Асқар Мырзахметов
1962 жылы 1 қазанда туған. Алматы зооветеринарлық институтын (1984); Бүкілодақтық мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын (Мәскеу, 1988); Қазақ менеджмент және маркетинг институтын (Алматы, 1997) бітірген.
Ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты (1988). «Нұр Отан» ХДП мүшесі.
1988 жылдан - БААШҒЗЗ Шығыс бөлімшесі жүйесінде кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер.
1991 жылдан - «Қазақстан» республикалық биржасы» АҚ вице-президенті.
1994 жылдан - «ТАСМО» инвестициялық коммерциялық орталығының бас директоры.
1995 жылдан - «Агро-Лизинг» АҚ бас директоры.
1999 жылдан - ҚР ауыл шаруашылық вице-министрі.
2002 жылдан - ҚР ауыл шаруашылық бірінші вице-министрі - ҚР Ауып шаруашылық министрлігі Орман және аңшылық шаруашылық комитетінің төрағасы.
2005 жылдан - ҚР ауыл шаруашылық министрі.
2006 жылдан - Өзбекстан Республикасындағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі.
2007 жылдан - «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы.
2009 жылдан бері - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.
2015 жылдың тамызынан "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары.
Орта Азия және Қазақстанның Биржалар қауымдастығына, Қазақстан Кәсіпкерлер форумының кеңесіне басшылық еткен, ҚР Премьер-министрінің штаттан тыс кеңесшісі болған.
6 медалмен марапатталған.