Жаңа жыл – 2016. Жұлдызжорамал: Сарышаян
Сіз әртүрлі шытырман оқиғадан жол тауып, жылдам әрі дұрыс шешім қабылдау қабілетіне иесіз. Ал дәл күйзеліске түсіп, түсініспеушіліктер орын алған кезде өзіңіз білмейтін дарыныңызды сыртқа шығарып, мінезіңізді көрсете аласыз. Шаяндар қауіп төнген кезде артқа шегінбей, бірден қақтығысуға дайын тұрады. Олар мақсатын жүзеге асыру үшін кез келген әдісті қолдануға дайын. Сондай-ақ, экстремалды спорт түрлеріне қызығушылық танытады.
Келер жылдан не күтеміз?
Достарыңызбен көбірек араласуға мүмкіндік туады. Өзіңіздің біреуді сендіре алу қабілетіңіз бар екенін сезінесіз. Дегенмен әртүрлі келеңсіздіктен аулақ болуға тырысыңыз. Себебі шаян қоғамдағы бұрыс әрекеттерге ашумен қарайды. Достарыңызға барынша төзімді болуға тырысыңыз.
Махаббат
Жүректің түбінде назардан тыс қалған сезімдер оянады. Жыл басында махаббаттың алғашқы ләззаты сынды сезімдер қайта оралады. Ал жыл ортасына келіп, махаббат сынақтары жолыңызды кеспек. Қызғану, өзара түсініспеушілік болған кезде ашумен шешім қабылдамай, барынша төзіммен қарауға тырысыңыз.
Ақша мәселесі
Өткен жылдан қалып қойған барлық қарызыңыздан құтылыңыз. Несиеңіз болса, толығымен жауып тастаңыз. Қаржылық әл-ауқатыңызды көтеру мүмкіндігін беретін жаңа жобаларды бастаудан тартынбаңыз. Ал жыл ортасында біршама қиындық туындайды. Дегенмен өз күшіңізге сеніп, еңбек етуден тайынбасаңыз мәселенің барлығы оңай шешімін табатыны анық.
Қызмет
Шаяндарға 2016 жыл әртүрлі өзгеріс алып келеді. Жұмыс бабымен төмендеуіңіз, тіпті, жұмыстан шығып кетуі ықтималдығы жоғары. Дегенмен жағдайды бақылауға алып, оң шешімдерін таба аласыз. Бастысы тағдырдың соққыларына төтеп бере білу керек.
Денсаулық
Жыл басынан тауды арқалаған Толағайдай күшті сезіне бастайсыз. Оптимистік көзқарас денсаулықтың нығаюына да ықпал етеді. Тек салауатты өмір салтын ұстану арқылы қарапайым тұмауды болдырмауға болады.
Жаңа жыл–2016. Жұлдызжорамал: Бикеш
Келер жылға үлкен үміт артқан Бикештер мақсатқа жету үшін нар тәуекелге баруы мүмкін. Несие, алым-берім деген секілді қаржылық мәселелер оңтайланып шешілуі де ғажап емес. Алаяқтардан алыс жүрген абзал. Олар "қой терісін жамылып жүрген" болуы керек.
Келер жылдан не күтеді?
Бикештер үшін 2016 жыл өз мүмкіндіктерін дәлелдейтін жыл. Ірі жобаларды іске асырып, рухани әрі зияткерлік танымын кеңейте алады. Кейбір Бикештер үшін жұмыс барысында таныс адамдар болашақта өмірлік серігіне айналуы мүмкін.
Ақша мәселесі
Физикалық, эмоционалдық, психологиялық ахуалыңыз бұл жылы бір ағыста болады. Жанұяға көп көңіл бөліп, туғандарға қолқанат болуыңыз керек. Үйдегі жауапкершілік сізге артылып, жылжымайтын мүлікке қатысты мәселелерді сізге шешуге тура келеді. Жауапкершіліктің салмағы сізге үлкен ауыртпалық туғызуы мүмкін. Келер жыл Бикештер үшін өткен қателіктерді түзеп, мәселелерді шешуге оңтайлы жыл болмақ. Ақша мәселесімен ешкімге тәуелді болмас үшін үнемдеген дұрыс. Алаяқтардан сақ болу керек.
Махаббат
Махаббатта Бикештердің жолы ашылады. Алғашқы жартыжылдық ғашық Бикештер үшін керемет шақ болмақ. Барлық кикілжің ашық әрі еркін сөйлескенде ғана шешілетінін есте ұстаған жөн. Ал екінші жартыжылдықта Бикештердің махаббаттары сыналуы мүмкін. Жұбы табылған Бикештер үшін де, жұбын іздеп жүрген Бикештер үшін де бұл жыл сезімге толы болмақ.
Қызмет
Бұл жылы Бикештердің қызметі, жұмысқа деген ниеті арта түсіп, мақсатқа жетуге асығады. Бәріне үлгеріп, ептілік танытып, жоспарларын орындап жүреді. Жыл басында құрылған жоспар жыл соңына дейін орындалады, әрине, еңбек еткенде ғана.
Денсаулық
Күйзелістен қашу керек. Себебі күйзеліс олардың денсаулығына, жүйке жүйесіне, психологиясына әсер етеді. Қызметтегі, жанұядағы барлық мәселені оңай шешсе, денсаулығы да бірқалыпты болары сөзсіз.
Жаңа жыл – 2016. Жұлдызжорамал: Мерген
Мергендер болашаққа деген сенімі мол, ашық және жарқын мінезді жандар. Олар саяхаттағанды ұнатады. Өмірге философиялық көзқараспен қарап, өз білімімен басқалармен бөлісуді жөн көреді.
Мергендер жас кездерінен бастап алдарына мақсат қойып, оны қатаң түрде сақтанады. Олар жаңа немесе тың дүниелерге кезіксе, қызықтап, шешімін тапқанша тыным таппай ізденеді. Мергендер үшін әділдік бірінші орында болғандықтан, көп жағдайларда турашыл болып келеді.
Келер жылдан не күтеміз?
Мергендердің ішкі дүниесінде толықтай өзгерістер болады. Мергендердің өзін-өзі бағалауы жоғарылап, сенімділіктері арта түседі. Осы қасиеттер қиын жағдайларды шешуде көмектеседі. Жұлдыздар мергендерге жаңа жұмысқа бірден кірісулеріне қарсы. Керісінше, барлық жұмысты жай, мұқият және нақты жоспар құру арқылы орындаған жөн. Мергендерді қызықты саяхаттар және жаңа таныстар күтіп тұр.
Махаббат
Жалғыз басты мергендер үшін 2016 жылда өз тағдырын кездестіруге мүмкіндік туып тұр. Бірақ мергендер отбасын құру туралы ұзақ ойланады. Егер сүйіктіңізбен сөзге келіп қалсаңыз, арақатынасыңыз суып кету қаупі бар. Сондықтан сөзіңізге абай болып, сабырлық сақтауға тырысыңыз.
Ақша мәселесі
Мергендер жылдың басынан бастап жаңа кіріс көздерін іздейді. Алда жаңа жобалар кездесуі мүмкін. Егер сіз басқарушы қызметті армандап жүрсеңіз, сізге осы жылда сәті түсіп тұр. Мергендер іске зейінмен кіріссе, өздері күтпеген нәтижелерге қол жеткізеді. Қаржы мәселесі бірнеше есеге дейін көбеюі мүмкін. 2016 жыл мергендер үшін саудамен айналысатын сәтті жыл болмақ. Жылдың ортасында ақша мәселесінде қиындықтар тумас үшін құжаттар жұмысына мән берген жөн. Бұл жұмысты тәжірибелі және арнайы мамандарға тапсырыңыз.
Қызмет
Мергендер үшін қызмет бірінші орында болады. Бөгде адамдарды өзіңізге тым жақындатпаңыз және олармен шығармашылық ойларыңызбен бөліспеуге тырысыңыз. Жиі-жиі басшылықпен ақылдасыңыз. Ойларыңызды және жаңа идеяларыңызды басшылыққа нақты түрде жеткізіңіз. Жаңа бағытта жұмыс істеуіңіз мүмкін.
Денсаулық
Мергендер үшін 2016 жыл тамақтануына аса мән беретін жыл болып тұр. Мергендердің көбісі тойып тамақтанғанды ұнатады, ол асқазанның ауыруына себепші болмақ. Мергендердің жауы - асқазан ауруы және ұйқысыздық. Дәрілермен емделіп қана қоймай, ағзаңыздың қалпына келуіне мүмкіндік беріңіз. Дұрыс тамақтану тәртібін бекітіп, таза ауада серуендеуге көп уақыт бөліңіз.
Жаңа жыл – 2016. Жұлдызжорамал: Шаян
Жұлдыздар келер жылы Шаяндарға материалдық жағдайларын түзеуге жақсы мүмкіндік түсіп отыр дейді. 2016 жыл сіз үшін қандай болмақ? Назарларыңызға Шаян белгісінің 2016 жылғы нұсқасын ұсынамыз.
Келер жылдан не күтеміз?
Бұл жыл сіз үшін қызықты әрі сан қырлы болады. Бойыңыздағы сенімсіздік пен қобалжудың болуына қарамастан, барлығы ойдағыдай жүзеге асады. Жұмысыңыз да жүреді. Сол себепті уақытты жұмысқа жұмсағаныңыз жөн. Ол барлығының орнын толтырады. Тап осы жылы Шаяндар өздерінің жақындары мен достарынан қолдау алады. 2016 жыл – Шаяндардың материалдық жағдайын жақсартатын жыл. Олар өздерінің бұл идесына құныққандары соншалық, тіпті, кей адаммен сөзге де келіп қалулары мүмкін. Сондықтан, алдымен, қандай да бір шешім қабылдар алдында жеті рет өлшеп бір рет кескендеріңіз абзал.
Махаббат
2016 жыл отбасылы жандарға жанұя беріктігін нығайту, ал жалғыз адамдарға өз сыңарын табу жылы болады. Бұл жылы шаяндар өздерін кереметтей бақытты сезініп, өздерін өте сабырлы ұстайды. Шаяндар сүйіктісіне тым жоғары талаптар қоймай, кез келген нәрсеге шыдамдылықпен қараулары тиіс. Ойын айтар алдында сөздерін жақсылап саралап, байыппен сөйлегені жөн. Себебі ол сіздің жақыныңыздың көңіліне тиіп қалуы бек мүмкін. Бірақ та ондай сәттер болып тұрғанымен ұзаққа созылмай, жаудың беті қайтып, барлығы қалыпқа түседі.
Ақша мәселесі
Маймыл жылы Шаяндар ерен еңбектерінің арқасында табысқа кенеледі. Қандай жұмыс жасамасын ақша өздігінен келе бастайды. Шаяндар ойға ұшқыр болғандықтан, ақшаны үнемдеп ұстайды. Олар қоршаған ортада болып жатқан жағдайларға байланысты жақсы баға берудің арқасында ақшаны қайда, қайтіп жұмсау керектігін біледі. Мүмкін тығып ұстаған азын-аулақ ақшаларының өзінің кәдесіне жарайтын уақыты келген шығар.
Қызмет
Мансап бойынша барлығы бірқалыпты болады. Жұлдыздар алдағы уақытта сізге тиімді ұсыныстар түседі деп құр бекерге үміттендірмейді. Жұмыс өз бағытымен жүре бермек. Басшылық сізді байқамауы мүмкін, бірақ онда тұрған ештеңе жоқ. Қосымша әурешілікті талап етпейтін жұмыстар бұл жұлдыз иелеріне әбден қолайлы.
Денсаулық
Шаяндардың денсаулықтары күшті болмақ. Дегенмен күтпеген жерден қандай да бір жарақат алып қалулары мүмкін. Сондықтан сақтанып жүргендері дұрыс. Және де жұлдыздар мұздай су ішпеулеріңізге кеңес береді. Өйткені тамағыңызға суық тиіп қалу ықтималдылығы жоғары. Кей сәтте сезімге тым қатты беріліп, осалдық танытулары мүмкін. Тез шаршап қалмас үшін жиі-жиі аз-аздан демалыңыз.
Жаңа жыл–2016. Жұлдызжорамал: Егіздер
Көпшіл болып келетін егіздер үнемі ізденіс үстінде жүреді. Кез келген тақырыпта әңгіме өрбіте алатын олар көмек сұраған жанға қол ұшын созып, сөзімен де демеу көрсете біледі. Олар тез шешім қабылдайды, әр істе тәжірибиесі мол. Егіздер еркіндікті жақсы көреді. Өзгеге қарағанда, өздеріне көбірек сенеді.
Келер жылдан не күтеміз?
«Қолда барда алтынның қадірі жоқ» демекші, сіз көп нәрсені бағалай алмайсыз. Егер уақытында әр нәрсенің қадіріне жете білсеңіз, барлығы өз орнында қалмақ. Келер жылда өміріңізде біршама өзгеріс орын алады. Жұмыс барысында жетістіктер шыңын бағындырып, тасыңыз өрге жылжиды. Алайда достарыңызға шындықты айтамын деп, көңілдеріне қаяу салып жүресіз. Сол себепті мінезіңіздегі кейбір олқылықтарды түзегеніңіз абзал.
Махаббат
Махабатқа салмақты қарағаныңыз жөн. Себебі араласатын ортаңыз ауқымды. Адамдармен тез тіл табысып кететіндіктен те, көптің көңілі алдымен сізге ауады. Таңдау жасамас бұрын "жеті рет өлшеп, бір рет кес" деген нақылды естен шығармаған жөн.
Ақша мәселесі
Егіздер ақша мәселесіне жеңіл қарайды. Алайда ақшаны үнемдеуге бейім. Осы жылы барлық жағынан жолыңыз болады, ақша мәселесінде көп қиындық туындамайды. Ақшаны сақтағанға қарағанда, тиімді жеріне жұмсағаныңыз дұрыс. Себебі бұл жыл сіз үшін өте сәтті болмақ. Жаңа жобаларға жол ашылып, қарбалас жұмысқа қым-қуыт араласып кетесіз.
Қызмет
Өзіңізге есеп беріп үйреніңіз. Қызметтегі адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау мансап жолыңызда үлкен рөл ойнайды, яғни қызметте көтеріле аласыз. Жылдың екінші жартысында жеке өміріңізде өзгерістер болады. Жаңа жұмыс орнына ауысуыңыз да ғажап емес. Бос уақытыңыз жиі бола бермейді. Сол себепті уақытыңызды тиімді пайдалануға кеңес береміз. Бір орында қозғалыссыз тұрып қалмаңыз. Басқалар өрлеп кеткенде, сіз құлдырадыңыз деген сөз. Қызметте төзімді, мықты бола біліңіз.
Денсаулық
Егіздер денсаулығына көп көңіл бөлгені жөн. Оның ішінде алдымен тамақтану тәртібінен бастағаны дұрыс. Себебі егіздердің ең әлсіз тұсы – асқазан мен бүйрек. Асқазаныңызды құртып алмау үшін дұрыс тамақтана біліңіз. Құрамында дәрумені мол, ағзаға пайдалы өнімдерді көп тұтыныңыз. Сіз жұмысыңызға үлкен жауапкершілікпен қарайтын жансыз. Алайда демалыссыз жұмыс сізді қажытып, жүйкеңізге әсер етуі мүмкін. Сол себепті ең басты орынға денсаулықты қойғаныңыз жөн.
Жаңа жыл – 2016. Жұлдызжорамал: Торпақ
Торпақтар өз ісіне мың толғанып кірісіп, соңына дейін шыдамы жетіп аяқтай алатын жандар. Олар үшін жұмыстың тұрақтылығы мен еркіндіктің маңызы жоғары. Өзгелермен жылдам тіл табыса білгенмен, істе жайбарақат қимылдайды.
Бұл жұлдызда дүниеге келгендердің сұлулыққа жаны құмар. Өнер мен қолдан жасалған бұйымдарды жоғары бағалайды. Жауапкершілікті бірінші орынға қоятын торпақтар айналасының сұлу болғанын қалап қана қоймай, өзгеруіне де септігін тигізіп жүреді.
Келер жылдан не күтеміз?
Жұлдызжорамал бойынша торпақтарға 2016 жыл - жағымды жаңалықтар мен тосын сыйларға толы болмақ. Сондай-ақ, торпақтарды қиын сындар да күтіп тұр. Олар үшін күйзеліске ұшырамай, шыдамдылық таныта білу маңызды. Сондықтан да алдағы жылы торпақтардың басты қаруы – шыдамдылық пен сабыр болуы тиіс.
2016 жыл – торпақтар үшін саяхатқа қолайлы жыл болмақ. Әсіресе жылдың алғашқы жартысындағы жолсапарлар ерекше көңіл-күй мен қуаныш сыйлайды.
Махаббат
Шаңырақ көтерген торпақтар үшін 2016 жылы көптеген мәселелердің түйіні оңай шешіледі. Бастысы – сүйген жарыңызға қасарыспағаныңыз абзал. Ал өмірлік серігін кездестірмеген торпақтар үшін бұл жылы жүрек түкпіріндегі сезімге бір ауық ерік беріп, сүйгеніне ғашық сырын айтуға таптырмас уақыттың сәті жетті.
Ақша мәселесі
Торпақтар бірінші кезекте материалдық жағдайын ойлайды. Сондықтан да торпақтар үшін 2016 жылы шығысты азайтқан маңызды. Әсіресе жылдың алғашқы 4 айында ақшаны шашпағандары абзал. Ал жыл соңына қарай күтпеген тосынсый болуы мүмкін. Сондай-ақ, 2016 жылы торпақтарға ірі жобаларды қолға алып, тасын өрге домалатудың сәті келіп тұр.
Қызмет
Торпақтар өз қызметіне көңілі тоятын жандар. Жыл басында жаңа қызмет ұсынса да, олар бас тартуы мүмкін. Себебі олар өз кәсібінің нағыз шебері болуды қалайды. Жыл басында қойған мақсаттарын торпақтар жыл соңына дейін толықтай орындай алады. Ол үшін әзірден жоспарларыңызды дайындап, нақты мақсаттарыңызды ой елегінен өткізе беріңіздер.
Денсаулық
Торпақтар денсаулығына баса мән береді. Десе де жыл басында көңіл-күйіңіз құбылмалы болуы мүмкін. Битке өкпелеп, тоныңызды отқа жаға көрмеңіз. Уақытында тынығып, жұмысқа бар күш-жігеріңізді салып жүрмеңіз. Бауыр мен бүйрек ауруларынан сақтаныңыз. Сондай-ақ алкогольді ішімдіктерден аулақ болыңыз. Бұл ішімдіктер сіздің денсаулығыңызға айтарлықтай зиян келтіреді. Басты байлығыңызды бағалай біліңіз.
Жаңа жыл – 2016. Жұлдызжорамал: Тоқты
Сіз — кез келген жерде және кез келген салада жеңіске жете алатын адамсыз. Шешімді жылдам қабылдап, жаңа жобалармен айналысуды ұнатасыз. Мұнымен қатар, көңіл-күйіңіз жылдам өзгеріп отырады. Күліп отырып жылай салуыңыз да ғажап емес.
Келер жылдан не күтеміз?
Жеке өміріңізде де, мансап жолында да көптеген өзгеріс болады. Күш-қуатыңыз бен белсенділігіңіз екі есе артады.
Махаббат
Көптің арманына айналып, жанкүйерлеріңіз соңыңыздан жүгіретін болады. Олардың арасында өмірлік жарыңыз да болуы мүмкін. Жалғыз жүрген тоқтылар биыл шаңырақ көтеріп, отбасын құрады. Бар уақытын сол отбасына арнайды.
Ақша мәселесі
Барлығы өз қолыңызда. Егер ақшаңызды үнемдеп, оны ақылмен жұмсайтын болсаңыз, барлығы дұрыс болады. Қаржы мәселесінде еш қиналмайсыз. Алайда жаз маусымында қызметте қиындық туындап, басқа жерге кетуіңіз мүмкін. Сондықтан көктем шыға салысымен жаңа жұмыс іздей бергеніңіз жөн.
Қызмет
Егер бұрыннан бері жаңа жұмысқа ауысып, қызметте жоғарылағыңыз келіп жүрген болса, дәл қазір ойыңыздағыны жүзеге асыратын уақыт. Мұнымен қатар, таныстарыңыз бен достарыңыздың арасында сізді көре алмайтын жандар бар екенін ұмытпаңыз. Олар сіз туралы жалған өсек сөз таратуы мүмкін. Сондықтан барынша сақ болыңыз.
Денсаулық
Өкінішке орай, келер жылда денсаулығыңыз нашарлайды. Оған көбірек көңіл бөлуіңізге тура келеді. Күнделікті жаттығу жасап тұруға кеңес береміз.
http://massaget.kz