0 дауыс
1.1k көрілді
Келін және Қыз ғұмыры телехикаялары неге тоқтап қалды?  Әлде қалған бөлімдері  сатып алынбаған ба? Немен аяқталатыны түсініксіздеу болды,сонша жыл көріп, аяқсыз қалғаны бір түрлі екен...
Келiн хикаясы кайта жалгасатын болды.
Сенен біреу сұрап жатыр ма?

18 жауап

+2 дауыс
Үнді сериялдарын телеэкраннан алып тастады!
Қыз ғұмырының орнына Мадхубала басталды ғой.
оныда алып тастайды
+1 дауыс
Қыз ғұмыры бітті. Соңғы бөліміне дейін көрсетті. Орнына Мадхубала басталды. Ал Келін белгісіз себептермен тоқтап қалды. Интернеттен жаңа бөлімдерін көре аласыз. Ол əлі Үнді елінде түсіріліп жатыр.
+6 дауыс
Газеттен оқығаным бойынша Мәдениет министрлігі көрермен үнді сериялын көрсетіле бергенініе наразы болды.Меніңше түгел жойып жіберу керек дұрыс жасады маденет министрлігі.
+1 дауыс
Ақша жоқ шығар, олар қарап отсаң таусылмайды ғой
+1 дауыс
Ескірген болып тұр ғо.
Немесе ес кірген боп тұр)
+4 дауыс
Қайта "Келін" телехикаясының біткеніне өте қуаныштымын. Бір нəрсені сағызша созып, бірнəрсе болып қалса бəрінің түрін айналдырып светтерін ауыстырып кезек-кезек көрсетіп шығады ғой нервқа тиіп. Оның орнына жақсы телехикая басталыпты əйтеуір.
+2 дауыс
Мәссаған әліге дейін қарап жүрсізбе сол сериалды?Үнді сериалдарын алып тастайды деп еді ғой содан шығар.Үнді орнын филиппиндік сериалдар басатын сыңайлы.Үнді,түрік,корейліктерден кейін бұл бір экзотика болатын болды
Хехе~ дәл айттыңыз!
Охо тағыда мәссаған деймін!Бар екенсіз ғой
+1 дауыс
Үнді фильмдері ұзақ созылды, жалыққан болу керек. Басқа фильмдерді де көрсету керек. Немен аяқталатыны белгісіз болғаны дұрыс болмады.
Егер оны немен аяқталатынын көрсетсе онда сағызша созылып жібередіғой.
мен өз пікірімді алғашқы сұрақтың соңына қостым...
+2 дауыс
Кейін филиппин киноларынан жалығатын кезіміз болады әлі,ен алғаш қыз ғұмырын көргенде наркотик едіғой,көре беретін едім.Ең жақсы корей сериалдары,солардың арқасында көзіміз ашылды,корея киімдерін модаға айналдырдық.Ан үндіге келер болсақ сериалдары сағыз сияқты созылыңқы,нервім шыдамайды.
+2 дауыс
"Қыз ғұмыры"жынға тие бастады,көрсетпесе тағы қойсын."Фериханың" да мәні кетті,жап-жақсы бастайды,сосын басты кейіпкер қыздар бытпиып,беттерінен с..... шығып,қылт-сылт етіп,жігіттері ата-анасына жау болып қыртқан боп кетеді.
+1 дауыс
Жалпы Үнді сериалдарын жақтап отырған жоқпын. Әйтсе де, олардың өз жақсы не жаман жақтары бар. Тура солай Корея, Бразилия, Филлипин және т.б. сериалдар. "Қыз ғұмыры" маған да соңғы кезде мүлдем ұнамай кетті. Сценарийін жазған адамның фантазиясы таусылған сыңайлы... болмашы нәрселердің барлығын оқиға қылып созып жіберді. Дегенімен де қандай іс, шаруа не көңіл көтеріп көрген сериал болсын аяғына дейін жеткенін қалаймын...

Ал қазақ сериалдары жайындағы ойым: жалпы ойлары жаман емес... Алайда, актерлер ойнау білмейді, қызықтырып, еліктіріп әкетпейді немесе дубляждары сорақы... Өкінішке орай... Сондықтан да шығар Өзбек, Ресей, Үнді, Корея, Мексика, Бразилия сериалдарын сатып аламыз... Жетпегені енді Филлипин сериалдары...
Хех Қыз ғұмыры приколный киноғо сценарийн жазған адам фантазиясы американың фантазиясына жетпиді мысалы Меддидың шоқты басып өтуі мүмкін емес және кішкентай шоқты адам басса жанын қоярға жер таппайды. ))
0 дауыс
Жалпы корей, үнді, түрік телехикаяларын жаксы көрмеймін. Бірақ, Ананди телехикаясы өте жаксы түсірілген деп есептеймін. Қыз тәрбиесі, келін тәрбиесі, үлкенге деген құрмет, жақсылық әрқашанда жеңііп шыгатынын ашып көрсетеді. Үнділердің коп нәрсеге сыйынып, тағзым ете бергені болмаса, философиялық тұрғыдан бағыты дұрыс. Әрі біздің минталитетимізге жақын екені анық. Сондықтан, Ананди телехиикаясының жалғасын коюларыңызды өтініп сұраймын.
Жалған мадениеттің бізге не қажеті бар өтірік киноғо тек біз босқа сатып алып жатырмыз бізге түкке де қажеті жоқ.Айтпақшы Қазақстан филипин сериялдарын сатып алып жатыр.Енді үнді киноларын орнын басатын шығар.Жалпы үндіге қарағанда филипин сериялдары жақсы түсіреді.
0 дауыс
Келін киносының жалғасы Қазақстан арнасынан қайта көрсетілетін болды.
0 дауыс
Қыз ғұмырын қатты сағындым.
0 дауыс
Қыз ғұмырын қатты сағындым.Әсіресе,Митти мен Акашты
...