0 дауыс
401 көрілді
Неге тележүргізушілер радиожүргізушілерге қарағанда өздерін жұлдыз сезінеді? Жалпы жұлдыз деп қандай журналистерді айтуға болады?

4 жауап

+1 дауыс
Нартай Аралбайұлы сияқтыларды айтады)
0 дауыс
Әр ортаның өз жұлдызы бар шығар, сезіне берсін де)
0 дауыс
Қай саладағы адам болсын,мейлі радиожурналист не тележурналист ,тіпті газет тілшісі болса да бойындағы адами қасиетіне байланысты.Бізде "Семіздікті қой көтереді,оның ішінде де қара қой көтереді"деген сөз бар. Таланты мен еңбегінің жемісі еңбегі сәтті боп көпшіліктің көңілінен шығады.Сөйтіп өз аудиториясы қалыптасады.Мадақтаймыз,мақтаймыз.Дегенмен тележүргізушілер жұлдыз ауруына көбірек ұшырау қаупі жоғарырақ.Кей тележүргізушілер тіпті тамада да бола алады,егер қаласа.Сөйтіп танымалдығы арта береді,ақщасы көбейеді.Сұраныс көбейеді.Тележүргізушілерді көрермендері жүзбе-жүз таниды.Радиожүргізушілерге қарағанда олардың жұмысы аудиториямен тікелей қарым қатынасқа түсетіндіктен өзіндік қиындығы бар,соған орай артықшылығы да бар.Тележүргізушілердің белгілі бір дәрежеде актерлер секілді танымалдығы содан. Өзін жұлдыз сезініп бастағанда-ақ менмендік пайда болып халықтан алшақтай бастайды,өзінің әріптестерінен өзін артық қоятындықтан ортада сызат болады. Жұлдыз боп жүріп шығармашылық тоқырауға ұшырап барып ес жиып жататындары да болатын болар адам болғасын.Жұлдыз ауруы тек журналистерге немесе өнер саласындағыларға ғана тән емес, басына бақ қонғанда көп пенде басы айналып сол ауруға шалдыққанын білмей қалады.Жұқпалы ауру ғой.
–1 дауыс
Журналистер жұлдыз болуға талпынбауы керек деп ойлаймын. Өнер адамдарын неге жұлдыз деп атайды? Алыстан әдемі көрініп жарқырап тұрады. Бірақ тек алыстан қарағанда ғана солай көрінеді. Халықтың қолы жете бермейтін қашықтықта жүреді. Ал журналистер әрдайым халқының қасынан табылуы керек деп ойлаймын. Атақ пен абыройға бола құр байбалам салу нағыз тілшіге жараспайды.
...