+1 дауыс
2.4k көрілді

Асқар Мырзахметовті «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Асқар Мырзахметовтың толық өмірбаяны бар ма?

Асқар Мырзахметов сурет

1 жауап

0 дауыс

Асқар Мырзахметов

1962 жылы 1 қазанда туған. Алматы зооветеринарлық институтын (1984); Бүкілодақтық мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын (Мәскеу, 1988); Қазақ менеджмент және маркетинг институтын (Алматы, 1997) бітірген.
Ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты (1988). «Нұр Отан» ХДП мүшесі.
1988 жылдан - БААШҒЗЗ Шығыс бөлімшесі жүйесінде кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер. 
1991 жылдан - «Қазақстан» республикалық биржасы» АҚ вице-президенті.
1994 жылдан - «ТАСМО» инвестициялық коммерциялық орталығының бас директоры. 
1995 жылдан - «Агро-Лизинг» АҚ бас директоры. 
1999 жылдан - ҚР ауыл шаруашылық вице-министрі. 
2002 жылдан - ҚР ауыл шаруашылық бірінші вице-министрі - ҚР Ауып шаруашылық министрлігі Орман және аңшылық шаруашылық комитетінің төрағасы. 
2005 жылдан - ҚР ауыл шаруашылық министрі. 
2006 жылдан - Өзбекстан Республикасындағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі. 
2007 жылдан - «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы.
2009 жылдан бері - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.
2015 жылдың тамызынан "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары.
Орта Азия және Қазақстанның Биржалар қауымдастығына, Қазақстан Кәсіпкерлер форумының кеңесіне басшылық еткен, ҚР Премьер-министрінің штаттан тыс кеңесшісі болған.
6 медалмен марапатталған. 

...