Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов (19 мамыр 1964 жыл, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы) - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, экономика ғылымдарының кандидаты Білімі[өңдеу] 1986 жылы Қазақ политехникалық институтын инженер-металлург мамандығы бойынша бітірген. 2000 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік экономика және қаржы универститетін бітірген, Қызмет жолы[өңдеу] 1985 жылдан - Норильск тау-кен-металлургиялық комбинатының мыс балқыту зауытының балқытушысы. 1986 жылдан - Шымкент мырыш зауытының балқытушысы, аға шебері, жетекші инженері, бөлім бастығының орынбасары. 1991-2006 жылдары - жеке секторда, өнеркәсіптік кәсіпорын басшылығында жұмыс істеді. 2006 жылдан - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінде кеңесші, кеңесші-елші. 2007 жылдан - Қазақстан Республикасының Ирандағы Елшілігінде кеңесші-елші 2008 жылдан - Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы бас консулы. 2010 жылдан - Қазақстан Республикасының Малайзиядағы, Индонезиядағы, Бруней-Даруссаламдағы, Филиппиндегі Төтенше және өкілетті елшісі. 2012 жылдан - Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы. 2014 жылдан - Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы. 2015 жылдың 8 тамызынан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.[1] Марапаттары[өңдеу] Астанаға 10 жыл медалі Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалі