0 дауыс
23.8k көрілді
"Қызды қырық үйден тыю"-дегенді сіз қалай түсінесіз? Сіздің әулетте қыз баласына қалай қарайды?

5 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
«Қызға қырық үйден тыю, ұлға отыз үйден тыю» (мақал). Халқымыздың тәрбиелік құралдарының күнделікті қолданылатын үлгі, өнеге түрлерінің бірі – тыйым. Бұл балалар мен жастарды жаман әдеттерден сақтандырып, жақсылыққа бейімдеуден шыққан педагогикалық ұғым. Осы арқылы олар әркімді теріс мінез, орынсыз қимылдардан сақтандырып отырған. Халық ұғымында тізені құшақтау – жалғыз қалудың, үлкеннің жолын кесу - әдепсіздіктің, қолды төбеге қою – ел-жұрттан безінудің, асты төгу – ысыраптың белгісі деп таныған және ондай істерге қатаң тыйым салған. Ел ішінде тыйым түрлеріне байланысты сөздер көптеп саналады.
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе», - дейді М. Әуезов.
Отбасы тәлім – тәрбиесіне ел тағдыры, халық болашағы байланысты. Халқымызда «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе, қара күңнен тыю» деген мақал бар. Осыдан қыз бала тәрбиесіне тек қана анасы емес, бүкіл ауыл, ру жауапты болып отырғанын білсек керек. Бүгінде Абай, Шоқан сынды даналарды өмірге әкелген отбасы институтын сақтап қала алмай отырғандаймыз. Шындығына келгенде бала тәрбиесі – жаумен арпалысып, елді қорғаумен тең жұмыс. Бала туылғаннан бастап, жеген тамағы, білгені таза болуын қадағалаудың өзі – қиынның қиыны. Ұлжан анамыз Абайды дәретсіз емізбеген. Ұлжан анамыз ғана емес, дәстүр бойынша кез – келген қазақ осылай тәрбие берген.
+3 дауыс
Қазақ халқы қыздарды ерекше құрметпен тәрбиелеген ғой. Қызды әрқашан төрге отырғызып, қыз отырған жерде ешқашан дөрекі, ерсі қылықтар көрсетпеген. Сіз айтып отырған мақал қыздарға ерекше тәрбие берген, оларға тіл көзден сақтау үшін ерекше киімдер кигізген, әр түрлі әшекей көз моншақтар кигізген. Тойға барғанда міндетті түрде жеңгелерімен немесе аналарымен баратын болған ешқашан жалғыз жат жерге жібермеген. Ал қазір олар сақталды деп ойламаймын. Мені үйде әрине сыйлап, төрге отырғызып құрмет жасайды. Қыдыратын жерлерге онша жібере бермейді. Өзімде қаламаймын. Тек көңіл көтеру үшін туылған қүндерге немесе басқа мейрамдарды шығамын. Ол кезде сенімді құрбыма тапсырады )))))))
"Сенімді құрбыма тапсыоады дегенше,
Қойды қасқырға бақтырады десеңші."-десем ше?
Жако олай қателеспеңіз. ҚҰдайға шүкір. менің құрбыларымның бәрі демесемде кейбіреулері жақсы сенімді. Адамның аласы ішінде деп айтқыңыз кеп отыр ау сізддің шамасы. ОЛ да рас. мен бірақ өзім сенетін достарыммен ғана сырласа алалам, солармен ғана қыдыра алалам.
Ләйім,солай болуына тілектеспін!
+2 дауыс
Қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесінде ұл бала тәрбиесіне қарағанда біраз ерекшеліктердің бар екенін білеміз. Себебі бүгін отбасында еркелеп ұстап отырған қыздардың күні ертең бойжетіп өскен соң, өзге шаңырақтың түтінін түтетіп, ошағының отын жағатын әйел, ана болатынын айтсақ та жеткілікті.
      Бізде отбасымызда ешқашан қатты сөйлеп дауыс көтерген емес,Кейде анамыз қатты сойлеп қалғанда көзім  жасқа толып қалат...мектеп кезінде ешқайда шығармайтын...казір енді басқаша...
+4 дауыс
Ол баяғыдааа болатын, қазір қызды қырық үйден емес сексен үйден тыю керек. Әй, қайдам, қазір "қызыңыз үйде, қылығы түзде" болып жүр ғой. Көпке топырақ шашпаймын, десем де өтірік емес............
Көркем,мен де осы пікірдемін.Бұлай болуын қаламаймын,амалым нешік...
0 дауыс
бір ғана адамның өміріне, не оның тағдырына қарап  қыз біткеннің бәріне күйе жағуға болмайды

әр адамның маңдайына біткен жақсылығы  болады, ал егер оны бағалай алмаса, онда  кері кетіп өкінішті жағдайға соқтықпасына кім кепіл.

 қазақ атамыз қызын өмірге келгеннен -ақ "- байлығым келді, елмен елді жалғайтын елшім, - өмірімді кеңейтетін өрісім келді деген, бейбітшілік символына балаған, оны өз төркініне келгенде қонақ  етіп  төрінен орын берген, еркелетіп әспеттеп күткен ,

қыз ұрпақты жалғаушы, әрі оның тәрбиесіне де жауапты екенін білеміз.сондықтан бар жақсымызды, бар асылымызды дұрыс бағалайық
...