+1 дауыс
490 көрілді
Баяғының қазақтары киiз үйге есiктi қақпай кiрген дегендi естушi едiм. Осы сөз рас па? Әлде жоқ па? Галамтордан итпен iздеп таба алмадым гой.

7 жауап

+2 дауыс
Үйге дауыстап кірген болар  "Ассалаумағалейкум" немесе "үй иесі бар ма екен" деген сияқты... әй шәй жоқ кіре бермейді ғой..
+4 дауыс
Қазақта бұрынан „Үйге сәлем беру”деген ғұрып сақталған. Мұнда олар үйге кірместен алдын, яғни киіз үйдің есігін ашып „Ассаламуғаликум” деп сәлем берген. Бұл олардың жау емес бәлкім үйге келіп отырған қонақ екенінің де белгісі болған. Қазір де біз жақта үлкен кісілер солай етіп үйге сәлем беріп кіреді. Ағайындарымыздың есікті қағып тұрғандары ыңғайсыз болады екен. Сондықтан болар бұрында қазақтар киіз үйдің есігін қақпағандары))
Ия дұрыс айтасыз, оны шаңыраққа сәлем беру деп айтады
0 дауыс
Терезе қаға салғанды жөн көрген болып тұр ғо.
+1 дауыс
Қазақта есік қақпай кіру деген жоқ сияқты. Өз ойым. Бұрынғы ата -бабамыз киіз үйге жіп керіп қоятын болған. алысқа сапар шексе немесе уйінде ешкім болмаса. сол жіптен аттағанды ұры санайтын. Баланың тұсауын кескенде ала жіпті аттамасын деп ұры болмасын деген мақсатта ала жіп байлап ала жіп кесетін болған.Сондықтан рұқсатсыз кіру болмаған сияқты
есік қақпай кіру мен рұқсатсыз кіру - екі түрлі нәрсе!
+2 дауыс
"Дабырғайлы, ендеше, дабырғайлы, киіз үйдің есігі жабылмайды»  ("Қарғаш-ай" әнінен) деп өлеңдететін қазақпыз ғой… Есігіміз ашық, төріміз сайлаулы. Түн мезгілінде болмаса, киіз үйдің есігі қазақтың айқара ашылған қонақжай құшағындай ашық тұрған деседі.
+1 дауыс
киіз есікті қаққанмен даусы шықпайдығо ))))))))
0 дауыс
Бұрын үңгірде тұрғанда қақпай кіретін болғанғо, киіз үйді білмедім.
...