0 дауыс
1.6k көрілді

Атамқұлов Бейбіт Бәкірұлы толық өмірбаяны жазсаңыздар. Оңтүстік Қазақстан облысының жаңа әкімі болып Бейбіт Атамқұлов тағайындалды.

Бейбіт Атамқұлов сурет

2 жауап

0 дауыс

Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов 1964 жылы 19 мамырда Алматы облысында дүниеге келген. Инженер-металлург мамандығы бойынша Қазақ политехникалық институтын, сондай-ақ, экономист мамандығы бойынша Санкт-Петербург мемлекеттік экономика және қаржы университетін тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты. 1 класты кеңесшінің дипломатиялық дәрежесі бар.

Еңбек жолын 1985 жылы Норильск тау-кен металлургия комбинатының мыс байыту зауытында бастаған. 1986 жылдан бастап М.И.Калинин атындағы Шымкент қорғасын зауытында жұмыс істеді, онда балқытушыдан, ауысым шеберінен, бригадирден бастап жетекші инженерге дейінгі жолдан өтті. 1991 жылдан бастап – ҚР Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі «Қазметаллэкспорт» Қазақстандық республикалық сыртқы экономикалық байланыстар кәсіпорнының «Черметэкспорт» компаниясының бас маманы, директоры. 1993 жылдан бастап – ҚР Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі «Қазақстан сауда» МСК бас директорының бірінші орынбасары. 1995 жылдан бастап – «Қарметкомбинат» МАҚ (Теміртау қ.) бас директорының бірінші орынбасары. 1996 жылдан бастап – «Рахат-металс» компаниясының бас директоры, AIG Қазақстандық сақтандыру компаниясы Директорлар кеңесі Төрағасының орынбасары. 2002 жылдан бастап – «Рахат» МК Директорлар кеңесінің Төрағасы. 2006 жылы – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі. 2006 жылдан бастап – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесші-елшісі. 2007 жылдан бастап – Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшілігінің кеңесші-елшісі. 2008 жылдан бастап – Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қ., ГФР бас консулы. 2010 жылдан бастап – Қазақстан Республикасының Малайзия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2012 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Жауапты хатшысы болып тағайындалды.

«Құрмет» орденің «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медалінің, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық меделінің иегері.

Бейбіт Атамқұлов

Атамқұлов Бейбіт Бәкірұлы 1964 жылы 19-мамырда Алматы облысында дүниеге келді.
1986 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-металлург мамандығы бойынша аяқтады. 2000 жылы Санкт-Петербор экономика және қаржы мемлекеттік университетін тәмамдады, экономика ғылымдарының кандидаты.
1985 жылдан бастап — А.П. Завенягин атындағы Норильск тау-кен металлургия комбинатының Жез балқыту зауытында балқытушы.
1986 жылдан бастап — Шымкент қорғасын зауытының балқытушысы, шебер, рафирленген цехтың аға шебері т.б. қызметтер атқарды.
1991 жылдан бастап 2006 жыл бойынша жеке секторда — өнеркәсіп кәсіпорындарында жұмыс атқарды.
2006 жылдан бастап — Кеңесші, РФ-ғы ҚР Елшісінің Елші-Кеңесшісі.
2007 жылдан бастап — Ирандағы Қазақстан Республикасы Елшісінің Елші-Кеңесшісі.
2008 жылдан бастап — Майндағы Франкфурт қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулы.
2010 жылдан бастап — Малайзия, Индонезия Республикасы, Бруней-Даруссалам, Филиппин Республикасында ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі.
2012 жылдан бастап — Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Жауапты хатшысы.
2014 жылдан бастап — Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшысы.
2015 жылдың тамызынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.

0 дауыс
Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов (19 мамыр 1964 жыл, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы) - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, экономика ғылымдарының кандидаты Білімі[өңдеу] 1986 жылы Қазақ политехникалық институтын инженер-металлург мамандығы бойынша бітірген. 2000 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік экономика және қаржы универститетін бітірген, Қызмет жолы[өңдеу] 1985 жылдан - Норильск тау-кен-металлургиялық комбинатының мыс балқыту зауытының балқытушысы. 1986 жылдан - Шымкент мырыш зауытының балқытушысы, аға шебері, жетекші инженері, бөлім бастығының орынбасары. 1991-2006 жылдары - жеке секторда, өнеркәсіптік кәсіпорын басшылығында жұмыс істеді. 2006 жылдан - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінде кеңесші, кеңесші-елші. 2007 жылдан - Қазақстан Республикасының Ирандағы Елшілігінде кеңесші-елші 2008 жылдан - Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы бас консулы. 2010 жылдан - Қазақстан Республикасының Малайзиядағы, Индонезиядағы, Бруней-Даруссаламдағы, Филиппиндегі Төтенше және өкілетті елшісі. 2012 жылдан - Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы. 2014 жылдан - Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы. 2015 жылдың 8 тамызынан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.[1] Марапаттары[өңдеу] Астанаға 10 жыл медалі Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалі

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
0 жауап
...