0 дауыс
9.5k көрілді

Сен мына - жанарымның ішіндесің Мұқағали Мақатаев

Сен мына - жанарымның ішіндесің Мұқағали Мақатаев кімге арнап шығарған?

Сен менің

Сен мына — жанарымның ішіндесің,
Жанардың білесің ғой кішірмесін.
Ішіне жанарыңның сақта меңі,
Біреулер көлеңкесін түсірмесін!
Сен менің — мына тылсым кеудемдесің,
Білесің, кеудеме ешкім тең келмесін.
Кеудеңе-зынданыңа салып сақта,
Біреулер көкпар қылып өңгермесін!
Сен мына — тілімдесің, үнімдесің,
Білесің ғой, тілімнің бүлінбесін.
Сен мені үніңе қос, тіліңе тұт,
Үнім өшіп, үшкір тіл тілінбесін!
Сен мына — менің алып басымдасың,
Білесің, ешкім де оны басынбасын.
Сен мені өз басыңмен бірге қорға,
Біреулер зұлымдығын асырмасын!
Сен — менің миымдасың!
Білесің, миым жатқа бұйырмасын. .
Миыңның бір жеріне жасыр мені,
Қиылсын өмір солай… Қиылғасын!..
Алдынан терезеңнің жүріп өттім,
Сен мені байқадың ба, құдіреттім?
Тұрдың ба терезеңнің ар жағында?
Теңселіп, тұтқан пердең діріл етті.
Heгe өртенді?
Жүрегім неге өртенді?!
Нелер келіп, басыма нелер төнді...
Балконыңнан қол былғап, қарсы алушы ең,
Heгe менен жасырдың көлеңкеңді?
Қайран көктем,
Қайран гүл, қайран жазым!
Сарқылған ба, шынымен сайран-назың?
Айныдың ба, шайлығып шалқарыңнан?
Айдынымда қанатын жайған қазым.
Көзің қайда көшеден мені іздеген,
Сөзің қайда жанымыз егіз деген?
… Терезеңнің алдына келіп тұрмын,
Көгершіндей,
Қысты күн… жем іздеген...

1 жауап

0 дауыс

өзінің сүйгеніне шығар мүмкін бірақ өте керемет өлеңдері мектеп кезінде Мұқағали ағамыздың өлеңдерін жаттаудан шаршамайтын едім әлімде есімде өлеңдері

...