0 дауыс
493 көрілді
Егеменді ел болғанымызға 25 жыл болды,неге тойларда сөзге шыққан қазіргі жастар орысша тілек айтады??? Оған үлкен кісілер қатты ренжіп қалып жатады.

6 жауап

0 дауыс
Олар қазақша білмейді, содан кейін орысша сөйлейді...
Егеменді ел болғанымыз қайда қалды сонда???  намыстары жоқ екен, Қазақ өз ана тілін силай алмай ма сонда??? Көшедегі  түріктер,шешендер,өзбектер, күрділер, ұйғырлар өз тілдерін қалай ұмытып кетпеген,олар өз тілдерінде ғана сөйлеседі бір-бірімен, солар қалай ана тілдерін ұмытпайды а??? Қазақстанда тұрып жатса да??? Олар орыс мектептерінде оқитыны белгілі ғой.
Сол қазақша білмейтін мәнгүрттердің балалары кейін мүлдем орыс болады десеші тағы 15 жылдан соң!!!
Тіл мәселесін қолға алатын ешкім болмай тұр ғой!
Осының бәрі қоғамның жаппай сауатсыздануынан деп ойлаймын. Егер ол өз Қазақ тарихын,әдебиетін, оқығанда намыстары оянып, бір орысша сөз айтпас еді. Дәрігерлері анау сау адамды кәлека етіп шығарады, өлтіріп те жатыр. Мектепте жемқорлық қатты қайнап жатыр, тастайтынын берсе тесттен 125 балл дайын дей бер, студент аталып шыға келеді, тағы тастап-тастап жіберсе дипломы да дайын, енді бұны қалай сауатсыздық деп айтпайсың???
+2 дауыс
Себебі қазір қазақтарға  қазақша сөйлеудің өзі қиын болып кетті . Бір сыныптасым есіме түсіп кетті өзі журналистикаға барам деп отыратын бір күні айтады  Абай жолын қазақша оқығанда түк түсінбедім оған қарағанда орысшасы жақсы екен ,түсінікті деп отыр

Бірақ қоғам солай болып кетті , амал жоқ қазақ деген еліктегіш халыққой !!!
Қайдағы еліктегіш !!! Еліктегіш болса Абайға, М. Әуезовке, М.Мақатаевқа, Қ. Аманжоловқа, Т. Рысқұловқа, Б. Момышұлына, т.б керемет қазағым деген ұлт жанашыры болған, болып жүрген ағаларымызға еліктер еді ғой, қайдағы жоқ өзге харам шошқа жегіш сары иванға ұқсағысы келе бермей. болмаса ұлтын орыс деп жаздырып алсын.
мен ол кісілерді еліктегіш демеймін ! Бірақ қазіргі жастардың көбісі еліктегіш екені өтірік емесқой!
Пікірді дұрыс түсінбей қалыпсың???Қайтадан оқып шықшы, мағынасын түсінесің.
0 дауыс
Әрине,қазіргі кезде орыс тілі құлашын кен жайып келеді деп ойлау әрине қате.Сіз бұрынғыны алып көріңізші.Мысалы.Қазақстан ұлттық арнасы бұрын 2 тілде қызмет ететін.Ал қазір тек қазақ тілінде сөйлейді.Бұл ғажап.Әлі ақ қазақ өз тілімен мақтанатын халге жетет.Мысалы тағы Украйнаны алып қарайық.Орыс тілін мүлде алып тастап еді,орыстар онын шұрайлы деген Қырымын алып қойды.Ал қазақ бірден орыс тілін жоғалтса онда Бурабайдан айырылмасына кім кепіл.
+1 дауыс
Әр қайсысының өз себептері бар. Мүмкін қазақ тіліне тілі келмитін шығар.
Сандырақ олардікі 42 күнде Қазақтың 42 әрпін жаттап алуға болатын шығар, сонда бір тәулік бойы бір ғана "ұ" әрпін жаттасын.......  Оларда ұлттық намыс жоқ!!!
0 дауыс
Ұлттық намысымыз аз сияқты шынында да. Сөз арасында орысша шала қазақша сөйлеу әдетіміз болып кеткен. Біреу орысша қате айтса, жазса күлеміз. Қазақ тілінің болашағына сену керек.
0 дауыс

Тәлпіш қо, 

орысша сөйлесе өзің  элита санайды

Қайдағы элита, мәнгүрттеніп, орыстың құлы болып тұрып. Чечен халқы ресейде жүріп орысша сөйлемейді, олар орыстарға бағынбайды құл болып.
...