0 дауыс
14.3k көрілді
Демографиялық ахуал деген не?

5 жауап

0 дауыс

Мына мақаланы оқып шықсаң, Демографиялық ахуал сөзінің мағынасын түсінесің.

Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мемлекеттегі соңғы демографиялық ахуалға байланысты брифинг өткізді. Демографиялық саладағы соңғы көрсеткіштерді жағымды деп айтуға болады. Агенттік төрағасының берген мәліметтері бойынша жыл басынан бері Қазақстанның халық саны 42 мың адамға өсіп, 2013 жылдың 1 наурызына 16 млн. 953 мың адамға жетті. Осы жылдың алғашқы екі айында 66,4 мың сәби дүниеге келді. Бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 0,8 пайызға артық.

Өлім көрсеткіші 2012 жылдың алғашқы екі айымен салыстырғанда 2,3 пайызға кеміп, 25 мың адам болды. Біздің елге келгендер – 3209 адам, елден кеткендер – 2650 адам, осылайша миграциялық сальдо 559 адамды құрады. Алдын ала болжанғандай осы жылы тұңғыш рет Қазақстанның тарихында халық саны 17 миллиондық межеге жетеді. 

Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мемлекеттегі соңғы демографиялық ахуалға байланысты брифинг өткізді. Демографиялық саладағы соңғы көрсеткіштерді жағымды деп айтуға болады. Агенттік төрағасының берген мәліметтері бойынша жыл басынан бері Қазақстанның халық саны 42 мың адамға өсіп, 2013 жылдың 1 наурызына 16 млн. 953 мың адамға жетті. Осы жылдың алғашқы екі айында 66,4 мың сәби дүниеге келді. Бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 0,8 пайызға артық. Өлім көрсеткіші 2012 жылдың алғашқы екі айымен салыстырғанда 2,3 пайызға кеміп, 25 мың адам болды.  Біздің елге келгендер – 3209 адам, елден кеткендер – 2650 адам, осылайша миграциялық сальдо 559 адамды құрады. Алдын ала болжанғандай осы жылы тұңғыш рет Қазақстанның тарихында халық саны 17 миллиондық межеге жетеді.  

Жалпы, демографиялық мәселе біздің ел үшін қазіргі таңдағы маңыздылардың бірі. Кеңес Одағы орнаған тұста қазақ халқының демографиялық потенциалы өте жоғары болатын. Сол кезеңде қазақтар Орталық Азияда басқа этностардың арасында саны жағынан ең көбі болды. Қазіргі күнді алатын болсақ, көршілес Өзбекстанның халық саны 30 миллионға жетіп отыр, ал Қазақстанда 17 миллионға жуықтап қалды (оның ішінде 11 млн. қазақ).

Кейбір тарихи оқиғалар қазақ халқының демографиясына үлкен соққы тигізді. Оның ішінде қазақ даласында орын алған ашаршылықтың зардабы ауыр болды. Белгілі демограф Мақаш Тәтімовтың айтуынша, аштық әсерінен қазақтар халық санының жартысына жуығынан айырылған. Сонымен қатар, екінші дүниежүзілік соғыста 2 миллионнан аса қазақтың 350 мыңы соғыста қайтыс болды. Демографтың ойынша, егер осы оқиғалар болмағанда, қазақтардың саны осы күні 32-35 миллионға жетуі мүмкін еді.  

Мемлекетіміздің қазіргі демографиялық бейнесіне толығырақ тоқталайық. Территориясының көлемі бойынша тоғызыншы орын алатын Қазақстанда бір шаршы шақырымға не бары 6,2 адамнан ғана келеді екен. Халық тығыздығы бойынша мемлекетіміз әлем елдері арасында 184-орында тұр. Тәуелсіздік алғаннан кейін Кеңес Одағының көптеген бұрынғы мемлекеттеріндегідей Қазақстанда да демографиялық дағдарыс басталды. Экономикалық жағдайдың нашарлауы бала туу көрсеткішінің күрт төмендеуіне алып келген болатын. Бірақ соңғы жылдары әлеуметтік жағдайдың жақсаруы бала туудың үздіксіз өсуіне септігін тигізді.

Кестедегі сандарға сараптама жасайтын болсақ, 2003 жылмен салыстырғанда 2011 жылы туылған балалардың саны 1,5 есеге (124598 адам) өскен. 1000 адамға шаққандағы туу көрсеткіші 22,50 болып отыр. Бұл дегеніміз 2011 жылы халық санының 2,25%-на тең сәби дүниеге келді. Біріккен Ұлттар Ұйымы, АҚШ Орталық барлау басқармасы, Дүниежүзілік банк секілді құрылымдардың деректеріне сүйенсек, 1000 адамға шаққандағы туу көрсеткіші бойынша біз бұрынғы Кеңес Одағы мемлекеттері арасында Тәжікстан мен Қырғызстаннан кейінгі үшінші орында тұрмыз.

Халық санының тиімді өсуі үшін туу көрсеткішінің жоғары болуымен қатар, өлім деңгейінің кемуі де қажет. Қазақстандағы 1000 адамға шаққандағы бұл көрсеткіш 2011 жылы 8,71-ге дейін кеміді. Біздің мемлекеттің экономикалық тұрғыда Орталық Азия елдерінен әлдеқайда озық тұрғанына қарамастан, өлім деңгейі ол елдерде біздікінен төмен: Қырғызстан – 6,9, Тәжікстан – 6,49, Түркіменстан – 6,21, Өзбекстан – 5,29.

Сонымен қатар, Қазақстанның өзіне тән демографиялық ерекшіліктері бар. Ең басты үрдіс – әр түрлі этностардың әр түрлі демографиялық көрсеткіштерінде. Азиялық этностарда бала туу деңгейінің жоғары және өлім деңгейінің төмен болуы байқалуда. Керісінше, еуропалық халықтарда өлім туудан көп болып отыр. Осы орайда, саны жағынан ең көп екі халық – қазақ және орыс этностарын алып қарастырайық.

2011 жылы туылған 372544 баланың 272707-сі, яғни 73,2% қазақ ұлтының балалары, ал 47770-сі орыс ұлтының, яғни 12,8% болды. 2011 жылдың басына қазақ ұлтының үлесі 64,03 пайыз, орыс ұлтының үлесі 22,83 пайыз болғандығын ескерген жөн. Қазақтардың туу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 25 (жалпы халықтың 2,5%-ы) болып отыр. Орыс халқында бұл көрстекіш 12 деңгейінде. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі дағдарыс болған қиын кезеңдердің өзінде қазақтардағы бұл көрсеткіш 17-ден кем болған жоқ, ал 80-жылдардың аяғында туу 1000 адамға шаққанда 30 болғанын ескеретін болсақ, әлі де өсудің потенциалы бар екендігі анық.

Жоғарыдағы кестеде көрсетілгендей қазақтардағы өлім көрсеткішінің деңгейі аймақтағы басқа елдермен шамалас деңгейде. Оған ең негізгі фактор қазақтардың жас халық болуы. Халықтың демографиялық ахуалының бір көрінісі ретінде халықтың орташа жас көрсеткіші маңызды болып табылады. Орташа жас дегеніміз – халықтың тең жартысы сол жастан төмен, тең жартысы сол жастан жоғары болатын көрсеткіш. Мамандардың айтуынша қазіргі таңда қазақ халқының орташа жасы 26-27 шамасында, орыс халқында әр түрлі деректер бойынша 45-47 төңірегінде болып отыр. Яғни, қазақтарда репродуктивті адамдардың үлесі жоғары. Ал еуропалық этностарда туудың төмен болуы және елден көшіп кетіп жатқандар арасында экономикалық белсенді адамдардың басым болуы олардың демографиялық жағдайларының нашарлануына өз септігін тигізуде.

2009 жылғы халық санағынан кейін қазақ халқының үлесі 63,1%, ал орыс халқы 23,7% болды, 2013 жылдың 1 қаңтарына қазақ халқының пайыздық үлесі 65-ті құрап отыр, орыстар 21,8 пайызға дейін қысқарды. Бұл ретте көпшілігі айтып жатқандай орыс ұлтының жаппай көшу мәселесі жоқ. Қазақтардың жылдам өсуі олардың үлесін көбейтуде (табиғи өсім 200 мың үстінде). Қазіргі үрдістер жалғаса беретін болса, болашақта біздің елдің демографиялық бет-бейнесі күрделі өзгереді.

Сондай-ақ, жақын болашақта демографияға төнетін қатерлер бар. Мамандардың айтуынша, алдағы жылдары Қазақстандағы туу көрсеткіштері төмендей бастайды. Қазақстан Республикасы статистика агенттігің төрағасы Әлихан Смайылов 2015 жылдан бастап Қазақстандағы бала туу саны төмендей бастайтыны туралы болжам жасады. Оны қазірдің өзінде анық байқауға болады. Алғашқы екі айда туу көрсеткіші не бары 0,8%-ға өсті. Оның айтуынша, оның себебі 90-жылдардағы демографиялық дағдарыс кезіндегі дүниеге келген балалардың репродуктивті жасқа түсуі. Ол кезде бала саны аз туылған болатын. Осы орайда, Қазақстан үкіметі бала тууды ынталандыратын шараларды қолға алғаны жөн болады. Сонымен қатар, шетелдегі қазақтарды көшіріп алып келу қарқынын үдету орынды болатын еді. Соңғы кездері жастар арасында жанұя құндылықтарының төмендеуі де демографияға әсер ететіні анық.

Біріккен ұлттар ұйымының классификациясы бойынша елдің қартаю дәрежесін көрсетудің жолдары анықталған. Ол бойынша 65 және одан жоғарғы жастағы адамдардың үлесі 4 пайыз немесе одан аз болса ол халық жас, 4-7 пайыз болса қартаюдың алдындағы халық, 7 пайыз және одан артық болса қартайған халық болып саналады. Қазақстандағы бұл көрсеткіш 6,6% деңгейінде. ҚР статистика агенттігінің болжамына сүйенсек, 7 пайыздық межеге біз 2017 жылы жетуіміз мүмкін. Ал 2020 жылы бұл көрсеткіш 7,4 пайыз болады.  Басқа елдермен салыстыратын болсақ, бұл көрсеткіш Германияда – 24%, Ұлыбританияда – 20%, Украинада – 18%, АҚШ-та – 16%, Ресейде – 15%. Әрине біздегі көрсеткіш жоғарыда көрсетілген мемлекеттермен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Дегенмен экономиканың дамуы халықтың орташа өмір сүру жасының көтерілуіне әсер етіп отыр. Осының арқасында бұл процесс өзінің қарқынын ала бастаған секілді.

Жалпы, демография мен мемлекет дамуының арасындағы байланысты байқауға болады. Демографиялық жағдай елге оң немесе кері әсерін тигізе алады.

Қазіргі таңда біздің шығыс көршіміз Қытай экономика көлемі бойынша АҚШ-тан кейінгі екінші орынға жайғасты. Көптеген мамандардың пайымдауынша, оның қарқынды дамуына әсер еткен факторлардың бірі – халық саны. Соңғы деректерге сүйенсек, ҚХР халқы 1,3 млрд. болып отыр.

Батыстағы және Азиядағы дамыған елдердегі жұмыс күшінің қымбаттауы ондағы ірі компаниялардың арзан және сапалы еңбек ресурстарын іздеуге мәжбүрледі. Осы орайда, халық саны бойынша бірінші орын алатын Қытай мүмкіндікті дұрыс пайдаланып, инвестициялардың келуіне тиімді жағдайлар жасады. Әлемнің әйгілі компаниялары өзінің зауыттарын аспан асты елінде сала бастады. Осылайша олар «әлемнің фабрикасына» айналды. Бұл ҚХР-дың дамуына үлкен бір серпіліс берді. Қазіргі таңда Қытай экспорт көлемі жөнінен әлем бойынша бірінші орында.

Бұрын Қытай әлемдік компаниялар үшін тек тауарды өндіріп, сосын оны басқа мемлекеттерге экспорттайтын ел ретінде пайдаланылса, қазір жағдай өзгеріп жатыр. Халықтың әл-ауқаты жақсарған сайын шетелдік өндіріушілер тікелей Қытайдың ішкі сұранысына бейімделе бастады. Әрине, қытайлардың сатып алу мүмкіндігі дамыған елдердің тұрғындарынан төмен болғанмен, ондағы халықтың көптігі шешуші рөл ойнауда. Жылдан-жылға дамып келе жатқан экономика сатып алу мүмкіндігін күшейтіп, оларды одан әрі ірі тұтынушыға айналдыруда. Мысалы, автокөлік нарығы бойынша Қытай бірінші орынға шығып отыр. Осы кезекте шетелдік автокөлік брендтері өздерінің зауыттарын Қытайда салуға мүдделік танытуда. Соның арқасында Қытай көлік өндіруден де әлемде бірінші орынға шықты. Сондай-ақ, басқа салаларда да тұтыну көлемінің ұлғаюы аспан асты елінің нарығын басқалар үшін бәсекелестік алаңына айналдырды.

Қытайға ұқсас мысалды Үндістан, Индонезия, Бразилия, Мексика, Түркия секілді елдерден көруге болады. Олардың бәрі адами ресурстарға бай.

Халық санының көп болуы экономика көлемінің үлкен болуына белгілі бір септігін тигізеді. Экономиканың көлемі G20 қатарына кіретін мемлекеттердің негізгі критериі болып табылады.  Мысалы, Қытайда адам басына шаққандағы ішкі жалпы өнім 6 мың доллар ғана, салыстырмалы түрде Қазақстандағы бұл көрсеткіш 13 мың доллар. Бірақтан халқының көптігі олардың экономикасының көлеміне әсер етіп отыр. Адам басына шаққандағы ІЖӨ жоғары болып табылатын Сингапур, Біріккен Араб Әмірліктері, Катар, Кувейт, Норвегия секілді мемлекеттер бұл тізімде жоқ, себебі халқының аз болуына байланысты экономикалары да кішкентай болып табылады.

Сондай-ақ, халық санының жылдам көбеюі кейбір елдерге кері әсерін тигізіп жатыр. Мысалы Африка мен Азия мемлекеттеріндегі бақылаусыз туу экономикаға, осылайша әлеуметтік жағдайға зиянын тигізуде. Ол елдердің бала туу көрсеткіштерінң тым жоғары болуы үлкен мәселеге айналды. Негізінен экономикасы нашар дамыған бұл елдерде жұмыссыздық мәселесі белең алып отыр. Ал бақылаусыз бала туу одан сайын жұмыссыздықты көбейтіп, халық арасындағы наразылықтарға алып келуде. Оның жарқын мысалы ретінде көптеген мамандар араб мемлекеттерінде болған төңкерілістерді айтуда. «Араб көктеміндегі» оқиғаларда ең негізгі қозғаушы күш жастар болды. Ел халқындағы жастардың үлесінің жоғары болуы және жастар арсындағы өршіп тұрған жұмыссыздық өз әсерін тигізді. Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық еңбек ұйымының деректеріне сүйенсек, әлемдік аймақтар ішіндегі жастар арасындағы жұмыссыздық Солтүстік Африка мемлкеттерінде ең жоғарғы көрсеткішке ие – 27,9%, Таяу Шығыс аймағында бұл көрсеткіш 26,5%-ға тең. Олардың болжауынша алдағы жылдары да осы аймақтардағы бұл көрсеткіш 25%-дың үстінде болады және тіпті қазіргіден де жоғары болуы мүмкін. Сондықтан болашақта да осы аймақтарда халық наразылықтарының көбеюі әбден мүмкін. Осылайша мелекеттің әлеуметтік саладағы саясаты тиімсіз болса,  халықтың жылдам өсуі өз зиянын тигізу мүмкіндігі бар екендігі анық болып отыр.

Керісінше, әлемнің кейбір елдерінде демографиялық тоқырау орын алуда. Әсіресе бұл жағдай дамыған батыстық мемлекеттерге тән. Туу көрстекішінің төмен болуына байланысты пайда болған жұмыс күшіне деген қажеттілік ол елдерді экономиканың дамуы үшін сырттан  мигранттарды шақыруға итермелеуде. Бұл өз кезегінде қабылдаушы жақтың тұрғындары мен тіпті саясаткерлері тарапынан наразылық тудыртуда. Олардың айтуынша, мигранттардың көп келуі елдің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін. Келімсектер арасындағы туу көрсеткішінің жоғары болуы олардың санының тез өсуіне септігін тигізіп отыр. Соңғы деректер бойынша, Еуропалық Одақтағы жалпы туылғандардың ішіндегі мигрант отбасыларынан туылған балалардың үлесі Ұлыбритания, Францияда – 11%, Испанияда – 13,8%, Австрияда – 15,2%, Люксембургте – 32,2%. Осындай жағдай Еуропаның және әлемнің көптеген дамыған елдерінде орын алып отыр. Осы елдердегі биліктер қиын таңдау алдында тұр: экономикаға ауадай қажетті мигранттардың ағымын тоқтату немесе жергілікті халықтың күннен-күнге өсіп келе жатқан наразылықтарын елемеу.

Көрсетілген мысалдардың ішінде бізге бақылаусыз бала туудың арту қаупі жоқ деп ойлаймын. Керісінше, болашақта қазіргі дамыған елдердің жағдайына келуіміз мүмкін. Яғни, экономиканың жұмыс істеуі үшін сырттан мигранттар шақыруға мәжбүр боламыз. Оның алдын алу үшін Қазақстанға жоғарыда көрсетілген мәселелерді ескере отырып тиімді демографиялық саясатты іске асыру маңызды болып отыр. Сондықтан қазіргі таңда елде орын алып отырған жағымды демографиялық көрсеткіштерді сақтап қалуға және оны одан әрі жақсартуға барлық шараларды жасау қажет.

Нуриддин Сұлтанмұратов

0 дауыс
Демократия қарапайым сөзбен айтқанда халық саны азаю болу керек. Қазір көбею мен азаю тең болып тұр.
демократия деген басқа сөз, Демократия еркіндік деген мағына ол
ааа солайма...
0 дауыс
Демография.  демо-халық, ал графия - жазамын дегенді білдіреді. Демек халықтың хал-ахуалын, өсімін, азаюын адам шығындарын зеріттейтін сала. Мектеп кезінде оқығаным ед...)))
0 дауыс
ол калык санынын аздыгымен коптигин билдиретин соз ...жаксы болса демограф.... жаксы дисин жаман болса демограф..... жаман болып тур дегендей
0 дауыс
ол калык санынын аздыгымен коптигин билдиретин соз ...жаксы болса демограф.... жаксы дисин жаман болса демограф..... жаман болып тур дегендей
...