+1 дауыс
856 көрілді

Доллордың өсуі не себептен ?  Басқа елдердің кесірінен біз жапа шегуімз керек пе ?
 

5 жауап

+3 дауыс
Базардан көрдік доллар қымбаттады. Тауарларды қымбаттатайық деп жатыр ғо.

Шынымен күніміз не болмақ???
+2 дауыс
Ұлттық банк ендігі жерде долларды сатып алмайды.Сол себептен өсіп кетті,басында ұлттық банк долларды 250 теңгеге сатып алып, халыққа жеңіл болсын деп 187 теңгеге сатқан болатын.Енді долларды жібере салды, тікелей халыққа.
+1 дауыс
Н.Назарбаев теңгенің еркін айналымға көшу себебін түсіндірді

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев теңгенің еркін айналымға көшу себебін түсіндірді.

«Еуроодақты қосқанда көптеген елдер өздерінің валюталарының құнсыздануын жүргізген. Қазір экономикада қиын жағдай орын алды. Кәсіпорындарымыздың бәсекеге қабілеттілігі төмендеп, ол еңбек нарығына да ықпал етіп жатыр. «Атамекен» ұлттық палатасының мәліметінше, көптеген кәсіпорындар Ресейге баратын экспорттың төмендеуіне тап болды. Сондай-ақ оларды қазақстандық нарықтан ресейлік өндірушілер ығыстырып жатыр. Маған келіп түскен хаттардан бірнешеуін ғана оқиын. Кентаулық зауыт Ресейге баратын өндірісін 47 пайызға қысқартты, 50 қызметкерін жұмысынан босаған. Алматы ашытқы зауыты жұмыс көлемін 50 пайызға төмендетті. Қазақстанда мұндай мысалдар өте көп. Қазір бюджет жағдайының нашарлағанын да көріп отырмыз. 2015 жылы қазына 264 млрд теңге көлеміндегі табыстан айырылды», — деді Н.Назарбаев Ақордадағы жиналыс кезінде.

Оның сөзінше, елдің 3 мүмкіндігі бар, соның ішінде теңге курсын еркіне жіберу ыңғайлы болды. «Біздің 3 мүмкіндігіміз бар еді: ештеңе істеместен құр отырып, жағдайдың жақсарғанын күту. Бірақ мұндай саясат бізді елдің ішкі өндірісінің қысқаруына, жұмыс орындарының азаюына және ұлттық қорымызды жұмсауға әкелер еді. Екінші нұсқа — теңге курсын Ұлттық банк енгізген дәліз аясында құнсыздандыру. Бұл бағытта алтын-валюталы қордың шығындалуына әкеліп соқтырады. Сондықтан барлық мүмкіндіктерімізді саралай отырып, теңге курсын еркіне жіберіп, инфляциялық таргеттеуге өту қажет деп шештік. Тікесін айту керек — бұл мәжбүрлік шара, басқа альтернатива болған жоқ. Дағдарыс әрқашанда өзінің өзгерісін енгізеді», — деп атап өтті президент.

Еске салайық, 20 тамыздан бастап инфляциялық шектеу негізінде жаңа экономикалық саясатты жүзеге асыруға көшіп, шекті валюта дәлізі алынып тасталады. Қазір Алматының айырбастау пункттерінде доллар бағамы 251/253 теңге көлемінде тұрақталды.

Келімбетовтің доллардың 190 теңгеден аспайтыны жайлы уәдесінің орындалмауы Үкіметте түсіндірілді

Бүгін Үкіметте Ұлттық банк басшысының доллар бағамының алдағы маусымда 190 теңгеден жоғары болмайтыны туралы уәдесінде тұрмағанына түсінік берілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Кәрім Мәсімовтің айтуынша, 15 шілдеде Ұлттық банк валюта дәлізінің кеңеюі жайлы шешімді теңге бағамының иілгіш әрі еркін құрылуын қамтамасыз ету мақсатында шығарды.

«Алайда, жаһандық экономикадағы жағдай нашарлап жатыр, еліміздің негізгі экспорттық өнімдері — мұнай мен металлға деген әлемдік бағасы түсіп жатыр, бұл жалпы ішкі өнімге жағымсыз әсер етеді және отандық экономиканың сыртқы шоктарға осалдығын арттырады», — деді премьер-министр.

Оның айтуынша, экспорттық табыстардың төмендеуі республикалық бюджеттің табысы мен елдің төлем балансына жағымсыз әсерін береді.

Бүгін ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Мұнда инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы сөз болып отыр. Мұндай шешім әлемдік экономикадағы жағымсыз факторлардың күшеюінің негізінде қабылданған.

Ол Үкіметтің және Ұлттық банктің халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобын қолдау бойынша және бағаның , әсіресе маңызды азық-түлік пен қызметтердің бағасының негізсіз өсуін болдырмау бойынша шараларды жүргізетінін айтты.

«Айырбас бағамының мемлекеттің қатысуынсыз жүзеге асырылатын нарықтағы сұранысы мен ұсынысы экономикалық дамуды қайта құруға, кредиттік және инвестициялық белсенділіктің жоғарылуына, 3-4 пайызға дейін ұзақ мерзімді перспективада жаңа жұмыс орындарын ашуға қажетті мүмкіндіктерді туғызады», — деді Мәсімов.
+3 дауыс
Девальвацияда тұрған ештеме жоқ, қарапайым адамдарға, тек инфлияция болмаңыз деп тілеңіз

Қысқасы, еш қиналмаңдар, "көппен көрген көрген ұлы той" өтеді де кетеді, аманшылық болса болды дағы
Осы девальивация мен инфляцияның айырмасын ауызекі тілде түсіндіріп бере аласызба?
Қарапайым айтқанда Девальвация ақшаның басқа валюталарға қарағанда құнсыздануы, инфляция тауар бағасының қымбаттауы деп айтуға болатын болар
Сосын жалпы экономика ғылымы өте күрделі, тенгенің девальцияланғаны бізге пайда әкеле ме, зиян ба оны болашақ көрсетеді, ешкім де айтып бере алмайды.
(Мысалы мұнайдың бір баррелін бұрын 1 доллардан сатсақ (теңгемен 150 тенге), қазір 250 теңге болды), бірақ бұған қуануға да болмайды, аяғы жаман болып кетуі мүмкін,
Қысқасы рисковать етіп отырмыз
Тауар бағасының қымбаттауы?Хмм бізде тауарды қайдан алушы еді))))))
Әрине шет елден аламыз, бірақ сыртқы тауар бағасының қымбаттауы отандық тауар өндірушілерге өз тауарларын өткізуге мүмкіндік беруі мүмкін ғой
+3 дауыс
Оған басқа елдерді кінәлап қайтесіз.Ширек ғасыр бойына басқа салаларды дамытпай,экономиканы шикізатқа тәуелді қылып қойған жоғары жақтағылардан көрмесеңіз.
Мысалы Дубай туризмді дамытты, (осыдан 20-30 жыл бұрын құмның ортасында туризм, қаржы орталығы болады дегенге ешкім сенбес еді), Қазір Дубайдың экономикасы шикізатқа тәуелсіз (мұнайдан түсетін ақша артта қалып қойды)
Бізде ауылшаруашылығын, шағын бизнесті дамытуға болатын еді ғой
Келісем.Малдың жайын білетін қазақ едік қой
Қазақтар баяғыдан бері біліп, малмен айналысып келген.  Міне қазіргі заманда әлемдегі ең бірінші басты проблема не? деген сұрақ туындайды.
            Әрине ол ең бірінші адамға керегі ет өнімдері болып тұр!!! Әлемде 7 миллиардтан аса халық тұрса солардың 2 милиардттан астамы аш отыр, ет, азық-түлік жоқ оларда, сондықтан, біз ҚАЗАҚТАР ауыл шаруашылығын дамытсақ соның өзінен қыруар ақша тауып бай мемлекетке айналар едік, мұнайдың, астықтың, түрлі қазба байлықтардан түсіп жатқан қыруар ақшаларды есептемегеннің өзінде.   Адамға ең бірінші тамақ керек!!! Тамақсыз өмір жоқ, қалғандары екінші пландағы мәселелер.
   АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ КЕРЕК, ҚАЗАҚТАР МАЛДЫҢ ЖАЙЫН ЕҢ МЫҚТЫ БІЛЕТІН ХАЛЫҚ, ОҚУДЫҢ ДА КЕРЕГІ ЖОҚ ОЛ ҮШІН МИДЫ АШЫТЫП,  ОСЫНЫ ЖОҒАРДАҒЫЛАР БІЛСЕ ДЕ БІЛМЕГЕНСІП ОТЫР, ХАЛҚЫ КЕДЕЙ БОЛЫП БАРАДЫ, ОНЫ ДА КӨРМЕГЕНСІП ОТЫР.
Моғолия сол мал етін, терісін, жүнін әлемге экспортқа шығарып ақ байып дамып барады ғой, жеріндегі қазба байлықтарын қолданбайды да, запаста ұстап тұр, біздікі таусылған кезде солардан сатып аламыз. Халқының жағдайы бізден он есе артық екен, барып келген жігіттер айтып отыр, бәрі бай тұрады дейді. Моғолиядан таза былғарыдан тігілген курткалар, тондар әкелді, біз көріп таң қалдық, не деген фасон,не деген дизайн, өте сапалы тігілген, бізде ондай шығаратын технологиялар, фабрикалар жоқ қой, бішкектің киіміне тәуелді болып қалғанбыз. Турецкий, Италиянский деп киіп жүргендеріңнің бәрі бішкекте тігіледі екен, этикеткаларын жабыстырып берсе, көп ақымақтар соған шын сеніп жүр.
...