+1 дауыс
8.4k көрілді
Мәскеу қаласын кім салдырды?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазақша уикипедияда бар ғой бәрі! [сілтеме][1]


  [1]: http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D3%99%D1%81%D0%BA%D0%B5%D1%83
Москва жөніндегі ең алғашқы дерек Ипатьев жылнамасында кездеседі. 1147 жылғы сәуірдегі жазбада князь Юрий Долгорукийдің Чернигов-Северск князі Святослав Ольговичті өз мекеніне, “Московқа” кеңес өткізу үшін шақырғаны баяндалады. Осы жыл (1147) Москваның іргесі қаланған мерзім болып есептеледі. Москваның өсуіне, жетекші рөл атқаруына оның тұрған жері (орыс халқының қалыптасуына ықпал еткен ортталық, сауда жолдарының торабы) себеп болды. 15 – 16 ғасырларда Москва саудамен, қолөнермен айналысатын ірі қалаға айналып. Біртіндеп бүкіл орыс жерінің мәдени орт. бола бастады. Кремль, Покров соборы (Василий Блаженный), т. б. салынды. Москвада орыстың кітап басу өнері дами бастады. 1607 – 12 жылы поляк-литван интервенттері Москваны басып алды. Оларға қарсы К.Минин мен Д. Пожарский бастаған азаттық күрес орыс халқының жеңісімен аяқталды. Бірте-бірте Москва бүкіл ресейлік нарықтық орталыққа айналып, Еуропа, Азия көпестерінің назарын аударды. 1678 жылы славян-грек-латын академиясы ашылды. Москва тұрғындары И.Болотников бастаған шаруалар соғысына, 17 ғасырдағы көтерілістерге (1648 жылы “Тұз бүлігі”, 1662 жылы – “Мыс бүлігі”, 1682 жылы “Хованщина”) белсене қатысты.
Москва 19 ғасыр мен 20 ғасырдың бас кезінде Ресейдегі революция күрестің басты орталықтарының бірі болды.
1935 жылы 10 шілдеде Кеңес үкіметі Москваны көркейтудің бас жоспарын қабылдау жөнінде арнайы қаулы шығарды, сол жылы метро пайдалануға берілді.
1941 жылы Москва түбінде неміс-фашист әскерлеріне алғаш күйрете соққы берілді. (қала Москва шайқасы).
1945 жылы 24 маусымда Москвадағы Қызыл алаңда жеңіс шеруі болып өтті.
1947 жылы Москваның 800 жылдық, 1997 жылы 850 жылдық мерейтойлары атап өтілді.
0 дауыс
помоему өзбектер или тәжіктер. қысқасы гастрабайтерлер
0 дауыс

ЮРИЙ ДОЛГОРУКИЙ

...