Елбасының тікелей тапсырмасымен жүзеге асқан, ғасыр жобасы атанған «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» САРАТС жобасының бірінші фазасының жүзеге асуы Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына мүмкіндік бергені белгілі. САРАТС-2 жобасының жүзеге асыру Арал өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етеді, атап айтқанда: -Аумағы 63 мың гектар болатын суармалы жерлер тұрақты сумен қамтамасыз етіледі, -250 мың гектарға жуық жайылымдар мен шабындық жерлер суландырылады; -15 мыңнан аса халық тұратын елді мекендер су басудан қорғалады; - Қазалы ауданы Бірлік ауылы маңынан автомобиль көпірін салудың нәтижесінде жыл бойы қауіпсіз автокөлік байланысымен қамтамасыз етіледі. -Арал теңізінің солтүстік бөлігіндегі және өзен сағасындағы жалпы ауданы 34 мың гектар болатын көлдер сумен қамтамасыз етіледі; - Солтүстік Арал теңізінің су басу ауданы 3151 шаршы шақырымнан 4645 шаршы шақырымға дейін ұлғаяды; - теңіздегі судың көлемі 27,1 текше шақырымнан 51,17 текше шақырымға дейін ұлғаяды; -балық аулау көлемі 30000 тоннаға жетеді; -балық шаруашылығы саласында 3 мыңға жуық жаңадан жұмыс орындары ашылады; -теңіз айдыны мен Арал қаласының арақашықтығы 1 шақырым болады; Сонымен қатар, су айдынының алаңы елді мекендерге жетіп, теңіздің кеуіп қалған ұлтанынан ұшқан шаңды тұздар азайып, туризмді дамытуға жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады. Сонымен қатар, 2014 жылғы 14 қарашада Үкіметпен САРАТС-2 жобасын Дүниежүзілік Банктің заемы арқылы (85%) және республикалық бюджеттен (15%) қоса қаржыландыру туралы шешім қабылданды. Бүгінгі күні, САРАТС-2 жобасы бойынша сыртқы қарыз алу жөнінде Дүниежүзілік Банкпен келіссөздерді бастау мәселесі пысықталуда.