0 дауыс
358 көрілді

Ертеректе хабарланғандай, Түрксіб ауданы прокуратурасымен аса ірі көлемдегі экономикалық контрабандалық қылмыс әшкереленген болатын. Дәлірек айтқанда, Қытай Халық Республикасынан «Saba grup» жауапкершілігі шектеулі серіктестік  мекен жайына бағытталған  автокөлік құралын қарау барысында, оның ішіндегі тауарлардың, кедендік декларацияға толық сәйкес келмейтіндігі анықталды.

Аталмыш кедендік декларацияда әр түрлі полиэтиленді пакеттер, кортонды қораптар, фотоальбомдар көрсетілген. Алайда автокөлікті қарау барысында халық тұтынатын қымбат  тауарлар, «Zilli», «Nike» және т.б. фирмалардың киім-кешектері мен аяқ киімдері анықталған.

Аталған факті бойынша Түрксіб ауданы прокуратурасымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 209 бабы 2 бөлігі негізінде қылмыстық іс озғалған (аса ірі көлемдегі экономикалық контрабанда).

Қылмыстық істі тергеу барысында 7 автокөлік құралдарының тауарларды контрабандалық  жолмен кіргізгендігі толық дәлелін тапқан.

2015 жылдың 13 шілде күні  аудандық соттың үкімімен «Saba grup» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басшысы аталған қылмыс бойынша кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша мүлкін тәркілеп 2 жыл бас бостандығынан шектеу түріндегі жаза қолданылды. Үкім заңды күшіне енді.

350 млн теңгеге бағаланған барлық контрабандалық тауарлар сот үкімімен мемлекеттің кірісіне айналдырылды.

Мемлекет Басышысы мен Бас прокуратура Басшылығының тапсырмалары негізінде, Еліміздің  экономикалық мүддесін қорғау прокуратура органдарының неігізгі қызметтерінің бірі болып табылады.

Ел көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Қазақстан жолы -2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауында еліміздің экономикасының өсуі мен оның мүдделерін қорғауға үлкен көңіл бөлінген.

2 жауап

+1 дауыс
Сұрағыңыз қандай?
Бұл жаңалық деп аталады, ЖАҢАЛЫҚ!))))
0 дауыс
Дұрыс екен мынаны оқып контрабандамен айналысайын деп жүрген 1-2 адам болсада тыйылар)
...