15%) қоса қаржыландыру туралы шешім қабылданды. Бүгінгі күні, САРАТС-2 жобасы бойынша сыртқы қарыз алу жөнінде Дүниежүзілік Банкпен келіссөздерді бастау мәселесі пысықталуда.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
3 жауап
0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 19.05.2020 Мектеп сұрақ қойды
0 дауыс
5 жауап
...