0 дауыс
361 көрілді

Бізде жалпы ТОП спорт түрлерінен әлем чемпионаттары күнде өте бермейді. Тамыздың 24-31 арасында Астанада өтетін Дзюдодан Әлем Чемпионатын биылғы жылдағы еліміздегі басты спорттық оқиғалардың бірі деуге болады. Мұндай тартысты, қызықты спорт түрінен Әлем чемпионатын өткізу біздің соңғы жылдардағы спорттық дамуымыздың көрсеткіші және сенім деп білемін.

Ал бұл чемпионаттан не күтуге болады? Мойындау керек, Олимпиадада дзюдодан әлі ауыр атлетика мен бокстан медаль күткендей күте алмаймыз. Дегенмен соңғы жылдардағы өсіп жатқан рейтингімізге қарап, келесі жылы Рио Олимпиадасынан бірнеше медаль күтуге болады деп ойлаймын.

Қазір командалық есепте әлемде 11-орындамыз. Ал жекелей рейтингте -60 кг салмақта Елдос Сметов 9-орында. Бұл әзірше жекелей рейтингтерде ондыққа кіріп тұрған жалғыз спортшымыз. Елдостан осы Әлем Чемпионатында алтын күтеміз. -100 кгда Максим Раков 11-орында, Максим де елімізде өтетін бұл жарыста жүлдегер атанады деп ойлаймын. Қыздардан Исанова Гүлжан (+78 кг) мен Подрядова Александраға сенемін. Жалпы 4 медаль алсақ жақсы нәтиже деуге болады деген ойдамын.

Сіздер не күтесіздер бұл жарыстан?

Дзюдо ешкімге қызық емес, ЧЛ болып жатқанда)

2 жауап

0 дауыс
Максим Раков бар күшін салса қола алады.
0 дауыс
елдос сметов 1 немесе 2 казактын рухы гой енди
...