+3 дауыс
485 көрілді
Мұнай құны 10-20 долларға дейін түседі дейді 1 баррелі. Бұл сұмдыққой. Құрылысты тоқтатпақшы. Салықты көбейтті, ГАИ-лерге еркіндік берілді. Халықты қанап жатыр білгендерінше. Бұның соңы не болар екен?

6 жауап

+1 дауыс
Бiлмейм, бiрақ соңы үлкен ұрыс болатын секiлдi.
+3 дауыс
мұнайдың құны түскен сайын одан жасалатын заттардың бағасы төмендеуі де көтерілуі де мүмкін. Бағасы төмендейтін себебі: мұнайдан жасалынатын заттарда (бензин,,,) мұнай бағасы төмендегендіктен өз құнын жоғалтады, Бұл халыққа тиімді, экономикаға үкіметке тиімсіз. Көтерілуінің себебі үкімет  ел экономикасы түсіп кетпесін деп мұнай тауарларын жоғары бағамен сатуы ықтимал. Әсіресе ел ішінде жағармай бағасының көтерілуі. Бұл елдің экономикасын түсіріп жібереді. Сондықтан мұнайды шикізат ретінде баска елдерге экспорттағаннан гөрі одан өнімдер алып (жанармай, май түрлері, каучук шығарып, бұлар мұнайдан әлденеше есе қымбатырақ түседі) экспорттаған артық. Осылай мұнайды тиімді пайдалансақ елімізде салық та көтерілмейді, экономикамыз да төмендемейді, тенге құлырамайды.
Мұнай өңдеу зауытын салу үшін ондаған жылдар керек, ол пайда екелгенше тағы сонша жылдар өтуі керек сонда 20-30 жылға дейін не жейміз (ең оптимистік жауапқа, ең пессисмистік пікір)
сіз айтып тұрған көптеген жылдар ішінде мұнай таусылып қалып жатса, одан кейін не жеер едіңіз))
+3 дауыс
Дағдарыстың соңы ештеңе де болмайды. Дағдарыс бізге әсер етпейді бірақ сарқыншағы тиеді. Қазір қаңтар айынан бастап зейнеткерлер мен студенттердің жәрдемақыларын 9 пайызға қосты. Ақша жоқ болса ол қайдан шыққан ақша. Маусым айында мұғалім мен дәрігерлерге 30 пайыз тағы қосылады. Мұнайға келсек мұнай компаниялары зардап шегеді. Бірақ кішігірім қиындықтар болады.
+1 дауыс
2009 жылгы дагдарыстын иси сезилгендей келе жатыр,от кезде де мунайдын багасы томендеп,осындай жагдай белен алган.
+1 дауыс
1990 жылғы дағдарыстың салдарынан кейбір мемлекеттер бөлініп те кеткен. Мысалы, СССР, Чехословакия, Югославия. Одан бері мемлекеттер дағдарыс жағдайына алтын-валюта қорларын жасап қоятын болды.
+1 дауыс
Тек мұнай өндірісімен тоқталып қалмау керек. Мұнайды тиімді пайдалану керек. Мұнай өңдеу зауытын салуға 10 жылдай уақыт кетсе де олардың санын көбейту қажет. Қазір болмаса да кейін олардың пайдасы болады. Қазақстанның мұнай қоры, өндірісі жақсы, баршылық. 2020-30 жылда мұнайсыз отырамыз деп ауру сатып алғандай айтпаңыздар. Мұнай таусылса баска елдерден сатып алып, оны өндіріске пайдаланып, экспорттап, қызығын көруге болады. Тіптен олай істей алмасақ мұнайға қадалып қалған еш нәрсе жоқ. Баска да салаларды дамытып, содан да пайда көруге болады. Туризмді, спорттымызды, темір, уран, алтын өндірісін дамытып та бай ел болуға болады. Мұнайдың бағасы түсіп кетті деп байбалам салып, аш каламыз деудің қажеті жоқ. Тығырықтан шығудың көп жолы бар. Тек ұтымды ойлап, еңбек ету қажет.
...