+6 дауыс
1.3k көрілді
Басқа ұлтқа қарап, мүдірместен қазақша сөйлеуге неге ұяламыз, олар неге өз тілінде бізге батыл сөйлей алады. Осы қашан керісінше болады....

16 жауап

+8 дауыс
Мен бармын. )))))))) КІшкентай кездімде орысша айтуға уялатын кезімде орыс екі қызбен ұрсып қалдым. Олар маған орысша бірнарсе айтты мен оларға "өзіңе қарап ал" деппін. Біраз ұрыстық есімде емес қазір. Бірақ сол жері есіме түссе қазір күлкім келеді )))))))))))))))))хихихихихих
кішкентай кезде өз ісімізге есеп бере алмаймыз, ал өскенде ше.....
Мен жақында телефон арқылы орыс адамға қазақша әңгіме айтқанмын. ОЛ түсінді ме жоқ па білмеймін. Бірақ телефонға маза бермеген соң қазақшалап айтып тастағаным бар )))))))
Орысқа қазақша сөйлеймін деп жұмыстан шығып қала жаздадым ғой .Осыдан кейін қазақша сөйлеп көр !!!
+7 дауыс
Біреу айтып ед:
~ Бір топ орыс ұлтты азаматтардың  арасында жалғыз тұрсам, қазақ тілінде сөйлейін десем - түсінбейді ешқайсысы, олар - басым, мен - жалғыз, амалссыздан солардың тілінде ауыз ашуға тура келеді. Менің ойым - БІРІГУІМІЗ қажет, қашан көрсең, өзге ұлттар бауырмал қасиетті болады.  "Бірлігіміз жарасқан"  дей тұра, "Бірлігіміз жараспай тұр" . . .  ___қашан керісінше болатыны ай-жыл емес, ғасырға жетпесе игі еді . . . және автохтонды ұлтымыздың саны 100-дің кем дегенде 80% - ын құраса, менталитетіміз жөнделмек, көкірегімізді кермесек те бойымызды тік ұстап, "қазақ" деген атты намыспен айта, сауатты-білімді болуға тырысуымыз қажет, Достар.
ғасырда жетсекте деп сағызша созғанша, неге қазірден бастамасқа.... қашанғы тырысамыз...
+6 дауыс
Мен дүкендерге барғанда қазақша сөйлей берем, олар менің қазақшамды түсінеді, бірақ енді орысша жауап береді. Автобустарда да қазақша сөйлей беремін, "түсесіз бе, жоқ, т.б)" дегендей, ал араласатын адамдарымның арасында өзге ұлт өкілдері жоқ!
сөзіңнің 99%-ті шындық болса, жарайсың дегеннен басқа қосарым жоқ...
+7 дауыс
Мен өз басым сөйлемін! Дүкенге барсам да! Жұмыста болсам да, өйткені мен қазақпын! өз жерім де тұрып орысша сөйлеген масқара маған!  Қазақстанда бір ғана ұлт бар олар ҚАЗАҚТАР, ал қалғандары диаспора!
Сол себепті диаспораларды мәжбірлету керек қазақша сөйлетуге, кезінде бізге орысша сөйлеткендей!
Қазақстан қазақ тілісіз өмір сүру қыин қылу керек, ал үшін билікте отқан Кеңес үкіметнің тәрбиесін көргендер кету керек биліктен! Билікке нағыз қазақтар келу керек, сонда ғана керісінше болады!
Бір грамм орысша сөйлемегендей айтасыз ау, көкіректі текке ұрып, ешкімді кінәламаңыз, батырлықты өзіңізден бастаңыз....
Рас орысша қосып қоятыным бар бірақ байқаусызда! Шындықты айтқан кінәләу емес!
шынымды айтсам мен орысша  көп білмеймін. ал базарға немесе қоғамдық ортада біреу басқа тілде сөйлесе де мен қазақша сөйлуймін. өйткені менің тілім ҚАЗАҚ. бірде ауылдан 2 дос ұызым келді да сосын 3 еуміз базарға бардық. содан жаңағы достарым біз аламыз ақшаны төлейміз  сен сатушымен сөййлесіп бізге бағасын айтып жүресің дет. мен оларды ренжітпеу үшін тырысып жүрмін біздің маңғыстаудың көбі қазақ қой. біз болдық алып сен алып бболсаң кетейік дегесін шыгып бара жатқанда 1 досым мен тағы да әдемі кофта  көрдім соны алайықшы жүрші деп содан жаңағы жерге келдік. сатушысы орыс болып шықты достарымм бағасын сұраш дет мен сатушыға қарап бұл қанша тұрады дедім достарым күлдіде олай бізде айта аламыз сен орысша айтшиш дет мен орысша білмейм дедм содан 1 создін кесірінен әдемі кофтаны ала алмадық. содан кейін мен адамдармен орысша сөйлессіп үйреніп жүрмін бұл дұрыс кой да бірақ мен ана тілімді басқа тілмен шұбарламаймын.
Белгісіз
Ой, Аллай, адам тіл білмегеніне мақтанатын заман болған ба? Не сұмдық бұл?
+3 дауыс
Орысша білмегендер мен ұялмайтындар бар ғой)...
Иа мен де бұрын мектепте орысшаны акцентпен айтатыным үшін, яғни сөйлей алмайтыным үшін қатты ұялатынмын. Литература сабағында үнемі біресе оқытад біресе тақтаға шығарад, үнемі қате қате. апайым о божемой олай емес деп айғайлап отыратын ед көздері жалығып кеткен адам құсап, кластағылар күлед. Кабинеттен шығып кеткім келетін қысылғаннан. Ал ка есіме алсам күлкім келед
бекерге ұялып жүріппінғой деп
+4 дауыс
Былтыр жазда бир кызга оте риза болганым бар . ЦОН га барып , окошкиде тур едим, бир орыс келип жанагы мемлекет кызметшисинен орысша бир нарсе сурады. Ол кыз казакша жауап берди , алги орыс тагыда орысша бир сурак койды , кыз тагыда казакша жауап берди. Мен казакша тусинбеймин деп еди орыс орысшалап, казак кыз, мен орысша сойлемеймин деп жауап берди казакшалап. Орыс колын бир силтеп кетип калды.))))))) Сол кызга катты риза болып калганым бар )))))) Али есимнен кетпейди, есиме туссе кулип алам .
ол қыз да біраз  артық кетіпті. Әр ұлтты сыйлау керек. Ол адамның жеке басынының не кінәсі бар. Әдейі түсініп тұрса да орысқа маған қазақ тілінде айтыңыз деп тұратындар да бар. Бұл тілді сыйлағандық емес мәдениетсіздік, кемсітушілік
+2 дауыс
мен орыстармен қазақ тілін білмейтін қандастарға батыл әрі еш шімірікпестен мыстарын баса тұрып сөйлеуді бастап кеткеніме біраз болыпты. Әрі бұл ісімнен ләззәт аламын, сендерде сөйтіңдер
+3 дауыс
Бар әрине. Батырларға келсек Бауыржан Момышұлы атамыз бар. Бір куні өз дарежесімен тең командир баталонды атып тастапты, қазақшаға тусінбейсің деп.
қой енді))))))))
асыра сілтеп жібердің ғой
+1 дауыс
Мен ғой!!! Астанаға бірінші келген орысша білмейтінмін. Барлығына бірдеу қазақша сөйлейтінмін орыс порысы қарамай. Қазір ғой қазаққада орысша сөйлеп жұқсыз болып жүрк.
+1 дауыс
Ол 3-ғасырдан соң болады
+2 дауыс
Ондай батырлар саусақпен санарлық... Ең болмаса өзбектер сияқты болсақ қой... Өзбекстанда вокзалға барып, орысша билет сурасаң, саған қарап тұрып айтады екен: "өз тілің жоқ па? Орысша емес, қазақша сұрасайш" -, деп айтады екен. Бізде қай вокзалда көрдін қазақша сөйле деп айтқан??? Неге қазақша сөйле деп айтпайсындар???
0 дауыс
Қазақ тілі тілге бай ғой, ешқандай тіл ҚАЗАҚ ТІЛІМЕН салыстыруға келмейді...
Көбіне орыс қыздармен сөзге келіп қалғанда, қазақ тілінің сирек қолданылатын сөздерін акцентпен айтып тастаймын, түсінбей, өзінің орысын тықпыштайды! Нәтижесінде: мен жеңемін..
Жоқ а орыс тілі əлдеқайда бай. Қазақша бір сөзге орысшада 7сөз. Кейде орысшаның бір сөзін қазвқшада жоқ болғасын 1талай сөзбен түсіндіру керек болад. Мүмкін менің сөздік қорым тар деп ойласаң, онда біздегі тек лингвисстер ақындар ғана білет дегендерді олардікінде еүнделікті сөздер сонда олардың тек ғалымдары білетіндерін қосқанда қанша болатынын құдай білсін
0 дауыс
Жай қазақ тілімен айтар болсам орыс бастығыңа "Асылып қал" деп айтар едім. Мен орыс болсын, татар болсын, кәріс болсын қазақша сөйлеймін оларға. Өйткені мен олардың жерінде тұрып жатқаным жоқ солардың тілінде сөйлейтін. түсінсе жауап берер түсінбесе маған бәрі бір екі қойың бір сом. Ал егер маған орысша айт қазақша емес десе онда ол адамның құны бір соққы және жай ғана құлағына сыбырлап асылып қал деп айтамын. Маған тек қазақ ұлты ғана былай сөйле деп айта алады ал қалған ұлттарға айтқызбаймын
0 дауыс
Мен солей алам))),несіне уйяласын оз тілінде сойлген
+1 дауыс
Кафе де бармен қызға қазақша сөйлеп едім орысша жауап берді. Мен түсінбеймін қазақша айтыңызшы деп едім қасындағы қазақ қарындасым маған ұрысып тастады. Аға не болды сізге, көзіңіз көреді ма, алдыңыздағы қыз қазаққа ұқсай ма дейді. Ол неміс болса немісше сөйлеуім керек пе әлде мен орысқа ұқсаймын ба деп едім қарындасым күліп жіберді. Жалпы орыстарға қазақша сөйлей беріңіздер. Әлем бойынша ірі тілдердің ішінде орыс тілінде сөйлеушілер жыл сайын млн-дап азайып жатыр екен. Оған себеп орыстардың туу көрсеткіші төмендігі, тмд аймағы өз тілдерін дамытуы, ағылшын тілінің басымдығы т.б. Өзбекстан, Түркменстан, Тәжікстан елдерінде орыс тілін қатты қажет етпейді. Қазақстан мен Белорыстар орыс тілден тас қылып айырылмауда.

Ұқсас сұрақтар

...