Халық өз билігіне лайықты деп айтады, дұрыс па? Бірақ есіме Құрама Араб Эмираттары ылғи келеді. 1970-шы жылдары сол арабтар өте қараңғы, тіпті сауатсыз халық еді. Көпшілік балықшы боп өмір сүрген. Күнде теңізге барып балықты ұстап алып базарда сатып жүретін. "Дубай" деген сөз сол базарды білдіреді ғой.
1971 Ұлы Британияның отарынан босағаннан соң жаңа ұлттық-патриот эмирлер билікке келеді. Әсіресе эмир Заед өте сауатты я патриот болған. Нәтижесінде 20 жылдың ішінде Эмираттар бүгінгі эмират болды, ал арабтар өте бай, білімді халыққа айналып кетті. Айтпақшы, бұлардың дирхамы әлемдік ең тұрақты валюталарының біреуі.
Сонда арабтардың билігі өз тіпті сауатсыз халқын 20 жылдың ішінде өте бай және білімді қылып алды ғой? Ал қазақ халқы 1990-шы жылдары 1970-шы жылдары арабтарға қарағанда түгел сауатты, өте еңбекқор, адал халық еді.
Енді Тәуелсіздігімізге 25 жыл болайын деп жатыр, ширек ғасыр өтті деген сөз. Бір буының өмірі ғой. Сонда неге арабтар секілді бай және білімді бола алмадық? 20 жыл бұрын соншама жемқор да болған жоқпыз ғой.
Сонда халықтың билігіне әлде биліктің халқына ықпалы зор?
Мұхтар Тайжан